Қазақстанның ашық кітапханасы
202
мақұлықтардың түрлерінің өзгеруіне сай, олардың ағзалары тіршілік жағдайларына үнемі
бейімделу қатынастары арқылы жетіледі. Егер бұл шындығында ешбір қалтқысыз болады
деп есептесек те, онда, алайда бұл, әрқайсысы жеке болатын, ерекше заңдардың
әрекеттеріне жататын, ағзалар мен олардың қоршаған ортасының шексіз көп жеке
арақатынастарының (Wirkungen) салдары ғана болып табылады. Бұл қағида дұрыс
арақатынастары бар заңдардың нәтижесін (Erfolg) ғана көрсетеді, бұл қағида дәлелдеуші
емес, дәлелденген. (Егер заң жалқы құбылыста әрекет ететін себепті ғана көрсетуі керек
болса, онда соншалықты күрделі құбылыстардың уақытша байланыстарын заңдар деп
атауға болмайды. Сондықтан, тіпті Кеплерлік деп аталатын заңдар, бұл сөздің дәл
мағынасына сай алсақ, табиғат заңдары болып табылмайды. Бірдей уақыт аралығында
планетаның векторлық радиусының бірдей шеңбер (Flachen) сызатынынан ғана тұратын
мазмұнды, тек осы жаққа бағытталған табиғат күші деп мойындауға болмайды; ол осылай
қозғалады — бұл шындығында, материяның бұған дейін тіршілік еткен жағдайларының
белгілі әрекетін табу заңдарының салдары болып табылады; бірақ бұл заңның өзінің
мазмұны емес. Онан бұрынырақ Ньютонның тартылыс заңы осындай бола алады. Соның
аркасында, күнде және планеталарда шынында өсер ететін, біздің планеталар жүйесінде
жүзеге асуы кездейсоқ болып табылатын, алғашқы күш танылады. Әрине, көшеде А-ның
В-ны кездестіруі толық заңдылық сияқты, Кеплер сипаттаған заңдар соңғы қозғалыстар
ауқымында заңдылық түрде жүзеге асады. Бірақ осы себепті мұндай кездесуді
анықтайтын табиғат заңын мойындамайды; оның заңдылықтары психологиялық және
физиологиялық импульстердің және атомдық құбылыстардың өрімдері әкелген кезде су
қозғалыстарының салдарымен анықталады. Дегенмен олардың бұл шалысуының заңды
болуы олардың өздерінің заңдылықты болуынан емес. Әрине, еркіндік және өмірдің үздік
салты азшылықтан бәріне ауысады және сосын олардан азшылыққа ауысады; немесе
пайымдау дәуірінен кейін сенім ғасыры, ал онан кейін зерттеу ғасыры келгенде, әрине,
бұл заңдылық құбылысы. Бірақ біз жеке уақиғаларды нақтылы түрде түйістіруді
міндеттейтін және сондай жинақталу әрекетінің салдарынан, тап осындай өтулерді
туындататын ерекше заң болуы керек деп есептей алмаймыз. Һәм өмір — заңдылық
құбылыс, бірақ өмір заңы жоқ, оның қалай жоқ болуы, оған арнайы бағытталған өмір
күшінің жоқ болу себебінен. Тіпті оның үстіне, өмір — алғашқы, тек табиғат заңымен ғана
бола алатын, құбылыстардың салдары. Осы құбылыстарға жағдайлар берілгендіктен,
былай айтсақ, өмір өзінен-өзі туындайды. Ақырында, ең қарапайым мысал келтірейін.
Пальма, осу барысында кез келген басқа ағашпен салыстырғанда, өзге формаға ие болады,
және сөз жоқ нақтылы бір заңға сәйкес өседі. Бірақ соған қарамастан, пальманың өсуі
үшін табиғатта ерекше заңдар бар деп ешкім айтпайды. Сол сияқты тарихи материалдың
даму заңдылығы, басқа кез келген әлемдік мазмұннан ерекше формада дамығанымен де,
біз олардың эволюциясының ерекше заңдылықтары бар деп айтуға құқымыз жоқ. Өмірдің,
тарихтың жеке элементтерінің қозғалыстарын басқару үшін, төменгі заңдардан жоғары
тұратын, әрбір келесісі қосарланған заңнамаға жататын, одақтас мемлекеттің мүшесі
сияқты, ешбір жоғары заңы жоқ; бұл толығымен антропоморфизм болған болар еді. Ең
майда бөлшектердің қозғалыстары мен оларды басқаратын заңдар жалғыз ғана реалдылық
болып табылады: бұл қозғалыстардың жиынтығын бір уақиғамен байланыстырған
кезімізде оған ерекше заң шығаруымызға болмайды, себебі осы алғашқы заңдардың
аркасында һәм тек солардың арқасында ғана, кез келген жалпы болып жатқан қозғалысты
туындататын күш туралы дерек және жеткілікті түсіндірме алынады.
[47] Алайда, осы туралы терең зерделеу ғана бұл ойдың бағытын өзгерте алады. Жоғарыда
келтірілген тарихи жағдайлардың дәуірлерінің реттілікпен ауысуын, олардың, ешбір
қалтқысыз барлық жерде байқалатынын қарапайым факт деп есептесек те, бірақ тап
соларға бағытталған заңның мазмұны деп айта алмаймыз. Бірақ қарапайым бөлшектердің