Page 207 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
207
айтуға мүмкіндік беретін заңдарды тануға әкеледі. Мен бұл міндетті барлық тарихи
уақиғаларды қарапайым бөлшектердің әрекеттеріне болу арқылы ғана шешуге болатынын
дәлелдедім; шын мәніндегі күрделі тарихи процесс құрылымдары үшін — заңдардың
реалды күшін тану үшін — нағыз заңдардың болуы мүмкін емес; және сондықтан қатаң
мағынадағы тарихи заң түсінігі қайшылықты. Егер әдетте бұл атаумен аталатын нәрсе —
шын мәнінде тек фактілер, кездейсоқ материалға заңдарды қолдану нәтижелері, бірақ
заңдардың өзі емес болса, онда бәрібір мұндай алдын ала алынған заңдарды бірте-бірте
индукциялық және анализдік зерттеулер арқылы нағыз күштерді және қарапайым тарихи
элементтер мен олардың заңдарын тануға жақындауға қол жетеді. Бірақ философиялық
көзқарас тұрғысынан бұл — алғашқы жалпы ережелерден және алдын ала жасалған
түйіндерден, дәл танымды даярлаудан және антиципациялаудан біздің жалпы
қаншалықты философиялық ойдың мәнін мойындауға ұмтылуымыз. Әрине, тарих
заңдарын табуға деген ұмтылыс қаншалықты тарихты анықтаушы заңдар дегеніміз
ғарыштық шеңбердің сегменті болып табылатын тарихтың ерекше заңдары емес
болғасын,
өзімізді
соншалықты алдау болып табылады. Дегенмен, тарих
құбылыстарындағы ала-құлалық пен кездейсоқтығы алдын ала жасалған бағыттау
есебінде және шын әрекет етуші заңдарды танудың алғашқы кезеңі ретінде, олардың
тіршілік етуге, әрине, толық құқы бар. Және, ақырында, бұл іс философиялық құралдар
арқылы абсолютке деген қатынасты танудың қамы, тарихи болмыстың мақсаты мен
мағынасы, яғни тарихты эмпирикалық зерттеудегі тарих философиясының теориялық-
танымдық міндеті ненің барлығын фактілікпен анықтап, элемент есебінде дәлелдеу. Ал,
осыған байланысты біздің көргеніміз, кез келген метафизикалық, этикалық және
эстетикалық әуендерге (Тгiebe) негізделген эмпирика-үстіндегі құрылыс, сезімдік
деректерді түсіндіру мақсатында жасалысымен ештеңеге әкеле алмады. Тарихи фактілерді
психологиялық тәржімалау, және тарих мазмұнының өзін құратындар да, руханияттылық
деп есептелетін нәрсе арқылы сезімдік деректерді түсіндіру екендігінен басқа ештеңе емес
екендігіне қарсылық айту оп-оңай. Бірақ егерде, біз көргендей, тарихи тұлғалардың
болжамдалған саналық актілері, танушының санасында дәл және тікелей шағылыспаған
болса, онда біз қандай да бір формада өзімізде қайта сезіне алмасақ, біз ешқашанда
олардың сыртқы іс-қимылдарын психологиялық құбылыстармен түсіндіре алмаған болар
едік, біздің танымның соңғы тәсіліне сүйенуге шындығында ешбір құқымыз болмаған
болар еді. Бірақ бұл кез келген тарихты түсінудің субъективтік қайталана алуы біздер
үшін, сырттан тікелей көрінетін қылықтардың астарына бұған дейін қайта анықталған
қатардың иесі және меңгерушісі есебінде рухани ұстаным койылатын жерде емес, ол
қатарға тек ойлар, тілектер және сезімдер қатары қойылатын жерде ғана, мүмкін. Осындай
ұстанымға сәйкес түсіндірудің мазмұнын біз, оның түсіндіруі тиіс реалдылықтың өзінен
ғана алатын болғандықтан, ондай эмпирикалық деректерді түсіндірудің әрбір талпынысы
күйрейді. Біздіңше, метафизика, шындықты тануға қызмет етпейтін жерде үлкен
құқықпен қолданылатындай; метафизикалық түсініктердің мағынасы, кез келген
теориялық
сұрақтардан
тәуелсіз
болған
жерде,
мағынасы
спекулятивтік
қызығушылықтардан немесе pyx қажеттілігінен туындаған жерде, оларды тарихи
дамулардың негізінде дәлелдеу талпыныстарына қарсы еш қарсылық білдіруге болмайды.
Бұл жерде, өз шегінен тыс жерде мағынасы жоқ және ол туралы ғылыми түсінікке
енбейтін, тек символдық тәржімалар және шындықтың мағыналары туралы іс болып отыр.
[129] Оларды өтірік деуге болмайды, себебі олар таным емес, ақиқаттық және жалғандық
альтернативасынан
тыс
тұратын,
психологиялық
фактілер
есебіндегі,
қызығушылықтардың көрінісі.
Тәржімалаған
Сапар Оспанов