Page 204 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
204
[88-89] Басқа жағдайларда байланыстырушы элементтер деп есептелгенімен, ғылыми
дәлелдеу әдістерінен шығып кететін бұл тектес сұрақтар, меніңше, екі түрлі категорияға
топтастырылады, оның екіншісі өз орайында тағы да басқа үшеуінен тұрады. Бір жағынан,
кез келген тарихтың, кез келген құбылыстың сыртында жалпы өзіндік зат сияқты болып
табылатын, жалпы абсолюттік реалдылық туралы сұрақ қоюға болады; бұл жердегі іс, кем
дегенде, құбылыстар қатарының сыртында болатын болмыстың болуы немесе болмауы
туралы болып отыр; бұл олармен пантеистік бірлікте зерделене ме, немесе тезистік
тұрғыдан оған қарсы қойыла ма, немесе материалистік тұрғыдан терістеле ме — мұның
бәрі негізінен материалдық жағдаяттар; формалды түрде бұл метафизикалық жорамалдар
қатарының ерекшеленуі, бұл жорамалдардың тарихтың тұтастығы мен онан тыс болатын
белгілі бір ұстанымның арасында болатын қатынастар туралы айтылуында. Бірақ,
екіншіден, тарихтағы уақиғаларға субъективтік тұрғыдан енгізілген арнайы және жекеше
категориялары тұрғысынан зерттеуге болады; бұл жердегі іс, ендігі жерде тарихтің
имманенттік мазмұнына қатысты, бірақ тек бақылайтын рух тарапынан зерделенетін және
бұл мазмұнның ештеңесі өзгермейтін шындығын тәржімалау (Beleuchtungen) туралы
болып отыр. Бұл жерде үш текті категориялар бар. Біріншіден, біз тарихи уақиғаларды
іштей байланысты тұтастық есебінде қарастырамыз ба, немесе олардың бөліктерін
танығанға ырза боламыз ба, оларды жеке әрекеттік күштерге байланысты немесе,
бастапқы жалпы ұрықтың дамуы есебінде түсінеміз бе деген сияқты және т. б.
мәселелерге сәйкес келетін жалпы ұғымдардың мәселесін қоюға болады. Мұның бәрі
уақиғалардың ағымын және оның жеке заңдарын өзгертусіз қалдыратындықтан, өзара
сәйкес тарихи шындықтарда, олар туралы өте әр түрлі жауаптар мен оның мазмұны
туралы өте әр түрлі бағалар орын ала алатын болады. Бұл болжамдар тарих шындығының
ағымынан тыс еш нәрсемен де байланыссыз, тарихтың жаратушының бағыттауымен
болатыны туралы қандай да бір жорамал жасайды; оның оған тән болғанымен, оның
ештеңесін өзгертпейтіндігі, сәулелік эфирдің салмақты денелерден өткен кезде ондағы
қозғалыстарға ешбір эсер етпейтіні сондай — олардың күйі онда ол мүлде болмаса да,
бола беретіндігі сияқты.
[89-90-91] Екіншіден, тарихтың мақсатын анықтаумен байланысты іс те осындай
жағдайда. Оның бізге берген себептік қатарын біз телеологиялыққа айналдыра аламыз,
және де, ескеретін нәрсе — мұнан бұл қатар өзінің мазмұнын ешбір өзгертпейді. Егер біз
олардың бірін мақсат деп, онан бұрынғыларды сол үшін болды деп есептеген кезде де, бір
жағдайды басқалармен байланыстыратын реалды салдарлар іс жүзінде солай қала береді.
Егер, мысалы, біздер үшін кез келген тарихи мәністің (Wesens) түпкі мақсаты
индивидуалдықтың қалыптасуы болса, онда оған қол жеткендіктің немесе жетпегендіктің
критерийі, тек тәжірибелік жолмен қол жеткен және оның себебі, біз көргеннен артық та,
кем де болмайтын және басқа жаққа да бағытталмайтын реалды күштер болып табылады,
егер оның үстіне, фактілерді анықтау жұмысында оны біз құрал есебінде де қабылдасақ,
ондайда біз болжаған мақсатты ішкі және өзінен-өзі шындыққа асады деп мойындаймыз
ба, немесе оны жаратушының алдын ала жазмыштық күшімен жаралған деп танимыз ба,
олардың бәрінің айырмашылығы болмайды. Өйткені кез келген мақсат құралдардың бүтін
механизмімен жүзеге аса алады; тек осы механизмдің өзін ғана сипаттау тарих
ғылымының міндетін құрайды. Акырғы кезеңнің антиципациясы, кез келген бұрынғы
кезеңде болғанның ақырғыға қатынасы аралық мүшелердің тізбегі арқылы өтетіндіктен,
телеологиялық көзқарастың негізінде жатады, фактілерге кірісетін ойдың тек өзінде
жатады. Алайда таза механикалық сипаттағы психика астарының табиғатын да тану, оған
біздің мақсатты таңғанымызбен ешбір мәжбүрлілікпен өзгермейді. Біз органикалық
дамудың механикалық жолдарын (Mittel) белгілеуге тырысқан кезімізде, оларды зерттеу
үшін дарвинизм ең болмаса оның алғашқы тірек нүктесін (Handhabe) береді, сонда біз
онан әрі зерделемей-ақ, барлық осы жолды жаратушының аппараты немесе оның қойған