Page 194 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
194
қолдайды; олар оған қосылады; сонан соң оның үстемдік етуге қолы жетеді; олар онан
ажырайды — бұл фактілерге психологиялық алғышарттарды қолдануға сәйкес өте
түсінікті қатарды құрайды. Дегенмен де, әуелде көрінгендей, бұл алғышарттардың болмай
қоймауы соншалықты мәжбүрлік (Zwingend) және дүдәмал жайт емес еді. Біреудің
тілектерін қолдау жолымен, біреулерге қайрымдылық жасау жолымен онымен татулыққа
және іс жүзіндегі шын берілгендікке жиі ие боласың, бірақта кері жағдай да болады.
Мысалы, Тречентодағы руаралық қанды алауыздықтың заманындағы бір атақты равенц
туралы бізге жеткен әңгіме бойынша, ол өзінің барлық жауларын бір үйден табылып және
олардың барлығын ұзақ сөйлеспестен қырып салуға мүмкіндігі болады; оның орнына ол
оларды босатқан және оның үстіне оларға көп сыйлықтар берген. Осыдан соң олар оған
қарсы екі есе күшпен және қулық пен оны құртқандарынша соғысқан көрінеді, —
қосымша түсіндірулер бойынша, оларға жасалған қайырымдылық олардың намыстарына
тиіп, сол оларға тыныштық бермепті. Бұл жерде де сыртқы уақиғалардың қатары бізге
толық түсінікті, егер тек біз оны психологиялық алғышарт түрінде толықтыратын болсақ,
арадағы түйін — қайырымдылыққа қарсы жиі өштестік туындататын және
қайырымдылықты іштей құрт болып кеміретін нәрсе, адамның азаматтық абыройына
байланысты езілу сезімі туралы пікір. Егер бұл мысалда, мүмкін, катысушылардың өз
психикалық көңіл-күйлерін өздері бейнелейтін тікелей пікірлерінің болуы тарихшы үшін
қосымша болжамдар жасап жатудың қажетін туындатпайтын болар еді, ал біздің
мақсатымыз үшін бұл бейтарап нәрсе; біріншіден, тек сыртқы уақиғаларда берілетін
мұндай жағдаяттарды оған сансыз рет жасауға тура келеді; екіншіден, егер ол, көңіл
күйінің олай да, бұлай да бола алатындығын білсе, және, егер өзінің тәжірибесінің
көмегімен оны қайта құра алатын қабілетті болған жағдайда ғана, ол мұндай тікелей
хабарды қабылдай алады. Мұнан әрі, Робеспердің мемлекет басына дейін көтерілуі
геберистердің оған қарсы қастандық әрекеттер жасауы тек олардың өшпенділігі мен
қызғаныштарынан туындағандығы бізге түсінікті. Бірақ қарама-қарсы нәтиже туралы да
хабарды біз, көп сөзге келместен, ықтимал деп қабылдар едік. Егер де Робеспьердің ұлы
тұлғасының толық дамуы, оның жеткен үстем жағдайы, бұл партияның барлық
қарсылықтарын өз мәнінде (innerlich) күйретті; егер де бұған қарсы өзінің бірдеңе істеуге
шарасыздығын түсініп, ол [партия, — ayд.] бейімделу мен бағыну жолымен бірлесіп
басқарудың ең аз бөлігін сақтағысы келгенде, біз қабылдаған психологиялық
нормалардың арқасында, мұндай мінез-құлық біздерге толық түсінікті болар еді; ең
болмаса, әскери диктатура дәуірі кезіндегі румдық сенаттың мінез-құлқын еске
алайықшы.
[10] Бұл айырмашылықтың негізін сыртқы фактіден іздеудің орнына біз, бір жағдайда -
қайырымдылық пен билік жетістігі біріктіруді туындатты деп, басқа жағдайда — бөлу
эффектісі болды деп, тынамыз. Тіпті, оның үстіне, бұл екі жағдайды да ерекшелейтін
көңіл-күйінің өзін, өз орайында, бұрын түсінікті болған көңіл аффектісін қабылдаудың
негізінде ғана келесі жағдайды білеміз.
Тағы бір мысал келтірейін. Кнапи (Der Landerbeiter, 82) крепостнойлық құқық
жойылғаннан кейінгі орыс аграрлық құрылымы туралы былай дейді:
[10-11-12-13-14] «Шаруалар жер иесіне ақыға мынандай және мынандай жұмыс істеуге
міндеттенді. Шаруалар мұндайға өте ықылассыз болды, себебі, жер иесі жерінде
бұрынғыдай жұмыс істеу фактісінің жалғасуы, құқық әкелген өзгерістен айтарлықтай
қанағат берген жоқ; және, бұл жер иесіне де көп көмек берген жоқ, себебі мәжбүрлілікті
ауыстырған міндетті (ausbedungene) жұмыс, төленетініне қарамастан, нашар атқарылады».
Бірінші, өзінен-өзі түсінікті көрінетін немесе, кем дегенде, онан әрі дәлелдеуді қажет
етпейтін негіздеме бойынша, бұрынғы сезімді туындатқан бұрынғы құрылым алаңсыз
өзгергенімен, бұл құрылым сырт қарағанда бұрынғыдай болғандықтан, онан туындаған