Қазақстанның ашық кітапханасы
208
ЗЕНЬКОВСКИЙ СЕРЖА.
РЕСЕЙДЕГІ ПАНТЮРКИЗМ ЖӘНЕ ИСЛАМ
Бесінші тарау
ҚАЗАҚ МӘСЕЛЕСІ
Татарлар мен қазақтар арасындағы байланыс тіл мен дін жағынан байқалғанымен,
олардың экономикалық және әлеуметтік дамуындағы ұқсастық 1905 жылға дейін шамалы
болатын еді. Соңғы көшпелі татарлардың өздерінің де отырықшы шаруалар мен қала
тұрғындарына айналғанына да бірнеше ғасыр болыпты, ал қазақтар болса өздерінің
шығыс көршілері қырғыздар сияқты XIX ғасырдың соңына дейін көшпелі тұрмыстың
мәдениеті мен салттарын сақтап қалған. Иран, Ресей және Қытай мәдениетінің
орталығынан алшақ жерлерді кезіп, көшіп-қонып жүрген олардың өз тілдерін шетел
әсерінен сақтауға, татар, башқұрт, өзбектерге қарағанда ислам дінінің ықпалында болуға
мүмкіндіктері азырақ болды.
Қазақтардың көшпеліліктен отырықшылыққа көшуі тек қана XIX ғасырдың соңғы
онжылдығында басталды, оның өзінде де шеткі аумақтар, Ресейдің отарына енген
солтүстіктегі және өзбектерге бағынған оңтүстіктегі аймақтар болатын еді. Даланың
басым бөлігі көшпелі экономиканың ықпалында болып қала береді. 1897 жылдың
статистикасы бойынша 4 миллион тұрғыны бар көшпенділер қазіргі Қазақстан мен
Қырғызстанның ұлан-байтақ аумағын мекен еткен. Қазақтар сахарада Жайық өзенінен
бастап Алтай тауларындағы Қытай шекарасына дейін көшіп-қонып жүрсе, қырғыздар
Тянь-Шань тауларының етегі мен оңтүстік Жетісу алқабын мекендеген. Қазақстанның
географиясына келетін болсақ, оның ерекшелігі — халықтары солтүстік және шығыс
шекаралары бойында шоғырланғанында. Орталық, оңтүстік және батыс бөліктері құрғақ
болғандықтан, Үстірт, Қызылқұм, Балқаш аймақтарын мекендеген қазақ көшпенділері
Өзбекстан мен Түркіменстанның көгал аумақтарын мен Сырдария өзенінің бойын
мекендеген қазақ егіншілерінен оқшау болған.
Ресейге қосылғанға дейін қазақ даласы Алтын Орда дәуірінің соңы, шамамен XV ғ. соңы
мен XVIII ғ. басында қалыптасқан үш саяси топқа бөлінген (жүздер, ордалар). Жүз
дегеніміз — рулық қоғамнан құрылған өз аумағы бар саяси және географиялық аймақ.
Шығысты мекендеуші «Ұлы» жүз немесе Ұлы Орда, орыстардың атауы бойынша, Жетісу
аймағын Тянь-Шань тауларының, Балқаш өзенінің, қазіргі Қытай шекарасы мен Алтай
тауларының аралықтарын мекен еткен. Қазақ даласының орталық бөлігінде, Сырдария
мен Тобыл, Есіл өзендерінің аралығын, Сібір ормандары маңында «орта » жүз немесе
Орта Орда орналасқан. 1771 жылы Жайық қалмақтары Шыңжаңға қоныс аударылған соң,
орыс өкіметі бұл жерге Жайық пен Орал өзендерінің аралығына Кіші Орданың жарты
бөлігін қоныстандырды. Кіші Орданың бұл бөлігі бізге Бөкей Ордасы деген атаумен
белгілі.
ҚАЗАҚТАРДЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫ
Қазақтардың Ресей империясына жүйелі қосылуы екі ғасырға созылған үдеріс болды. Ол
XVII ғасырдың басында орыстардың Сібірді жаулап алып, казак даласына бірінші рет
енгендерінен бастап, XIX ғасырдың ортасында Хиуа мен Бұқарадағы Өзбек хандығын
орыстардың басып алғанына дейін созылды. 1726 жылы казак ханы Әбілқайыр, сөз
жүзінде қазақтардың ханы деп аталғанымен, негізінде оның билігі тек Кіші Ордаға ғана
жүрген.
Кіші
Орда
қазақтары
моңғолдардың
(жоңғарлардың.ред.)
жаңа
шапқыншылықтарынан қорғаныс іздеп, Ресей өкіметінен өздерін қол астына алуын