Page 195 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
195
ішкі сезім де өзгермейді. Екінші, енді қожа билігі бұрынғыдай толығымен жүрмесе де,
онымен келісім жасаған шаруа бұрынғыдан жаман істейді деген пікір қалайда даусыз
сияқты. Егер фактілер Ресей поместьелерінен түскен түсімдер 1864 жылдан кейін
өскендігі туралы көрсетсе, онда тікелей қарсы психикалық негіздер, себеп пен салдардың
арасын келістіруге көмектесер еді: сыртқы істермен емес (Thun), жұмыс ынтамен және
сүйіспеншілікпен немесе қарама-қарсы сезімдермен істеле ме, әлде этикалық негіз бен
әуеннен туындап шешіледі ме, сонда, тікелей шешілер еді. Мәжбүрлілікпен істелетін
шаруа еңбегі туралы, біз Пруссиядағы крепостнойлық құқық жойылғанға дейін,
баршиндік еңбек ең нашар, ең ұқыпсыз, ұятсыз жұмыс, деген кері нәрселер естіген едік.
Жалпы мұндай, әрбір тарихи шығарманың әр бетінде кездесетін мысалдардың
психологиялық маңызы туралы арзан және бұрыс күмәншілдікке ұрынбай-ақ, біз мұндай
мүмкін деген тәржімалардың әр түрлілігіне көңіл аударып, олар — алаңсыз тиянақты
емес, сондықтан ескеруге тұрмайтын фактор дейміз. Алғашқы кездері үстемдік еткен,
психикалық көңіл-күй туралы мәселе, және сондықтан түзудің бағыты екі нүктемен
анықталатыны сияқты, эволюцияның жалпы сипаты хақында — онан кейінгі уақиғаның
негізінде, ол немесе бұл туралы белгілеу арқылы дұрыс шешіледі. Бұл алғышарттар мен
оларды таңдаудың көптеген жағдайлары, сыртқы фактілер аса сенімді емес және бір
мағыналы болмаған жағдайда және оларды анықтау мен реттеу ең алдымен олардың
психологиялық ықтималдығынан тәуелді болғанда, аса маңызды. Бірақ, ең сенімді
жағдайда да, салдарды біздің қаншалықты түсінгенімізді шешетін «қарапайым
факт»емес,психологиялық үлкен тиянақтар; «қарапайым факт» кіші тиянақ болып
табылады, сол арқылы келесі уақиға да бізге айқын және мүмкін болып көрінеді. Осы
істерді түсінікті тәуелділікке әкелу үшін қажетті, көрінбейтін мақсаттар мен сезімдер,
адамдардың көрінетін істерінің астарында жатыр деп есептеледі. Егер біздің фактілі түрде
белгілеуімізге көнетін материалдың шегінен шықпайтын болған болсақ, онда қандай да
бір эволюцияны (Entwicklung) қалпына келтіргенде (Herstellung), басқаның салдары
есебінде, қандай да бір ең жеке құбылысты түсінгенімізде, бізге өте қиын болған болар
еді. Бір кезде Гельмголц айтқан екен, егер тәжірибеден шығаратын болсақ, онда себептілік
заңын дәлелдеу өте әлсіз болған болар еді; әзірге себептілік байланысына толық енгізуге
көнбейтін саны ғаламат уақиғалармен салыстырғанда, оны толық (luckenlos) дәлелдеу
мүмкіндігі өте сирек. Егер бұл психикалық емес (unterpsychischen) істің жағдайы болса,
онда, себептілік байланысының өзі бар екендігіне күмән келтірілетін, ми аясының
шырмалған және айқын емес құбылыстары көрінетін құбылыстармен араласқан жағдайда,
дәл (strikten) тәжірибеден себептілік байланысты дәлелдеп шығару анағүрлым сирек
болуы керек. Бір ғана тарихи тұлғаның жеке істерінің арасындағы байланысты сырттан
және денелік әсер ететін барлық жағдайлармен және солармен бір қатарда жатқан ми
құбылыстарының әрқайсысының мағынасына ене алатын болсақ қана, шамасы, біз толық
білімге (Einsicht) ие болған болар едік. Бірақ бұл тек қол жетпейтін мұрат, сондықтан біз
өзімізге көмектесу үшін, ең болмаса, сыртқы уақиғалармен оның арғы жағында бар деген
нәрсенің арасында психикалық импульстер енгіземіз. Болжамдық және ерекше бақылау
әдістемесін қажет ететін нәрсеге құбылыстардың сыртындағы ұстатпайтын жалпы
психикалықты ғана емес, сонымен бірге шамамен жорамалданған құбылыстың санадағы
ерекше мазмұнды да қабылдау жатады. Әрине, біріншіде, қаншалықты мұны гипотеза деп
есептеу оғаш болып көрінгенімен, ешқандай да алаңсыз қарапайым және тарихи
баяндаудың күмәнсіз іргетасы деп қаралмайды және сондықтан біздердегі саналылық пен
бейсаналылық құбылыстардың арасы өте сенімсіз (unsicher). Әсіресе бүтіндей топтардың
қозғалыс ісі болғанда, олардың өздерінің алдына қойған мақсаттарын және олардың
сезінген импульстерін бағалау арқылы ғана, біз оларды өзімізге қалай да түсіндіре аламыз,
әсіресе мұнда органикалық құбылыстар, алаңсыз бейсаналықтар көбіне шешуші болып
табылады. Және мұндайда, әрине, көп нәрсе, немесе барлық саналылығы баяғыда
жоғалып кеткен, бекіген қозғалыс механизмінің арқасында, немесе бейсаналық қозудың