Қазақстанның ашық кітапханасы
192
әрекеттердің арасындағы себептілік байланыс, олардан тікелей туындамайды. Бірақ,
екінші жағынан, қайта десек те, жалпы құқық формасын құратын априорлық тұжырым —
жеке жағдайлардағы заң шығаруды туындататын пікірлермен салыстырғанда,
айтарлықтай жалпы тұжырым. Мысалы, шындығында, дәлелдеу міндеті даулаушыға
жүктеледі деген қаулы, немесе дәстүрлі құқықтың әр түрлі мағынасын тану мақсатында
құрылатын фактілерді — бұл жағдайда құқықтарды — топтау, өзі құрайтын нақтылы
(фактылық) материалда болмаса да, оның мағынасы бірінші рет осыдан көрінеді.
[4-5] Кант, өз зерттеулерінде қарапайым сезімдік әсерлерді, тікелей дәлелдеуге келетін
фактілерді (Thatsachlichkeiten) тіркеумен шектелгісі келген эмпириктерге, өзінің сыни
өткір ойын толық құқымен бағыттады; ол, олардың кілең дәлелденбеген метафизикалық
қағидаларды пайдаланатынын өздері аңғармайтынын және солар арқылы сезімдік
деректердің арасында тәуелділік орнатқанда ғана олардың тәжірибелері түсінікті
болатынын көрсетті. Белгісіз және дәлелденбеген жорамалдардың әсерлері мен
қажеттіліктері Кант зерттеулеріндегі көрсеткеннен айтарлықтай көп. Практика да, теория
сияқты, әр сәт сайын эмпирикалық материалдың формаларының арақатынастарын, кез
келген берілген мазмұнды ерекше әдістермен белгілі бір ретке, көп түрлі аяқталған
формаларға келтірген, оларды өзара келістіретін және оларға мұқият көңіл аударатын,
рухтың ерекше пластикалық күшін пайдаланады. Бұл біріктіруші пікірлер (Verbindungen),
қағида түрінде айтылғаннан кейін, априорлық алғышарт сияқты көрініп, сана өзінің ішкі
функциясынан гөрі, салыстырмалы алғанда, сырттағы нақтылыққа қаншалықты
бағытталса, соншалықты еленбей қалады. Рух, өзінің саналы түрде ойланатындығын
жалпы түсінгенге дейін, ойдың аса көп мазмұны ол арқылы өтеді; ол өзінің ішінде
болатын құбылыстардан көп бұрын сыртқы дүниедегі нәрселерді байқайды және құбылыс
қаншалықты ішкі бола бастаса, соғұрлым психикалық болып табылады, деп айтуға
болады, — сана оның сыртқы көріністерінде (Erregungen) қаншалықты ұзақ кідіретін
болса, оған ол соншалықты кеш көңіл аударады; олар, өздерінің өзгерістерінің ала-
құлалығымен және өздерінің қарама қарсылықтарының тосын болатындықтарымен,
жанның контрастыққа сезімталдығын өздеріне үздіксіз аударады, онымен салыстырғанда,
оның формалдық функциялары сандық тұрғыдан өте шектеулілігінен, олардың
мазмұндары қаншалықты әр түрлі болғанымен бірдей көрінеді, және өздерінің бұрыннан
бар екендіктерімен және эндемикалық [«жергілікті жерге тән», — ауд.]
жалпылықтарымен, өздерін өзінен-өзі толық түсініктей етіп, сананы олардың үстімен
сырғып өтуге дағдыландырады. Бұл тұста, ақылдағы нәрселердің реттілігінің біріншілігі
— рухтың таным функциясы — біздің бақылау мен аңғаруымызда (Beachtung und
Веоbachtung) соңғы болып табылады деген Аристотельдің терең ескертпесі ақталады.
Бірақ бұл үйлесімдік түрлерінің бейсаналық үстемдігі нақты материалдан қаншалықты
алшақ кететінін Кант, барлық эмпирикалықтан өзінің априорлығын қатаң шектеуінің
салдарынан, толық түсінбеді.
[5-6-7] Оның жасағанымен салыстырғанда, қазірде біз тәжірибенің тарауын өте кеңге
жіберетін болғандықтан, біздер үшін априорлық барған сайын қашыққа шеттетілуде.
Адамдардың өзара қатынастары кезінің әрбір сәтінде, әркім, өзі нақтылы дәл айта алмаса
да, басқаларда руханилық құбылыстардың бар екендігін ескереді, өйткені мұнысыз
өзгелердің іс-әрекеттері мағынасыз және байланыссыз желікпе (sprunghafter)
қызбалықтардың (импульстердің) топтамаларындай көрінер еді; біз оларды, көзімізге
түскен нәрселердің қара дақтармен үзілген жерлерін байқамай, өзінен-өзі түсінікті көріп
қосатынымыз сияқты қосамыз. Тілдің көңіл құбылыстарын, сыртқы бақыланатын
нәрселерден алынған сөздермен көрсететіндей, біз ішкілерді тек сыртқылармен ұқсастығы
арқылы түсінеміз, соған сәйкес, адамдардың сыртқы әрекеттерін біз олардың ішіндегі
ниеттері арқылы түсінеміз. Сондықтан да, біз сыртқыны бірде ұйғарылған ішкі