Қазақстанның ашық кітапханасы
19
салынған, өз жоспарларының әр түрлі сатысын орындағанымен, ойлауын тоқтатпайтын
адамның парасатты мақсаттары бар. Егер ақыл терең пайымдап, өзіндік мақсаттың биік
нүктесіне жақындаса, одан енді оңға да, солға да бұрылуға болмайды, бұл жасампаздық
нәтижелері де үлгілі болып шығады; барлық уақыттардағы адам ақыл-ойының мәңгілік
ережелері де солардан көрінеді. Айталық, мысалы, Египет пирамидасынан немесе грек
және Рим өнерінің кейбір туындыларынан жоғары тұрған әлдебір дүниені көзге елестету
мүмкін емес. Олардың бәрі де адам ақыл-ойының өзіндік бір маңызды проблемаларды
түпкілікті шешуін көрсетеді. Сондықтан сол проблеманың өзін қайткенде жақсырақ
шешуге болар еді және оны әлі шешілмеген-міс деп қандай да бір болжау жасаудың түкке
де қажеті жоқ, өйткені олардың арнайы белгіленген мақсатты толық орындап біткені,
неғұрлым оңай, алуан түрлі, тамаша тәсілмен орындап біткені даусыз. Бұдан бұлтару
қателесуге соқтырар еді, және, тіпті қатені мың мәрте қайталап, шамасыз көбейткеннің
өзінде, бәрібір қол жетіп қойған мақсатқа, өзіндік бір ұлы мақсатқа, ең бір жоғары нүктеде
тұрған мақсатқа кайта оралуға тура келер еді.
4.
Сондықтан мәдениеттің бір тізбегі өзінің ирегімен және қашанда бір жағына
ауытқи тартатын сызығымен біз қарастырған ұлттардың бәрін, сондай-ақ енді
қарастыратынымыздың бәрін біріктіреді. Бұл сызық ұлттардың әрқайсысы үшін қандай
шаманың ұлғаятынын, ал қандайының азаятынын көрсетіп тұрады, және ол жететін
жоғары нүктелерді, ең биік шаманы белгілейді. Қайсыбір шамалар бірін-бірі жоққа
шығарады, енді біразы бірін-бірі шектейді, бірақ, ақырында, тұтастай алғанда белгілі
шама-шарық мөлшеріне келеді, сондықтан ұлттың бір бағытта жеткен кемелдігі негізінде
оны барлық бағытта соған жетті деген қорытынды жасау мейлінше жалған тұжырым
болып шығар еді. Егер, мысалы, Афинада тамаша шешендер болған десек, бұл ондағы
басқару формасы да өте жақсы болған дегенді білдірмейді, ал егер бүкіл Қытайға өз
моралі сіңірілген болса, бұл Қытай мемлекеті барлық мемлекетке үлгі деген сөз емес.
Басқару формасы шешеннің тамаша нақылдарымен немесе көтеріңкі рухтағы сөзімен
емес, басқа өлшем биігімен сәйкестендіріледі, дегенмен, ақырында, ұлт игерген нәрсенің
бәрі де өзара байланыста болып, бірін-бірі жоқ ететіні немесе шектейтіні де рас. Адамдар
арасындағы байланыстың барынша жетілуі — міне, мемлекеттің бағын жандыратын күш
осы, басқа ешқандай биік шама-шарық бұған жеткізе алмайды; тіпті, егер халықта кейбір
тамаша қасиеттер болмаған жағдайдың өзінде, бұл солай болады.
5.
Тіпті бір халықтың өзінде оның еңбегімен жеткен ен биік шама қашанда мәңгілік
тұрмайды және қашанда бұлай тұруға тиісті де емес, өйткені ең биік шек — уақыт
сызығындағы нүкте ғана. Бұл сызық тоқтамайды, алға тарта береді, ал тамаша нәтиже
беретін жағдаят көп болған сайын, ол жойылуға бейімделе, өткінші уақытқа тәуелді бола
түседі. Үлгілердің басқа дәуірдегі халықтар үшін заңға айналғаны дұрыс та болған шығар,
қазір олай емес, өйткені тікелей мұрагерлер, әдетте, ең биік шама-шарыққа тым тақау
келеді әрі, кейде, тіпті өзі жеткен ең жоғары нүктеден асып түсуге әрекеттенемін деп,
төмен сырғып түседі. Ал өмір сүріп отырған халықтың нақ өзінің төмен сырғуы бұдан да
тез әрі қауіпті - ол қайнау нүктесінен қату нүктесіне бір-ақ жетеді.
Жекелеген ғылыми пәндердің тарихы, жекелеген халықтардың тарихы мұндай
максимумдарды есептеп шығаруы тиіс, сондықтан мен тым болмағанда, ең атақты
халықтар туралы және ең белгілі замандар туралы осындай тарих жазылғанын қалар едім,
өйткені біз қазір тек тұтастай адамзат тарихы туралы және оның әр түрлі формаларда, әр
түрлі климат аймақтарында бастан кешірген негізгі хал-жайы туралы ғана айта аламыз.
Адамзат тарихының негізгі жай-күйі — адамгершілік рухы, яғни қоғамдағы таптардың
барлығында, адамдар айналысқан барлық істе ақыл-ой мен әділеттілік, иә, тек осылар ғана
болуы керек. Сонымен бірге мұндай хал-жайдың негізгі болуы — қайсыбір шексіз
билеушінің соны қалауынан да емес, дәстүр күшінің барлық адамдардың көзін соған