Қазақстанның ашық кітапханасы
198
оның тыңдаушы бойында сезімденіп оянуы, айтылған ой желісінің түсінілуі болып
табылады; егер екі адамның түсініктерінде манызды айырмашылық болатын болса, онда
бұл сөз нашар түсінілді, немесе жалпы түсінілген жоқ дегенді білдіреді. Сондықтан, іс
ойдың теориялық мазмұны туралы болып жатқанда ғана, тек сондай жағдайда ғана, бұл
тектес тікелей қайталану жеткілікті болып, тап нақты бір пенденің түсінігі мәселенің
бастау нүктесі есебінде алыну жағдайы маңызды болмайды. Объективтік және қисындық
танымдарда менің тану пәнін ұстануым, осы пән туралы түсінігі мен «түсінетін»
түсінікпен тұп-тура келетін адам болса, ол маған олардың мазмұнын ғана береді, және,
былай айтқанда, осыдан соң қайта кетіп қалатын болса, бұл мазмұн менің және оның
ойында параллельді болады, оның шығуында ауытқу да, өзгеру де сақталмайды.
[18-19-20] Бұл қатынас қай жағынан алса да, заттардың мазмұнын бірдей түсінетін,
объективтілікті қисындық формалар түрінде өзіне елестете алу мүмкіндігін беретін, ойдың
таза теориялық процесі болатын жерде емес, керісінше, ойдың субъективтік жақтарының
көріністерін түсіну (Vorgange) ісі болатын жерде аздап өзгереді. Біз сүйіспеншілік пен
өшпенділік, ерлік пен түңілу, жігер мен сезімдерді, тіпті олардың аффектілік
көріністерінің әрбір түрін және әрбір сатысын білгендіктен, егер олар біздің күшті
сезімдерімізді (Befangenheit) бұрынғыша қоздырмаса да, оларды түсінеміз деп айта
аламыз. Дегенмен біз түсінеміз деп айтылып отырған көңіл процесі олардың күшеюін
(Verdichtung) немесе олардың солғын бейнесін беретін психологиялық өзгерістерден ғана
тұруы мүмкін; бірақ олардың мазмұны оның ішінде қандай да бір өз орнын табуы керек.
Біз жоғарыда тарихи танымның міндеті деп танылғанды ғана емес, сонымен бірге тілектер
мен сезінілгендерді де тану керек деп көрсеткен едік, ал егер кез келген психикалық
жағдаятта қажеттілік дегеніміз іс атқарушыға қажет болса және сезінулер жазушының
өзінің сезінгендері болғанда ғана, ондай міндет шешіледі. Онсыз біз түсіндік деп атаған
нәрсенің болып жатқан жағдайын бұрын белгілі бір уақытта орын алған реалды сезімдер
құрмай, өзге бірдеңелер құрған болар еді. Ешқашанда сүймеген адам сүйген адамды
ешқашанда түсінбейді, әлсіз батырды, холерик флегматикті түсінбейді; және, керісінше,
аффектілердің символы болып табылатын, өзгелердің қозғалыстарын, райларын және іс-
қылықтарын қаншалықты жиі бастан кешірсек, оларды соғұрлым тез түсінеміз және
осындай немесе алаңсыз басқа сезімдерге біздің ішкі күйлеріміздің бейімдік деңгейіне
байланысты, оларды соншалықты тез немесе ауыр қабылдаймыз, және психологиялық
қайталаулар соншалықты жеңілдейді немесе ауырлайды. Сонымен, шыққан тегі туралы
біз, әрине, білмейтін, қандай да бір түрде болмасын, өзімізге оның оң бейнесін елестете
алмайтын, бірақ басқада болып жататын сананың қайталану актілері, оның түсінуінің
ішінде болады және тіпті ол үшін қажет те. Егер, түсініктің мазмұнының орнына, бұл
жерде басты көңіл басқа жағдайға, қайсыбір мен еместің басқа бір мен емес туралы
түсінігіне аударылатын болса, онда, осындай ретпен қажет болатын көңіл-күй
айтарлықтай терең болады. Әрине, адам объектілері туралы, таным теориясының
салдарлары есебінде, таным объектілері бізге өзінің an-sich-нің ішінде емес, тек түсінік
есебінде беріледі деген пайымдауға келіскенбіз. Табиғаттан гөрі, тарих бізге аса көп
түсінікті деп айтулары мүмкін. Егер екі көңілдің бір жағдайда болуы басқа
жағдайындағысынан алансыз басқаша болса, мен және мен еместің араларындағы
айырмашылықтың екеуі де болады; себебі олардың екеуі де сапалық (generell) емес, тек
сандық тұрғыдан ерекшеленеді, және егер ешбір рух табиғаттың мәніне ене алмайтын
болса, ол басқа рухтың мәніне ене алады, себебі ол оны толығымен бейнелей алады. Бірақ
мұндай жеңіл діңгекке мен және мен еместің арасындағы құздың үстіне көпір құруға
болмайды. Екеуінің сапалық біртектестігі ең алдымен олардың сырт көріністерінің, өзара
айырбас пен символдарының араларына керекті дәнекерліктің қажеттігін жоймайды.
Тікелей шағылу; тікелей мәннің тепе-тендіктерінен туындайтын түсінік, ойларды оқудан
және телепатиядан немесе Лейбництік жазмыштық гармония кереметінен де кем еместігін