Page 189 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
189
тұрғылықты жер Страсбургтегі университетке толық профессорлық штатқа алынды. Бұл
оның бұл дүниеден озарынан 4 жыл ғана бұрын болған еді.
1871 ж. Пруссияның Францияны жеңіп, онан алған 5 млрд. франк контрибуция
Германияның индустриясының дамуына үлкен бастама болды. Бұрынғы шағын және
тыныш қала Берлин жаңа өндіріс орталықтарының біріне айналды: темір жолдар, электр
қуатымен жұмыс істейтін жаңа өндірістер, концерндер көптеп ашыла бастайды. Берлинге
селолық жерлерден жұмысшылар қатарына халық ағылып келе бастады. Бұрынғы
әлеуметтік қатынастардың нормалары: қала шенеуніктерінің таныстықтармен басқару
жүйесі, зиялы топтарының арасындағы жұрттың бәріне белгілі бір ағымды құндылықтары,
ортақ ғылыми мәселелері жаңа өмірдің екпінді ықпалдарына ұшырады. Осындай күрделі
және тез өзгерген қоғамдық қатынастар Зиммельдің социология ғылымымен айналысуына
үлкен себепші болды.
Зиммель өмірдің жаңа құбылыстарын әуелгі кезде конттық позитивизм тұрғысына
талдамақ болады. Бірақ қоғам өміріндегі күйзелістерді түсіну үшін, ол жалпы мәдениеттің
күйзелісін талдап түсіну керек, деген тоқтамға келеді. Зиммель: «Социология — нақтылы
бір себептер мен мақсаттықтарға байланысты болатын «рух» және «адамзаттың қоғамдық-
болмыстану» процесін зерттейтін ғылым», — деп анықтайды. Мұндай мазмұндық кендік
социологияның объектісін әлеуметтік ғылымдардың бәрінің мазмұнын қамтитын объектке
айналдырады. Сондықтан социология кез келген әлеуметтік фактіні қоғамның ең ауқымды
жүйелік формалары мен мазмұндары тұрғысынан зерттеуге мүмкіндік береді. Басқаша
айтқанда, қоғам өмірінің тұтастығы социология ғылымының мазмұнына айналады. Өз
объектісінің мазмұнының ауқымдылығы тұрғысынан алғанда, социология ғылымына тек
тарих ғылымы ғана теңесе алады. Себебі, егер социология бүгінгі күннің тұтастығын
зерттесе, онда тарих өткен заманның тұтастығын зерттейді. Сондықтан тарихтың
салалары өте көп. Осы тұрғылардан алғанда, социология мен тарих ғылымының арасында
терең байланыс бар. Бұл байланыс тарихтың мазмұны мен формаларын тиянақты зерттеу
үшін оған социологиялық тұрғыдан қарау қажет болады.
Зиммель нақтылы бір тарихи құбылысты екі тұрғыдан, — (1) сол кездегі өзге
құбылыстардан нақтылы бір көзқарас немесе заңдылық тұрғысынан бөліп алып және, (2)
өз орайында, оның өзінің қандай себептерден туындағандығын, — зерттеу керек дейді.
Сонда тарихи құбылыс тек заттық нәрселердің жиынтығы ғана емес, процесс тұрғысында
анықталады. Мұндай процестің негізіне социологиялық тұрғыдан қарасақ, онда оның
адамдардың күнделікті тіршілік кезіндегі қарым-қатынастық, іс-әрекеттік, әсіресе
олардың мақсаттық, көңіл-күйлік қатынастарынан құрылатындығын көреміз. Сондықтан
тарихшы өзі зерттеп отырған кезеңдегі адамдардың өмірін осындай психологиялық-
рухани негіздер тұрғысынан қарауы керек. Зиммельдің осы ойларының бір тобы төменде
аудармасы келтіріліп отырған жұмысында да қарастырылған.
Зиммель өзінің шығармашылық жолының соңғы кезеңдерінде психологиялық мәселелерді
асыра бағалауынан қайта бастайды. Ол қоғамдық құбылыстардағы психологиялық
мазмұнды әлеуметтік психология ғылымы зерттеуі керек деген тоқтамға келеді. Ал тарихи
процесті қоғамның «формаларының формасы» деп қарап, жалпылық құбылыстарға басты
көңіл болу керектігіне ден қояды. Зиммель: «Философиялық болмыстың тұтастығын
түсінетін және жекешені тұтастықпен байланысты зерттейтін — адам», — дейді.
Сондықтан тарихтың философиялық проблемасын қарау — тарихи процестің тұтастығын
зерттеу деп біледі.
Дегенмен қазіргі кездегі Зиммельдің ғылыми шығармашылығын зерттеушілер оның
тарихшының бұрынғы құбылыстарды зерттеу кезіндегі психологиялық мәселелерге көңіл