Қазақстанның ашық кітапханасы
200
қарастырмаймын, бірақ осыны ескеру арқылы субъекті мен тарихи танымның объектісінің
психологиялық мазмұндарының сәйкестігінен оның (сәйкестіктің) соңғыға [тарихи
танымға, — ауд.] керектігі ерекше көрсетіледі. Егер бақылаушының көңіліндегідейден өте
алшақ болатын, бірақ тек болжамдау (Unterlegung) жолымен алынған психикалық актілер
арқылы тарихи уақиғаларды түсіну мүмкін болса, онда оларды шынында да түсінбеген
болар едік, және оларды сипаттау, бізге таныс емес тілдің сөздері сияқты, біздің
көңілімізге өте аз әсер еткен болар еді.
Тарихшы, сондықтан, ең алдымен, өзінің тұлғаларының психикалық күйін әрқашанда
өзінің көңіл күйінде қайта қалпына келтіруге болады деген болжам жасайды, яғни оның
және анықталған әрекеттердің арасында, ең болмаса, өте қашық түрде ұқсастық бар:
өзгелерде болған немесе өзінде болуы мүмкін істердің саналылық астары оларда да
болған. Ранке, заттардың өздері өздігінше an sich-те қалай болатынын көру үшін өзінің
менін
өшіру күйіне ие болуға даяр ниетін білдіреді; бірақ оның бұл ниетінің орындалуы
оның тілеген жетістігін бермес еді. Мен өшсе, мен еместі тануға мүмкіндік беретін ештеңе
қалмас еді. Өзінің
меніңнің
қоспасы идеалды танымның мүлтіксіздігінің кемістігі емес; ол
меннің
белгілі жақтарын ғана шектей алады; өзінің
менін
алаңсыз сөндіруді тілеу —
қисындық қайшылық, түптеп келгенде ол жалпы түсініктің сақтаушысы болып табылады,
осыған байланысты Ранке де өзінің пікірін шектеді және сонымен бірге оның ерекше
мазмұны — басқаларды кез келген түрде түсінуге қажетті дәнекер буын
(Durchgangspunkt). Бұл — біздерге тек фрагментарлық көріністер ғана жеткізетін, әрекет
етуші адамдардың ортақ тірлігіндегі жалпы және әр сәтіндегі әуендеріне жанашырлық
(Mitfuhlen) білдіру; бұл — әрбір сәтін өзің арқылы қайта бейнелегенде түсінікті болатын,
ғаламат күштің жүйесінің барлық көп түрлілігіне өзіңді апарып орнықтыру, тарихшы
міндетті түрде суретші болуы керек дейтін талаптың мәнісі, міне, осы. Бұл талап тек,
фактілерді зерттеу біткенде және оқушы үшін баяндауға байланысты, қарапайым
тәржімалау (Auffassung) барысында ғана құқына енеді деу өте дұрыс емес; басқалар үшін,
әсіресе оқырмандардың кең қауымдары үшін жазу барысында физик те, филолог та,
заңгер де, жалпы әрбір ғалым баяндауда суретші болуы керек. Тарихшы фактілерді
безбендеп, даярлап және ретке келтіріп, оларды психологиялық ағымның өрілген
бейнесіне келтіруі кезінде, оның ісі ақынның ісіне жақындайды, соңғы өз баянын еркін
шырайландыру дәрежесінде ғана ерекшелене алады. Тіпті, кейіпкерлерінің жағдайлары
белгілі бағыт алғасын, белгілі бір мінез-құлықтары таңдалғасын, ендігі жерде ақын да
ерікті емес; оның құрған барлық уақиғасының, ондай адамдар мен уақиғалардан
психологиялық бақылаулармен алынған орта деңгейінен ауытқуының белгілі бір кеңістігі
бар. Егер поэтикалық шығармашылық процесс еркіндік шығармашылығынан бастау алып,
шығармадағы онан әрі аяғына дейін бейнеленулерді уақиғалардың болуының белгілі
заңдарының шектерінде ұстауы керек болса, егер бұл процесс: «Бірінші қадым — еркін,
екіншінің біз құлымыз» деген эпиграфқа жақындаса, онда тарих бұл эпиграфтың тек өңін
айналдырады. Алғашында, фактілік материалдан басталатын жұмыс — бодандаулы; оны
тарих ағымының тұтастығымен байланыстыруда — ерікті, яғни субъективтік
категориялардың және тарихшы көңіліндегі образдардың функционалдық жетегіне
берілген. <...>
[40] ... психология тарих ғылымының априорлық алғышарты. Таным теориясының
соңғымен байланысты міндеті, сыртқы документтер мен аңыз-әңгімелердің негізінде,
олардың арасынан «түсінікті» байланыстарды анықтауға жеткілікті негіздер беретін және
психикалық құбылыстар туралы қорытындылар жасауға мүмкіндік жасайтын ережелерді
белгілеу болып табылады.
Екінші тарау