Page 205 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
205
мақсатының нәтижесі деп танып, оның жеке мүшелерін өзге еш нәрседен шығармай-ақ,
оларды бұрынғының потенциалдық күштері, соған дейін өсіп жеткен механика
заңдарының күші деп қабылдау қажет. Тіпті, практикалық мақсаттар өмірге білімді жалпы
алып келген жерде де, мысалы, техникалық ғылымдарда да, біздің олардың практикалық
нәтижелерін пайдалануымыз, бұрынғы жәй ғана себептік процестердің өздерінің өзінше
(an und fur sich) сақталуына қосымша ғана болады; олар, а жағдайы берілген кезде ғана b
салдар есебінде болады және онан артық ештеңе емес дегенді көрсетеді. Біздің b
мақсатымыз болса деп тілегеніміз барлық таным процесінің психологиялық мажорлық
тоны есебіндегі қоштаушысы болады, бірақ біз оларды мұндай мақсат тұрғысынан
іздемеген жағдайдағыдай, оның материалдық нәтижесі ешбір өзгеріссіз болған болар еді.
Және, соныменен, біз нақ бір ағымды, нақ бір мақсаттылықты, басқалардың барлығы сол
сәт үшін болатынындай етіп баса көрсетсек те, тарих оларды тәуелсіз бейтарап етіп
көрсетеді.
Жанның
жекешеленуінің
немесе
олардың
айырмашылықтарының
жойылуының, құдайдың үстемдігінің немесе антихристықтың, ақылдылықтың немесе
жігерліліктің формаларынсыз ешбір әрекет етпейтін күштер, өздігінше болғандай етіліп
сипатталатын болса ғана, зерттеудің дәл мазмұнының құрылатындығы — тарихи зерттеу
үшін мақсат деу қажет пе, жоқ па, бәрі бір бейтарап нәрсе.
[91-92] Өзінің белгілі бір жақындығына қарамастан, категориялықтардың үшінші тобымен
сәйкес келмейтін, тарихи мазмұнды субъективтік рухпен қамту, оның ақиқаттығынан
ешбір ауытқымайды. Әлемдік уақиғалар ағымы ұмтылатын жалпы мақсаттардың өздері,
жұрттың ойынша, белгілі бір құндылық болып табылады; осы күйлерді шынында да
тарихтың езі туындататынына көңіл аудармай, олардың өздері құндылық, олар солай
пайда болған болуы керек сияқты ойлайды; олар жәй ғана жүзеге асырылмайды, сонымен
бірге олар жүзеге асыруға тұрарлық. Не нәрсе тарих құндылығы деп анықталып, сонымен
бірге көп жағдайда оның мақсатына сәйкес келсе де, бұларды байланыстыру ешбір
жағдайда да міндетті емес. Әлемдік уақиғалардың объективтік жүрісі имманенттік және
трансценденттік күш қойған белгілі бір мақсатқа бағытталады деп үлкен ықыласпен
жорамалдауға болады, алайда бұның өзі құндылық деген сенім, осы мақсаттан емес, осы
жолдың белгілі бір кезеңдік пунктінде туындайды. Бұл сезім тарихтың шексіз көп
пункттерінде көріне алады, шексіз рет бізге барлық қасіреттік және теріс әсерлік
қасиеттерімен, осы іс-әрекеттер үшін, осы сезім үшін, тарихтың барлық аппаратын
қозғалысқа келтіруге тұрарлық еді, деп айта алады, ал мұнымен қатар біздің сеніміміз
бойынша, тарихи құралдар механизмі, бұл сәттер үшін емес, алаңсыз өзге, келешек немесе
ірірек (umfassender-еп) мақсаттар үшін істейді. Біз мұнан әрі тарих ағымының объективтік
мақсаттылығын тамашалап қабылдасақ та, сонымен қатар оның ешбір құны да жоқ дей
аламыз, дегенмен дүние, бар мүмкіндігінше, салыстырмалы алғанда, жақсы және
мақсатты, бірақ абсолюттік мағынада алсақ, ол өте нашар және құндылық жағынан
нольден жоғары емес. Ақырында, тарихи фактілердің (Dinge) қандай да бір
мақсаттылығын жоққа шығарсақ та, сонымен бірге ананың немесе мынаның, олардың
жиынтығының бар екендігінің өзі өте жақсылық деп есептеуге болады. Қысқаша айтқанда,
бағалау жағдайы мақсаттың қойылуына кездейсоқтық болады. Егер соңғы да тарихи
процестің реалдылығына қосылатын субъективтік категория болып шықса, онда тек
бірінші субъективтіліктің ен жоғарғы дәрежесі болып табылады; онымен салыстырғанда
тарихтың теологиялық ағымы объективтік тәрізді көрінеді.
[92-93] Осыдан, біз объективтілік деп атайтын, біздің әлемдік бейненің құрамдас бөліктері
мен біздің субъективтік деп атайтындардың араларында ешбір абсолюттік айырмашылық
жоқ екені, бірақ олардың арасында аралық сатылар құрылатыны толық айқын. Танымда
субъективтіліктің сатылары бар және оның әрбір сатысы, сонымен бірге объективтікке де
сондай болып табылады, мұндай саты, керісінше, алынған субъективтікке сәйкес келеді;