Қазақстанның ашық кітапханасы
203
өзара қатынастары, тікелей әрекет етуші заңдардардың күштері арқасында басқарылса да,
онда бұл да шын мәнінде тек бір ғана факттан басқа ештеңе емес. <...>
Үшінші тарау
ТАРИХ МӘНІ ТУРАЛЫ
[86-87] Тарих философиясы зерттеуінде, қашып құтылуы қиын, өте түсінікті
араластықтардың салдарынан, тарих процесінің заңдары туралы сұрақ пен оның мағынасы
және маңызы туралы сұрақтар бірігіп кетеді. Барлық жердегідей, өзара ешқандай да
байланыстары жоқ нәрселерді сыртқы бірлікке әкелетін жерде де, былай айтқанда,
«екінші сортты» деп айтуға келетін, байланыстар болады, яғни бір бөлігінің нашарлығы
басқаны да нашарлатқанымен де, соңғының жақсы жақтары біріншіге берілмейді; бұл
екеуінің әр элементі әр түрлі құндылығы бар сәттерді біріктірген жерде, бұл кезегімен
болады. Әрине, тарихи заңдардың, ақиқатқа біршама жақындықтары бар, олар, тарихи
процестің күштерін шындығында дәлелдеуге принципиалды мүмкіндік бере алатын жолда
жатыр; бірақ олар әзірше бұл мақсаттан шексіз қашықтықта жатыр, және олардың
әрқайсысы, шындығында заң түрінде койылатын болғандықтан, тікелей жоққа
шығарылуы керек. Бірақ тарих мағынасына байланысты таным теориясы тұрғысынан
тікелей қарсы нәрсе айтылуы керек. Оны тәржімалауды бекерге шығаруға болмайды,
себебі олар жалпы дәлелдеу аясынан тыс та; олардың көрсететіндері құбылыстардың
сыртында жатыр және тұрақты сенімге ие, оған күдік тудыру үшін, оның өзі жоққа
шығаратын дәлелдік күші бар құбылыстар мен негізгі тұжырымдарға сілтемелер жасау
керек. Бұл талпыныстар арқылы барлық тарихты тұтасымен, алдағы уақытта ешбір қол
тигізуге болмайтындай етіп түсіндіру үшін, ондағы философия тек өтпелі кезең ғана емес,
ол онан дәлірек біліммен ауыстырылады деген үміт туындатпайтындай немесе
қорықпайтындай болуы керек; бірақ тура осы себепті де ол ешбір кезде дәл білім білім
болу мүмкіндігіне ие бола алмайды. Осы мағынада олар алаңсыз кемелді емес, ал тарих
заңдарының кемелсіздігі салыстырмалы ғана. Олар өздері бар аяларында қазіргі кезде де
айтарлықтай кемелділікке жете алады, бірақ бұл аяның өзі шын мағынасындағы
ғылымнан алаңсыз алшақ кеткен; тарих заңдары, керісінше, соның аясында, бірақ сол
арқылы мақсаттарға ұмтылу ісінде алғашқы толық кемелденбеген сатылары болып
табылады. Тарих философиясы онымен де, мұнымен де талғамастан еңбектенгендіктен,
оны тарих мәнін түсіндіру талаптарының алаңсыз жетімсіздігі үшін де, тарих заңдарының
салыстырмалы жетімсіздігі үшін де, тікелей даттауға тұрады. Маған енді осылардың
екеуінің арасындағы көрсетілген айырмашылықты дұрыс негіздеу керек.
[87-88] Егер де барлық тарихи фактілер ешбір ақтаңдақсыз және қатесіз бізге белгілі
болған болса және, сонымен бірге, барлық материалдық атомдарды және басқалардың
бәріне деген барлық түсініктерді басқаратын заңдар ашылған болса, онда да бәрібір
тарихқа байланысты өзіміз белгілеуге болатын міндеттердің бүтіндей қатары мұнымен
алаңсыз шешілмейтіндігі айқын нәрсе. Бәрібір тарих жаратушының бағыттаушы рухының
жаратқаны ма немесе ол өзінің даму күшін өзінен туындатады ма деген сұрақ ашық қалған
болар еді; зерттеушіні өз шегінен шығармайтын бұл рухтың немесе оның (тарихтың) өзіне
тән ағымның мақсаты қандай, және жалпы мұндай мақсат бар ма әлде жоқ па; барлық осы
күрестің және оны танудың құндылығы неменеде; тарихи қозғалыстардың жиынтығы
ештеңеден тәуелсіз бірлік болып табыла ма, немесе, бір жағынан, оның әрбір сатысы және
оның әрбір майда элементтері өз алдына мәніс пен мағынаға ие ме, немесе, екінші
жағынан, оның жиынтығы тек ғарыштық қозғалыстармен байланысты ғана жалпы
зерделенген тұтастықты құрайды ма. Бұның бәрі, әрине, тарихи шындықты тануға
байланысты сұрақтарды шешуге емес, тек қоюға керекті материал бере алатын
жағдаяттар.