Қазақстанның ашық кітапханасы
191
ойынындай қарамасақ, онда ол психикалық құбылыстардың тарихынан өзге ештеңе емес,
ал оның бейнелейтін сыртқы уақиғаларының барлығы, бір жағынан, импульстар мен
жігерлік акттердің, және, екінші жағынан, сезімдік рефлекстердің араларындағы
өткелдерден басқа ештеңе емес; соңғылар осы сыртқы уақиғаларда шешіледі. Мұны,
тарих қозғалыстарын адамдардың физиологиялық қажеттіліктермен және географиялық
ортамен түсіндіретін тарихтың материалистік түсінігі де ешбір өзгерте алмайды. Егер
аштық қинау сезімдерін туындатпаса, және кез келген экономикалық игілікке деген күрес
ыңғайлылық және ләззаттық сезімдер үшін күрес болмаса, онда ең алдымен ешбір аштық
дүниежүзілік тарихты қозғалысқа келтірмес еді; тек осындай мақсаттардың арқасында
ғана сыртқы иемдену мағынаға ие болады. Егер халықтардың психикалық күйіне тікелей
немесе жанама түрде өсер етпеген болса, онда жердің құнарлылығы да, климат та
тарихтың қозғалысына, Сүмбіледегі жер мен климат сияқты, ешбір қатысы болмаған
болар еді. Егер психология, заңдар туралы ғылымдай болған болса, онда, қазіргі
астрономиядағы қолданбалы математикадай, тарих ғылымы да соншалықты қолданбалы
психология болған болар еді. Егер филологияның міндеті түсінгенді тану болса, тарих
ғылымының мақсаты мәні бойынша сондай, тек онан да кен: түсінілген теориялық
тұжырыммен қатар пейілге алынған (Gewollte) және сезілген нәрселерді тану. Бұл тарихи
уақиғалардың мәністік сипаты (Sinner- lichkeit), бастапқы пункт пен мақсатты көрсетеді,
олардың сыртқы көріністерін әр түрлі бейнелейді — тарихнамалық білімнің теориясын
жасайтын ерекше болжамдардың бүтіндей қатарын туындатады.
[2-3-4] Біз бастаған абсолюттік a priori зердеден басқа, зерде ішінде салыстырмалы a priori
әрекет ететін тағы басқасы бар. Егер бірнеше рет жеке түсініктерден жалпы ұғым,
бастауыш пен баяндауыштан — пікір, бірнеше пікірден — қағида құрылатын болса, онда
осындай жолмен құрылатын формалардан материал толық өзгеше болады; ол да және бұл
да өздігінше дербес ойланылады. Бұл материалдың өзі априорлық пен еркіндікті өзіне
жинауы көп пе әлде аз ба, — біздің қарастырған жағдайымызда, ол өз орайында, бұл
мазмұнға априорлық болып табылатын, соған байланысты ақыл өз ісін онан әрі
жалғастырады; мазмұнда ол жоқ, ол оған оны сырттан енгізеді. Бірақ Канттың схемасына
сәйкес а priori-дың тек үш түрі бар: сезімдік материалдардан құрылатын түйсіктік a priori,
көзқарастардан (Anschaunngen) тұратын пайымдау (des Verstandes) a priori, және,
материалы пікірлер болатын ақылдық (Vernunft) a priori, — немесе, басқаның бәрі
пайымдау (Vers-tandes) а priori-не келіп тірелетін болғандықтан, тек шын мәнінде бір ғана
a priori; бірақ эмпирикалық бақылау мұндай бөлудің қателігі мен тайыздығын оңай
айқындайды. Түсінікті нәрсе, бұрын айқын мазмұнға ие болудың да, енгізілген өте әр
түрлі араласқан формалардың көп сатылы a priori бар. Бізге берілген материалды белгілі
бір түрге келтіруге мүмкіндік беретін, ассоциативтік функциялары (Verbindungsfunktion-
еп) шектеліп, жүйесінен шығып кетпеуі қамтамасыз етілген, ерекше әдісі жоқ. Барлық
материалдарға сәйкес келетін және жеке адамдардың тәжірибесінен асып кететін, және
арнайы, тіпті эмпирикалық қол жеткізуге болатын және, белгілі мазмұнға априорлық сапа
есебінде қолдануға келетін ең жалпы формалардың арасында; соған сәйкес, бір жағынан,
себептілік заңынан немесе әр түрлі пәндерден жалпы бір ұғымға келтірудің, және, екінші
жағынан, әдістемелердің немесе өмірдің жеке аясы туралы белгілі бір ғылымдағы өзге
болжамдардың араларында да, қатаң, жүйелі қырлар (Scheidungen) емес, бірте бірте
өтулер бар. Мысалы, кез келген құқықтың құрылуы белгілі реттіліктің қажеттілігін
мегзейді. Адамдардың өзара қатынастары нормаларды бекіту жолымен ғана ондай
тәртіпке қол жеткізуге және олардың қылмыстары үшін жазаларды анықтауға мүмкіндік
береді, бұл — өте жалпы априорлық тұжырым, оның салдары белгілі форма, яғни бұған
дейінгі түсініктердің сәйкестенуі. Бірақ заңдар жасауға бағытталған бұл сәйкестік форма,
алайда соншалықты жалпы емес, мысалға алсақ, құқықтардың пайда болуына қажетті
және құбылыстардың арасынан табуға болатын психикалық әуендер мен сыртқы