Page 190 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
190
бөлу қажеттігін көрсеткендігін, тіпті тарихшының тарихи болмыстың мазмұндық
тереңдігін ашып көрсетуде «суреткер болуы керек» деген қағидасын жоғары бағалайды.
Себебі тарихи процестер тек заттық-өндірістік процестер емес, рухани-мәдени, күнделікті
өмірдің өзіндей күрделі құбылыстардан туындаған, сондықтан оларды жан-жақты көрсету
тарих ғылымы үшін қай кезде де күн тәртібінен түспейтін мәселе.
Біздіңше, бүгінгі егемендік алған Қазақстанның тарихының кейбір жағын тереңдетіп, ал
басқа бір жақтарын алғашқы рет зерттеуге алып отырған кезде, Зиммельдің мына бір екі
ойын ескерген маңызды сияқты: 1) біреудің сөзін естігенімізде біз оның өзін түсінбейміз,
айтқанын түсінеміз; ал айтушының өзін, оның неге олай деп отырғанын түсіну үшін, оның
рухани дүниесінің негізгі қағидаттарын түсінуіміз керек; 2) егер біз белгілі бір нәрсені
түсінбесек, оны тарихи материал есебінде қабылдамаймыз, сонда бұл біздің жәй
субъективтік ішкі дүниеміз сияқты ғана нәрсе емес, шындығында бұл, біздің сол нәрсеге
объективті түрде қарсы тұрғанымыз болып табылады. Осы тұрғылардан алсақ, онда
егемендікке дейінгі Қазақстан тарихындағы кейбір естілген нәрсенің неге солай
айтылғандығы тек біржақты экономикалық мүдделер, таптық күрестер, социалистік
реализм сияқты тұрғылардан ғана түсінілген еді. Ал екінші бір нәрселер естілсе де
естілмегендей жабық күйінде қала берген еді, яғни мақсатты түрде объективті болған
нәрселер болмағандай тұмшаланған еді. Ал шынында, Еуропа тектес дүниетанымдар (әр
түрлі «-измдер», таза рационалдық-қисындық т. б.) тұрғысынан қаралғандықтан, алаңсыз
түсінілмей қалған нәрселердің қаншалықты екендігін қазіргі кезде шамалап та елестете
алмаймыз. Соларды зерделеудің теориялық-әдіснамалық бастауларының және
философиялық мәселелерінің бір тобын Зиммель шығармасынан кездестіре аламыз.
ГЕОРГ ЗИММЕЛЬ
ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Алғысөз
Бұл зерттеудің кіріспесінде бір нәрсемен шектелуге болады: қайталап айтсақ, оның таза
таным теориясы сипатында екендігі. Адам әрекеттері теориясы барлық жағдайда олар
үшін қойылған нормалармен қатаң шектелген, сондықтан таным теориясына іштей тән
талдау ғана, тек оның элементтерін белгілеу ғана, оның өзі қойған мақсаттарына деген
қатынасын және басқа білімдердің қатарындағы жеке орнын анықтау қолданылады. Бірақ,
төмендегі ойлардың мақсаттары — тарих тәжірибесі мен тарихты философиялық зерттеу
білімдерін сынауды даярлау туралы ойлау жоқ, бұл пікірлер танымның өзінің
негіздеріндегі бір нәрселерді өзгертуге бағытталғандығы туралы да ойланбайды;
керісінше, жақын уақыттағы олардың ісі оларды бұрынғыдан да нығайту.
Бірінші тарау
ТАРИХИ ЗЕРТТЕУДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ
АЛҒЫШАРТТАР ТУРАЛЫ
[ 1 -2] Егер таным теориясының жалпы шығатын жағдайы, таным — формалдық
тұрғыдан алғанда — көрсету сияқтыдан басқа ештеңе емес, ал оның субъектісі — жан,
онда тарихи танымның теориясына байланысты онан да коп мәселені айтуға болады, оның
материалы — түсінік, жігер және сезім, ал оның объектісі — жандар. Егер жанның
қозғалысынан барлық сыртқы уақиғаларды, саяси және әлеуметтікті, экономикалық және
діниді, құқықтық және техникалықты және сондайларды туындатпаса, біздер үшін олар
соншалықты қызықты да, түсінікті де болмас еді. Егер тарихқа қуыршақтардың