Қазақстанның ашық кітапханасы
206
бірақ қандай да бір объективтік құрамдас бөліктің және белгілі субъективтіктің бірлігі
туралы болып жатқан сөз, сол туралы ойдың мағынасы деп қарауға болмайды; ол
толығымен жалғыз және, әрқайсысы оған белгілі бір деңгейге дейін жеткілікті болып
табылатын субъективтілік пен объективтілік категорияларының арасында кейіннен ғана
болатын пікірлер анықтайды. Тарих барысының белгілі бір мақсатқа бағытталатыны, бұл
мақсаттың біздер үшін құпия және, оны тек шамамен, адам мақсаттарының құрылысына
ұқсас түрде елестетуге болатыны, өз әрекетімен бұл ағымның механизмін қозғалысқа
келтіретіні туралы түсініктерді сипаттау тарих ғылымының ісі болып табылады, мұндай
түсінік әрине, адам ойы тұрғысынан, тек соңғының (тарих ғылымының) қосымшасы,
онымен салыстырғанда субъективтік сияқты болып табылатын қосымша, бірақ соның
нәтижелеріне қойылады және солардың негізінде мүмкін немесе мүмкін емес деп
есептеледі. Мақсаттық көзқарас, әрине, тарихтың өзінде жоқ бірдеңеден бірдеңе жасайды,
бірақ ол оны өз еркімен игере алмайды, ал түпкі мақсат қойылғаннан кейін, әрқашанда,
дәлелдеу мен оны жүзеге асыру үшін фактілерімен байланысты болып қалады. <...>
[125-126] Біздің бұған дейін баяндағандарымыздың бәрінің желісіндей ақырғы принциптік
пункттерімізді, біздің ойларымыздың айқындығы үшін бірнеше сөздермен жүйе түрінде
белгілейік. Тарих философиясы, тарих түсінігінің екіжақты мағынасына сәйкес, өзінің
алдында тұрған екі түрлі міндеттерін көреді: біз оларды, бір жағынан, адамзат тағдырлары
ғылыми түсіну пен баяндау, екіншіден, оның ғылыми тану формасына қарамай,
уақиғалардың өздерін өздігінше алынған мазмұн, деп белгілейміз. Бұл түсініктің бірінші
мағынасында, тарихтың бұған дейін баяндалған жағдайында, философия міндеті — таза
теориялық-танымдық: бұл жерде сол фактілердің өздерін емес, олардың танымын зерттеу;
болмыс емес, түсінік оның объектісі болып табылады; зерттеудің өзі фактілердегі
ешнәрсені өзгерте алмайтыны сияқты, ол бұл жерде фактілерге бағытталған зерттеу
барысының да ешнәрсесін өзгерте алмайды. Алайда ол, баяндаудың қанша әдістері,
тарихты таза эмпирикалық зерттеуге, шамамен, тән болып табылатын, ал басқа
жағдайларда философиялық деп аталатынын көрсете алады. Бір( дәлелдеудің бір бөлігі —
жалпы таным теориясының ісі: себептілік және субстанционалдық категориялары,
ойлаудың жалпы формалары мен барлық болып жатқандар туралы пайымдау, басқа
мазмұндар үшін қаншалықты мағыналы болса, тарихи мазмұн үшін де артық та емес, кем
де емес, соншалықты болады. Тарих философиясының арнайы объектісі, біріншіден,
тарихты баяндаудағы психологиялық интерпетацияға және инетрполяцияға нұсқау
(Nachweis). Ол, сыртқы және ішкі процесті (Geschehen) біріктірудің алғышарттарына, ал
соңғының және, тарихи қатардың түсініктілігін және үздіксіздігін көрсететін
алғышарттардың дара өзіне, өз мазмұны жағынан жартылай эмпирикалық, жартылай
эмпирикадан-жоғары, ал өзінің функциясы априорлы, алғышарттарға нұсқауы керек.
Екіншіден, метафизикалық түсініктерді, психологиялық сияқты жеке мазмұндардан емес,
әрине, істердің, формалардың және құндылықтардың бәрінің жиынтығына қатысы бар
тенденцияны тарихи зерттеуден тікелей шығару керек. Бұл жерде мен жасалынатын
тарихи танымдарда зерттеуді анықтайтын құбылыс емес, құбылыстар деген түсінікке
сәйкес, философияны ең алдымен тек эмпирикалық статистикадан анықтау керек; ал
сосын, тарих міндеттерінде мұны қаншалықты материалдық (sachlich) және
психологиялық зерттеген дәлелді, деп айтар едім.
[126-127-128] Бұл сондықтан философия мен тарихтың проблемаларының екінші
категориясына өтуді құрайды; ол философиялық ойды тарих мазмұнының өзіне
қолдануды, соған байланысты фактілік танымға ие болу талабын қамтиды. Бұл жерде де
екі түрлі және әр түрлі құндылығы бар міндеттерді айыру қажет. Бұл жерде, ең басты
болып отырған іс, тарих заңдарын ашу, бізді шексіз қашық мақсатқа: даму пунктінің әрбір
нақтылы уақыты немесе кеңістігінде жалғасудың негізінде толық сенімділікпен алдын ала