Қазақстанның ашық кітапханасы
188
«қазыналық» шағымдар мен өтініштермен салыстыра отырып, қызықты бақылау жасады.
Бұл іс жүзінде әр түрлі адамдар қолданған әр түрлі тілдер болды. Баяндамашының «бұл
шолуы екі жақты мақсатты көздеді. Ол, біріншіден, кей кезде ауызша баяндауға сүйене
алатынына тарихшының көзін жеткізу. Екіншіден, мұны тек жазбаша деректерге сүйене
отырып жасауы тиіс екенін оның есіне салу».
А. Дюпрон арнайы сөздіктерді дайындауға және шығаруға байланысты бірнеше
тәжірибелік кеңес ұсынды. Оның айтуы бойынша, «жеткілікті мөлшерде алынған сөздер,
ұжымдық мәдени әлемнің дүниетанымы мен көзқарасының» сөздік айтылуын анықтауға
көмектесер еді. Оның пікірінше, «бұл әлеуметтік топ пен оның мәдениеті арасындағы
өзара қарым-қатынасқа талдау жасауда құнды дерек бола отырып, бүл топтың өзін тануы
жайлы пікір айтуға мүмкіндік береді. Автор мұның нәтижесі ретінде тарихи сынның
негізгі қағидаттарын анықтауға болар еді».
Жалпы алғанда А. Дюпронның сөйлеген сөзі эклектикалық сипатта болды және батыс
тарихнамасында таралған көптеген сенімдермен толықтырылған. Соған қарамастан,
тарихшы тіліне деген үлкен қызығушылықты ескере отырып, маңызды орын бөлдік.
Тарихшының тіл мәселесі бүгінгі күні де әлсіреген жоқ және аталған мәселемен ары қарай
да жұмыс істеу қажеттігін көрсетеді. Сонымен қатар бұған үлкен көңіл бөліну себебі өте
жиі тарихи зерттеуде жасалатын қорытындының дәлдігімен және бұл қорытындыны
негіздеудің көмескілігі арасында қарама-қайшылықтың сезілуі нәтижесінде болып
табылады. Кейбір жағдайларда мұның объектілік себептері болады. Тарихи талдаудың
күрделі және жан-жақты болуы, авторды зерттеуде ақылға қонбайтын баяндауға жүгінуге
мәжбүр етеді. Егер ол нақтылықпен, байлықпен және тілдің әдемілігімен сүйемелденсе,
одан оқырман ұтады.
Алайда ондай жиі бола бермейді. К.Д. Петряев: «Афористік логикалық үдеріс
сабақтастығының куәсі болып табылады, оның құндылығы өте қысқаша түрде
бейнеленген қорытындылар мазмұнының көлеміне тікелей байланысты» — дейді. Тарихи
еңбектердің афористік маңызын асыра сілтемей-ақ, оның артып кеткен көлемін
қысқартуға қол жеткізуге болады. Мұны керекті жерінде таза көрнекі материал беру
арқылы қысқартуға болады. Өте коп нәрсенің тарихшы тіліне байланысты екенін жоққа
шығаруға болмайды.
Тәржімалаған
Назарбек Қанафин
ГЕОРГ ЗИММЕЛЬ
(1858-1918 жж.)
Г. Зиммель 1858 ж. Берлин қаласында дүниеге келген. 23 жасқа жеткенде Берлин
университеті философия факультетін бітіріп, Кант философиясынан докторлық
диссертация қорғаған. Зиммельдің ғылымдағы осындай қарқынды бастауын, оның
ғылыми жетістіктерін зиялылар қауымы жоғары бағалағанымен, мемлекет тарапынан
қолдау болған жоқ. Мұны оның ғылым докторы бола тұра, Германиядағы бірде-бір
университетке отыз үш жыл бойына, қанша сұранғанымен, басқа да беделді адамдардың
оған
қолдау
көрсетіп,
ұсыныстар
жасағанымен,
профессорлық
қызметке
бекітілмегендігінен көреміз. Мұның себебін, Зиммельдің өмір жолын зерттеушілер, XIX ғ.
соңғы ширегінде Германия мемлекет шенеуніктерінің арасында басталған антисемиттік
ағымның салдары деп есептейді. Зиммель тек 1914 ж., 56 жасқа келгенде ғана, қала тектес