Қазақстанның ашық кітапханасы
196
күшімен жеке пенделерді иландыру арқылы болады; осы жолмен сондай көптеген жүзеге
асатын нәрселер кейіннен, өзінің формалды мақсаттылықтарының арқасында, сананың
өзінде жатқан себептілікке телінеді. Тірі нәрселердің мақсатты құрылымы аңғарымпаз
адамдарды оларда ақылдық себептілік бар деп мойындауға итермелейтініндей, біз
мақсаттылықты ақылдың саналы жігерінің салдары деп есептеп үйренгенбіз, осы
жағдайдай, әрине, сондай қателікпен, кейбір адам істері біздерге мақсатқа саналықпен
ұмтылудың салдары сияқты көрінеді, ал шындығында, олар алаңсыз механикалық қозудан
және бейсаналық қажеттіліктен туындайды. Егер біздің ағзамыздың ішкі қозғалыстары,
жүрек жұмысы, ас қорыту процесі және т. б. өздігінше жүріп, тіршілік мақсаттарына
жетудің ең артық жолымен болатын болса, және де біздің олардың болуын ешбір түсініп-
сезінбейтін болсақ, онда дәл сол сияқты, оны басқаратын, реттей алатын біздің ми
функцияларымыз да сол сияқты ағымда болып, олар тіршілікке көмектеседі; және
сонымен бірге саналылыққа ешқандай мұқтаждық жоқ. Және егерде, тарих ғылымы тек
саналы іс-әрекеттерді сипаттауы керек дейтін болсақ, онда қалайда бейсаналық
құбылыстар саналықпен өте көп түрлі өрілгендіктен және олардың негізіне соншалықты
сіңіскендіктен, олардың көмегінсіз саналылықты түсіндіруге қол жеткізу мүмкін емес;
егер біздер әрбір көрінетін іс-әрекеттегі айқын ойлармен және саналықпен қойылған
мақсаттармен ғана есептескіміз (unterlegen) келсе, онда мұны тәржімалау мәжбүрлілікпен
өзінің мақсаттылығын жоғалтады. Бұл сұрақ әрбір істің жалпы сөздермен айтылуының
мүмкіндігі және саналы көңіл қозғалысы туралы, ал мұның принциптік бекітілуі әрбір
тарихи баяндаудың алғышартын құрайды, бұл сұрақ өзінің мақсаттылық формасымен
және мінез-құлық импульсінің белгілі бір бағыттылығымен кездескенде, олардың
шындығында санаға борыштар екенін, бірақ кейін іс-әрекеттер таза рефлекторлыққа және
инстинкттікке айналып, олардың жоғалғандық жағдайларымен кездескенде, ерекше
қиындайды. Егер, мысалы, мақсаттылық пен қажеттілік белгілі бір топты талай рет
соғысуға мәжбүр етсе, онда мұнан соғысқа бейімділік қалыптасуы мүмкін, оның кейінгі
көріністері үшін біз қайраткерлердің санасынан жеткілікті негіздерді бекерге іздейтін
боламыз. Немесе, мыс., бір сословиенің екіншінің алдындағы бағыныштылығы мен
құлдық жарамсақтығы толық саналылық себептерінің нәтижесінде қалыптасуы мүмкін; ал
егер ол ұзақ уақыт болған болса, онда онан кейін пенделердің санасынан әрбір осымен
байланысты жеке әрекеттер туралы мақсаттық әуендерді сұрауға болмайды; егер
шындығында белгілі бір мақсат әлі де бар болса, онда оны түсіну алайда жойылады және
әрекет онан тыс жүзеге асады. Егер мақсат ендігі жерде тіпті жоқ болса да, бірақ кейбір
сыртқы қоздырғыштың немесе ішкі дағдының, шамшылдықты таныс кейіпке келтіруі,
белгілі бір мінез-құлықтың рефлекторлық жауабы ретінде туындайтынынан, оның оп-оңай
көрінетіндігі айқын байқалады. Сондықтан жеке тұлғалар мен топтардың іс-әрекеттерінің
арасындағы зерделі байланыстардың себептерін онан әрі пайымдап жатпай-ақ, олардың
телеологиялық сипатынан туындайтын саналы психикалық ниеттерден іздеу керек дейтін
аңғал пікірлердің қандай қателіктерге әкелетіндігі де айқын нәрсе.
[14-15-16-17] Дегенмен, шындығында тарих ғылымы жартылай саналы және бейсаналы
пайымдарды да пайдаланады. Біз, кейбір халықтардың өз шекараларын қайта-қайта кеңіту
үшін, көршілермен талассыз шайқасуға деген ықыласы психикадан туындаған құштарлық
(Wachsthums) сияқты, дегенді естиміз; герман халықтарының Италияға деген түсініксіз
ұмтылысы туралы сөз әлемнің әр түрлі елдеріне толық бейсаналықпен елігіп тартылатын
жыл құстарының қайтуы сияқты айтылады; екінші жағынан, кейбір тайпалардың
жылжымайтын және бейқамдығы туралы айтылады, ондай жылжымаулық жеке пенде
тарапынан, шамасы, көбіне ешбір байқалмайды; бірақ ол өзін толық іскермін және әр
нәрсеге қабілеттімін деп есептегенімен, былай айтқанда, оның мінез-құлқы өз
табиғатымен анықталады. Ақырында, ұжымдық иелік түрінде нағыз қоғамның негізін
алғашқы рет тұрғызатын объективтік құрылымдарды ескерту қалады: құқық және дәстүр,