Page 201 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
201
ТАРИХ ЗАҢДАРЫ ТУРАЛЫ
[41-42] Айтушылар «тарих философиясының міндеті — тарих заңдарын табу» дейді; бір
қарағанда бұл талап түсініксіз! Егер басқа бір ғылымдардағы, физикадағы,
астрономиядағы, психологиядағы, салыстырмалық тіл танымдағы зерттеушінің міндеті
тек арнайы материалды өндеу (Beschaffung) деп белгіленген болса, ал заңдарды
анықтауды философтың міндеті десе, ол туралы не дер едіңіз? Бұл түсініксіздікті
түсіндіріп көру әрекеті тарих заңы деген ұғымның өзін зерттеуге әкеледі. Қарсылыққа
килігемін демей-ақ, жалпы уақиғаның заңы деп белгілі фактілердің сөзсіз орындалуы
туралы тұжырымды, айтуға болады, яғни әрқашанда және барлық жерде — болатын
салдарлар болған бірдеңелердің туындылары. Егер бір жерде және сол уақытта тағы басқа
уақиғалар болатын болса, бұл реттілік сырт қарағанда алаңсыз айқын болмайды. Маңызды
нәрсе, бұл бірінші фактілер осы нәтижеге өздері келеді және де бір мезгілде басқалармен
бірге әрекеттесу арқылы оларды өздерінің салдары етеді, сонан олардың бұл жағдайдағы
қатысы қандай екендігі әрқашанда айқын көрінеді. Осы мағынада, әлемдік екі элементтің
қиысуынан шығатын және көрінетін салдарының, ол немесе бұл жаққа бағытталған
күштен олармен мәні сәйкестеніп тәуелді болатын күштердің бағыты мен мөлшерін білуді
де заң деп айта аламыз. Шындығында, әлемнің әрбір нүктесінде шығу тегі мен бағыттары
өте әр түрлі күштер әрекет етеді. Қаншалықты олар бір-бірінен тәуелсіз болса, яғни
қаншалықты олар ерекше заңға сәйкес ерекше салдар туындатса ол әр түрлі қиысуларға
қойылғанымен, әр жолы бірдей нәтиже берсе, және басқа жиынтықта біз ерекше бөлуге
болады дейтін әрбір жеке салдардың болатынынан көрінеді. <...>
[44-45-46-47] Егер тарихи уақиғаны құрайтын жеке бөліктердің күшін білмеу олардың
қарапайым қосарлана болуының салдары, туындауы мүмкін тарихи заңды анықтауға
кедергі келтіретін болса, егерде бірінші рет уақиға туындатушы сырттай көрінетін және
заңның құрамдас бөлігі (Glied) деп танылатын жеке күштер мен уақиғалар себеп есебінде
қарастырылса, онда ондайды бөліп шығару бұрынғыдан да қиын болады. Біздің
естуімізде, мысалы, келесіні заң деп мойындайды. Әрбір саяси тұтастықтың тарихы аз
адамдардың рухани және азаматтық бостандығынан басталатын сияқты, сосын ол үдемелі
түрде көпшіліктің және ақырында баршалықтың бостандығы есебінде қозғалысқа келеді;
осы апогейге жеткесін, білім, еркіндік және билік қайтадан азшылыққа және жеке
тұлғаларға қайтады-мыс. Бірақ бұл бастапқы бақыт пен еркіндік күйлерінің аздаған
пенделермен шектелулері, шамасы, оның кейіннен бұрынғыдан да көп адамдарға
тарауының жеткілікті себебі емес, ал бұл таралу оның өз орайында, барлық адамға
жетуінің жеткілікті себебі емес. Онан әрі, оларға барлық адамның ие болу фактісі,
олардың аздаған адамдармен шектелуінің реалды күшін өзінен туындатпайды. Немесе
бізге тарих дамуы заңының басқасын айтады. Ұлт пен пенделер балалық, жастық,
кемелденген шақты және кәрілікті басынан өткеруі керекті-міс, рухани тұрғыдан бұған
пайымдау, сенім, ақыл және рухани құлдырау дәуірлері сәйкес келеді-міс. Бұл жерде де
бір кезенді екінші кезеңге өткізетін нағыз күштер көрсетілмегені айқын. Егер қандай да
бір ұлт белгілі дәуірде діндар (glaubig) болса, онда осының арқасында оның ақылдық
зерттеу дәуіріне өтуіне қажетті байланысты түсіне алмаймыз. Халықтың жастық кезеңі,
оның кейіннен кемелдену кезеңіне жетуінің ешқандай да бір жеткілікті себебі емес. Тіпті
кеңірек алсақ, егер жағдайлардың қатары деп аталатындардың әдетте бақыланатындығын
мойындасақ та, онда бұл да, олардың ішкі және себептілік байланысы, яғни олардың заңы
ашылды дегенді білдірмейді; бұл жерде тек бұған дейінгі феномендердің кезектілігі
анықталады. Екі мысалда да күрделі жағдайлар, өте көп жеке қозғалыстар мен күштердің
айқын салдарлары, олардың уақыт тұрғысындағы кезектілігі сипатталады; олардың
біреуінің екіншісіне өтуі, өте көптеген арнайы заңдардың әрекеттерінің нәтижесі, бірақ
қалай да сол заңның әлі өзі емес. Бұл жерде біз, заңның көрінісіндей нәрсені көреміз: тірі