Page 193 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
193
байланыстың талабына сай толықтырамыз, яғни осындай толықтырудан ішкі байланыс
жалпы айқын көрінеді. Бірде-бір куәгер (Berichterstatter) бізбен қатар тұрып көрген
уақиғаны дәлме-дәл көргеніндей етіп айтып бере алмайды, деп бекем айта аламыз. Сотта,
көшедегі тәртіпсіздіктер туралы әр куәгерді сұраған кездегі әрбір әңгіме осыны растайды.
Тек ақиқатты ғана шын ықыласымен айтпақшы болған айтушы, өзі түсінген мағынаға
сәйкес, өзі тікелей көргені туралы шын дерекке бірдеңе қосады; және тыңдаушы да дәл
осылай өзінің тәжірибесі негізінде және қиялының бағыттауымен, көңіл күйінде, оған
айтылғаннан анағұрлым көп нәрсені көреді. Сезім әсерлерінің үзінділері, жеке объектілер
немесе қозғалыстар туралы бірдеңені бейсаналықпен қосу кезінде, бұған дейінгі біздің
тәжірибеміздің талап етуіне сәйкес, ақыл физиологиясы бізге сансыз фактілер жеткізеді.
Бұл өз мағынасын фактілердің жиынтығында да сақтайды; тарихты түсіндіргенде де, көңіл
дүниесінің үздіксіздігі мен дамуын, оның энергияларының арақатынастарын,
телеологиялық процестердің ағымын бақылағанда да сыртқы қосымшалар психикалық
жорамалдармен (Annahme) анықталады. Бұлардың барлығы бұл жерде тек еске түсіру
түрінде ғана емес, сыртқы жағдаяттарға байланысты жорамалданады, бірақта, керісінше,
жорамалданып қойылған соң, сыртқы уақиғалар, ішкі және сыртқы байланыстар
тәжірибесі туралы заңдар негізінде өлшеніп, ішкі құбылыстар қатарының үздіксіз
параллелін толықтырады. Міне, осы сыртқыны еркін толықтыру, ішкі жәй фактілерден
ғана шығарылмайды, керісінше, оларға жалпы алғышарттан енгізіледі дегеннің ең мықты
дәлелінің пайдасына жатады. Бір субъектінің басқа субъекті туралы шексіз бейсаналық
жорамалдары негізінде, басқаның ойы мен сезімдері туралы қорытынды жасауы, бұл
қорытындының, кем дегенде, салдарына қарап себебі туралы жасалынған қорытынды
болуы таза сыртқылардың бірі болып табылады. Күмәнсіз нәрсе, бүл қорытындының
дұрыстығын дәлелдеуге біздің күнделікті жағдайымыз бар, себебі біздің соған негізделген
істерімізге басқалар келешекке есептеген істерін ешбір күмәнсіз сәйкестендіре алады.
Бірақ жоғарырақ деңгейлі және аса күрделі жандық құбылыстармен байланысты қаралса,
бұл тұжырымдар күмәнді бола бастайды, шексіз адасушылықтарға әкеледі, және сол
себепті, ақиқаттырақ жағдайларда олар деректерге қосылған жәй жорамалдар ғана бола
алады, және олардың дұрыстығы олардың практикалық қолданылымының салдары болып
табылады, бұл олардың деректерден ақылдылыққа сәйкес туындайтын іштей қажеттілігі
болып табылмайды.
[7-8-9-10] Бұл күнделікті өмірдің жорамалдары, қандай да бір басқа ғылымдармен, тіпті
психология ғылымының өзімен салыстырғанда да, тарихи зерттеулерде толығырақ және
ықпалды түрде қайталанады. Психологияда бұл күмәнді жорамалдар зерттеудің пәні
болып табылады ; ал тарих психологиялық алғышарттарды дәлелдемей-ақ және ешбір
әдіссіз-ақ қабылдайды. Егер бұл алғышарттар соншалықты түсінікті және табиғи
(selbstverstandlich) болса, әрбір сыртқы факт бұлжымай және соған сай келетін тиянаққа
толығымен сәйкес жатқызылса да, оларды орнықтыру оңай міндет болмаған болар еді.
Оны шешуге қажетті қиын міндеттің және өнердің ерекше өсуі, кейде біздердің
байқайтынымыздай, бір ғана ішкі құбылыстан өте әр түрлі сыртқы салдарлар
болатынымен байланысты. Біздер үшін бұл бірінші құбылыспен бірге болатын рухани
құбылыстардағы айырмашылықтардың бар екенін немесе оның бұрынғы салдары
болғанын жорамалдағанда ғана түсінікті болады; осыған сәйкес, ол біресе біреуіне, біресе
алаңсыз қарама-қарсы — психологиялық нормаға телінуі керек. Мыс., Зибель 1793 жылғы
қайрымдылар одағының гебертистерге қатынастары туралы (Gesch. d. Revolutionszeit, II,
364): «Олар (геберистер) Робеспьермен осы уақытқа дейін тамаша қатынастарда болды,
себебі ол олардың күшіне сүйенді және соның салдарынан олардың тілектеріне қолғабыс
жасады. Бірақ оларды бір-біріне қайрылмастай етіп бөлген нәрсе — қарапайым жағдаят,
Робеспьердің мемлекеттік жоғары билікке мүше болып, ал геберистердің бағынышты
жағдайда қалғандығы». Сыртқы фактілер: — Робеспьер геберистердің тілектерін