Қазақстанның ашық кітапханасы
197
тіл және ойлау салты, дін және айырбас түрлері. Әрине, мұның бәрі пенденің саналы іс-
әрекеттерінсіз жасалмас еді; бірақ, ол түптеп келгенде, осы құрылыстан шығатынның
бәріне өзінің мақсаты есебінде ешқашанда бағытталған емес. Әркім алдымен бүтіннің
бөлігі болып табылатын өз ісімен айналысады, ал бүтін оның назарынан тыс қалады;
барлық қосалқы құбылыстарды (Beitrage) түбегейлі біріктіру, бұл жеке материал
қабылдайтын әлеуметтік форманың пайда болуы, жеке қызметшінің санасына кірмейді.
Ол басқалармен ортақ өмірде өзінің бейімділігі мен тәркі етулерін, селқостығы мен
қызығушылықтарын ұтымды көрсетуді іздейді және солар арқылы қоғамдық
қатынастардың бөліктерін табады; оның діни қажеттіліктері жаратушының алғашқы
бастауларына ең дұрыс жол табуға үміттеніп істейтін істерді атқаруға және сөздер айтуға
мәжбүрлейді — осымен ол ғибадат жасауға катысады; ол белгілі сақтықтың ережелері
жолымен өзін алдаудан қорғауға тырысады және осынысымен жалпы сауда әдеттерін
құрады. Кез келген өз қызығушылығына сай істерден, егер тек ол күйретпейтін болса,
оның салдарлары мыңдаған жіңішке, жеке санаға түсініксіз каналшалармен сүзілгеннен
кейін, адамдар арасындағы барлық қатынастардан caput mortuum түрінде қоғамдық
рухтың құрылуына әкелетін шөгінді қалады. Әлеуметтік өмірдің құрылуы туралы ең
сәйкес келетіні: оның не тоқығанын бірде-бір тоқымашы білмейді, деген сөздер. Әрине,
мақсатын түсінетін тіршілік иелерінен ғана ең жоғарғы әлеуметтік құрылым шыға алады;
бірақ олар, былайша айтқанда, пенделердің санасының қапталында, оған жатпайтын
жолдармен өседі, өйткені мұндай әлеуметтік әрекет үшін, пенде тек өте сирек
жағдайларда болжай алатын, басқалардың шексіз істерінің біртектілігі және бір сәтте
болуы қажет. Басқаша айтсақ, ешбір жағдайда, оларды түсіндіру және байланыстыру
мақсатында, байқалатын тарихи көріністердің арғы жағында, олардың тұрақты функциясы
есебінде, толық сана бар деуге болмайды; жалпы алғанда, былай тарихшының жорамалын
құруы керек, бірақ ол айтарлықтай жиі үзіледі. Инстинктің немесе ойланып-толғанудың
жетегінде болатын тарихшының қандай жағдайларда адамдардың іс-қылықтарындағы
саналық мақсаттылықтан ауытқитындығын тарих философиясы анықтауы тиіс; ол біз
уақиғаны түсіндіру үшін қай кезде саналы жігерді және ойды ескеруіміз қажеттігін, және
қай кезде біз олардың бар екендігі туралы болжамдардан қашуымыз керек екендігін
зерттеуі керек. Біздің міндетіміз, ондай немесе мұндай жорамалдарды ақтау мағынасында,
тарихнама үшін практикалық ереже құру емес. Бұл психология үшін ғана мүмкін болған
болар еді. Таным теориясының міндетіне алдымен жататын нәрсе — қандай жағдайда
біздің түсіндіру қажеттілігімізге бір нәрсе және қандай кезде басқа нәрсе жеткілікті екенін
анықтау. Тарихи түсініктер туралы олардың қандай болуы керектігі емес, шындығында
қалай болатыны, психикалық дүниедегі құбылыстардың саналылығын және
бейсаналылығын айыру, ең болмаса бейсаналықпен шешілетін мәселелердің негіздері
туралы сұрақтар қойылуы керек.
[17-18] Бұл саналылықтың бар екенін мегзеп, енді оның мазмұны туралы болжамға
көшпекпіз. Бұл жерде де болжам жалпы түрде болмақ. Егерде біз бұл құбылыстардың
мазмұнын да, ағымын да түсінбесек, онда тарихшының уақиғалармен байланысты
қарайтын, объективтік психологиялық тізбектерінің қаншалықты дұрыс екендігі, басқаша
айтқанда, олардың әрекет етуші адамдардың санасын қаншалықты көрсете алатындығы,
ешбір қызықтырмайды. Егер мұндай түсінік болмаса, онда оның әділеттілігі қандай да бір
жолмен дәлелдесе де, тіпті, мысалы, басқа бір жағдайларда мүмкін болатын, тарихшы
тарапынан жасалатын психологиялық қайта құру бұл жерде болмайды, мүмкін, бізге
әрекет етуші адамдардың өздерінін тікелей пікірлері және мойындаулары келтірілер, бірақ
біз оларды бәрібір ақиқат деп айтуға келетін тұрғыдан қабылдауға келіспейміз. Мұндай
түсінік деген не және оның жағдайлары қандай? Олардың алғашқысы, әрине, біздің өзіміз
«әрекет етуші адамдардың орнында болып», сананың бұл әрекеттерін өзіміздің ішімізден
қайталай алуымыз. Айтушының шын көңіл қозғалысының айтылған сөздерге берілуі,