Қазақстанның ашық кітапханасы
187
Кейбір жағдайларда ол тікелей саяси насихаттық мақсаттан туындаған. Тарихи фактілерді
бұрмалап көрсету жастарды тәрбиелеуге бағытталған тарих пәні бойынша оқулықтарға
кірген кезде, бұл ерекше қауіпті сипатқа ие болды. Өкінішке орай, мұндай мысалдар аз
емес, сондықтан бірқатар елдердің жас ұрпағы маңызды тарихи оқиғалар туралы
бұрмаланған мәлімет алады.
1970 жылы Мәскеуде болған тарихшылардың халықаралық XIII Конгресінде француз
тарихшысы А. Дюпрон «Тіл және тарих» атты баяндамасында, «тарихшылар мазмұны
бірнеше рет өзгеріп отырған терминдерді қолдануда онша талғағыштық танытпайды», —
деп атап көрсетті. Мысал ретінде «революция» сөзінің әр түрлі мағынада қолданылуына
сілтеме жасайды. Осы мысалды академик j И.И. Минц бес жылдан кейін Сан-
Францискода өткен тарихшылардың XIV Халықаралық Конгресіндегі пікірталаста да
келтірді. Алайда А.Дюпронның баяндамасы тұтас алып қарағанда қойылған мәселенің оң
шешімін бермейді. Ол тарихшылар қолданып жүрген бұл ұғымның бастапқы
мағынасынан шегініс жасай отырып, сөздің немесе тілдің «мәні»деген ұғымды ұсынды.
Ол тарихи құжаттардың тілін түсіндіруді үйлестірудің қажеттігі жайлы дұрыс ой білдіре
отырып, баяндамашы өзінің тарихшылар қаруланып отырған семантикалық жинақты
ретке келтіру жайлы үндеуін көп жағынан құнсыздандыратын бірнеше қате мәлімдемелер
жасады. Оған тарих ғылымын қоғамдық дамудың объектілік заңдылықтарын анықтайтын
және орнататын ғылыми пән ретінде түсіну жат нәрсе. Сонымен бірге ол тарихшыға
«тарихи ескерткіштің түпкі мәнін одан да жақсы түсінуге қабілетті сияқты болып көрінген
«психоаналитикті» қарсы қойып фрейдистік еліктеуге беріледі».
А. Дюпрон мағынасына ықпал еткен белгілі бір тарихи құжат пайда болған психикалық
жағдайға үлкен көңіл бөледі. Ол «халық әндеріне, романтикалық символикаға, монастырь
қабырғаларындағы әшекейлерге, көне заманғы қолжазбалардың дайындалуына, дін ілімі
жайлы еңбектердің түрлері мен тіліне т.б. тығыз байланысты» ... Тек барлық осы жолдар
арқылы бір уақытта монастырь мәдениетінің қара және ақ дінінің статистикалық әлеміне
енуге болады.
А. Дюпрон «ойлаудың ұжымдық түріне» талдау жасауды қолдады. Мұндай мәселенің
қиындығын мойындай отырып, ол өткен кезеңдерден сақталған уақыт жағынан үйлесе
орналасқан заң жүйелерінің тым болмаса шектелген байланысын орнатуды ұсынады. Ол
бүл «мағынаны» анықтаудағы анағұрлым тура және дұрыс жол деп есептеледі. Бұл жерде
де, басқа жағдайларда да А.Дюпрон мәселеге тарихшы емес, лингвист көзқарасымен
қарайды. Ол тарихи ғылымды жазбаша деректің авторына немқұрайлы қарайды, автордың
ойымен, оның шынайы ниетімен санаспай, деректегі барлық эмпирикалық материалды
пайдалануға ұмтылады деп кінәлауға бейім. Бұл жерде ол тұтасымен тарихи деректі сынау
саласына енеді, ал іс жүзінде зерттеушінің негізгі, белсенді рөлі жайлы теріс көзқарас
ұстанады. Тек кей кезде ғана оның ауқымды баяндамасында «жазбаша тарих — ол
жөнінде дауласпай-ақ қояйық!» — деген тарихи келешекті түсінуі жайлы ой көрініс
береді. Алайда оны зерттеу барысында оның шектеулігі анық көріне бастайды: біз ресми
нұсқадан және пайдаланар жазудан, стандартталған ұжымдық жадыдан басқа - одан да
үлкен күрес пен құмарлықтан, ойдың тұтануы, кенет ақпарат айырбасы, жасаушы
факторлардан туындаған жалпы түсініктердің — тарихтың мүлде басқа материалы болып
табылатындығын және бұл басқа тарихтың материалы екенін, бұл басқа тарих шынында
да уақыт рухын анықтауға ұмтылатынын білеміз. Соған қарамастан, казіргі кезге дейін
телефон мен кино өмірге кенет салдардың тұтас серияларын енгізген кезде тарихнама оны
оның барлық сиқырлы түрлерімен бірге бағалай алмады. Біздің өткеніміз, әсіресе жаңа
тарих пен қазіргі заман тарихында қазірге дейін қағаз кендері арқылы созылып жатыр.
Шынымен де біз тек жазбаша куәлер жайлы ғана ойлануға мәжбүр болдық па? А. Дюпрон
әр түрлі кезде түскен жеке шағымдар мен өтініштерді, кәсіби алпауыттар баяндаған