Page 199 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
199
білдірер еді. Тіпті рухани құбылыстарды танып-білу де тек субъектінің қоздыратын және
ақыр соңында өзі жүзеге асыратын процесс болған болар еді. Бірақ бұл түптеп келгенде,
тікеден қосалқыға айналдыратын нағыз параллелизмді (sachliche Parallelitat) білдірген
болар еді; сөздің бір телеграф аппаратынан берілгенде, олардың арасында жатқан және
өткізетін ортадағы құбылыстың алаңсыз бөгде екендігіне қарамастан, екінші станциядағы
аппараттан қайталанатыны сияқты, дәл солай, түптеп келгенде, арадағы қажетті барлық
айналымдарды ескермесек, қандай да бір көңілдегі қозғалыс екінші бір көңілде қайта
таңбалана алады. Осы сияқты менде қайталанатын сезім (Vorgange) сол мезгілде менікі
емес, мен оларды тарихи ой деп ойлаймын, оны менің түсінігім деп ойлайтын менмін, сол
себепті ол менің түсінігім, алайда басқаның түсінігі деп ойлайтын менмін деген жағдай
анағүрлым тереңде жатқан қиын жағдай.
[20-21] Тағы да жеткіліксіз болатын нәрсе — басқаны танып білгіміз келіп, біз оның көңіл
қозғалысын өз көңілімізде қайталай отырып: алайда бұл мен емес, ол осылай сезінеді деп
айтқымыз келетіндігі. Себебі, біріншіден, жорамалға сәйкес, мен шын мәнінде мұны
сезінемін, және бұл жай-күйді мазмұнға қосымша деп айтуға болмайды, өйткені олай
болса, ол екеуі бір-бірінен бөлектеніп қалған болар еді, ал шынында, оның көрсеткіші
(Exponent) есебінде, бұл осы мазмұнға еніп және оны тікелей сүйемелдеуі керек. Бұл —
мен тікелей сезбейтін нәрсенің сезімі, бұл тек субъектіде ғана бола алатын
субъективтіліктің қайталануы, сонымен бірге, бірақ бұл онымен салыстырғанда
объективті, бұл — әзірге шешу үшін біздің қисындық және психологиялық
категорияларымыз өте тұрпайы құрал болып табылатын тарихи танымның жұмбағы.
Әрине, бұл танымда ол да, бұл да бар: зерттелудің (fraglichen) өзі атқаратын іс (акт) және
бүл басқада болды деген сана; бірақ бұл — тарихи таным процесінің өзі ешқандай да
шынайы саналылықты көрсетпейтін, оның келесі элементтеріне жіктеу ғана. Бұл жерде
сыртқы дүниені бақылағанда кеңістікті (Raumanschauung) сезіммен түйсіну және санамен
қабылдау жеке-жеке болып, кейіннен ғана бірге біріктірілмейтіндігі сияқты, бұрын бөлек
болғандарды құрамдас бөліктердей қайта біріктіру туралы сөз болып отырған жоқ.
Түсініктер мен сезімдерді тарихи тұлғаға телу ерекше іс, зерттелетін психикалық
қозғалыстың әрқашанда менің субъективтік өмірімде сыналу керектігі қажетті жағдай.
Бірақта, олар, танылатын тұлғаның жан толқуларынан дербес қаралатыны сияқты,
басқаның түсінігі түрінде қайталанғандықтан, оларды зерттеушінің жеке басының
субъективтік көңіл күйін өзіне аударып (abhebt), белгілі бір психикалық өзгерістерге
ұшырайды. Сонымен, егер соңғы екеуі тіпті сапалық (generell) тұрғыдан алаңсыз бірдей
болса да, егер тіпті сүю және өштесу, ойлау және тілек, қуаныш пен күйзеліс, жеке бастың
құбылысы есебінде танушының көңілінде де, танылушының көңілінде де алаңсыз бірдей
болғанымен, мұндай тікелей ұқсастық тарихи таным емес, бірақ түсіну процесі басқаға
телу арқылы өзгереді. Тура осыны біз ойдың материяға деген қатынасынан да көреміз:
егер көңілдің және сыртқы дүниенің трансценденттік субстраты шындығында бір ғана
нәрсе болған болса, онда оның өзі жасайтын бұл түсінігін және өмір мәнін (Ansich),
немесе олар оның тікелей бейнесін береді дегенді білдірмес еді; керісінше, дүниені тану,
онымен екі жағынан шекаралас жатқан субстраттардың бірдейлігіне, егер тіптен де тек
осы бірдейлік қана түсінік жасауға мүмкіндік берген күнде де, тәжірибенің ерекше
формаларында болып қала берер еді. Осымен толық ұқсас және тарихи зерттеудегі
танушы мен танылушының арасындағы психологиялық сәйкестік, танымға жалпы
мүмкіндік туындатады, бірақ бұл субъектіге телініп алынған түсінік, тарихи тұлғаның
кезекті талдауға қойылған субъективтік құбылысының мазмұнымен өзінен-өзі бірдей
болады дегенді білдірмейді.
[21-22] Мен мұнан әрі, көңіл-күйдің алғашқы мазмұны объективтендірілгенде және соған
байланысты басқа тұлғаны тануға болатын бұл метаморфозаны онан әрі екжей-тегжейлеп