Қазақстанның ашық кітапханасы
186
терминімен, оның«тілімен»тығыз байланысты деген тұрғыда қарады. В.И.Ленин ғылыми
коммунизмнің негізін қалаушылардың қажырлы күресін жоғары бағалады.
A.M. Дебориннің «Диалектикалық материализм» деп аталатын еңбегімен таныса отырып,
В.И. Ленин авторды оның «өз білімін қолдана алмаған тілін» қатты сынады.
Тарихи және ғылыми еңбектердің теориялық тереңдігі толығымен зерттеуші қолданған
тілдің анықтығы мен мөлдірлігіне байланысты. К. Шмидтке (12 наурыз 1895 ж.) жазған
хаттарының бірінде Ф. Энгельс неміс университетінде таралған «тұтас пәннің мәнін
төмендетіп, өте жиі жекеліктерге байланысты білгішсінудің эклектикалық тәсілін мазақ
етті». Өз жұмысының тілі және тәсілі жайлы К. Маркс өзі былай деді: «Менің
шығармаларымда қандай кемшіліктер болғанымен, оның бір артықшылығы бар, ол көркем
тұтастықты білдіреді...», - деді.
Көптеген буржуазиялық тарихшылар эклектизмді мадақтай отырып маркстіктерді
«ымыраласпайтындығы» үшін сынады. Батыста тек нақты-әлеуметтік талдау жасау
арқылы дайындалған өте «шектелген» қорытындылардың кең таралуы көңіл аудартады.
«Тарихшы тілі» жайлы мәселе жалпы әдіснамалық сипатқа ие болып, іс жүзінде тарихи
майдандағы әдістемелік ымыраласуға әкеледі.
XVIII ғасырдағы өз кезеңінің алдыңғы көзқарас ұстанған буржуазиялық тарихшылары өте
жиі антикалық авторларға еліктеді. Осылайша, Э. Гиббон Тацитке еліктеді. П. Геяның
пікірінше, Э. Гиббон мен Тациттің тілінің стилистикалық жақындығы және кейбір
құрғақтығы тек олардың әдістеріне ғана байланысты емес, сонымен бірге,
көзқарастарымен де байланысты. «Екі тарихшы да таза адамдық жағдайларға баса назар
аударды. Олардың атаған себептерінің ішінде табиғаттан тыс араласу, құдайдан құдіретті,
абстрактілі күштер жоқ; олардың тарихының негізгі және жалғыз пәні адамның
құмарлықтары. Сондықтан да екеуі де тарихтың бірінші мақсаты ретінде, тарихтағы
әрекет еткен тұлғалардың рухтарына терең ену деп есептейді», — деді.
XIX ғасырдағы консервативтік көзқарастағы неміс тарихшысы Л.Ранке оған толық
Э.Гиббонға қарама-қайшы сөйледі. Оның тарихи материалды баяндау әдетінде мистизим
сіңірілген. Л.Ранкенің пікірінше, әлемдік тарих үдерістері — тек құдайдың кәсібінің
бейнеленуі. Оның күшті билігін және кез келген әрекетін ақтай отырып, Л.Ранке
Л.Геяның айтуынша, «рухани маңғаздық мантиясын қорқынышты адамдар мен
қорқынышты істерге лақтырды. Л.Ранке тарихының философиясы оны кешірілмейтін
нәрсені кешіруге итермеледі». Л.Ранке құдай қызметін зор ықыласпен зерттеді, ал
«Л.Ранкенің құдайы пьеса жазатын, декорация құрастыратын, қойылымды басқарып және
актерлердің өз рөлдерін қалай орындайтынына бақылау жасайтын өлмейтін драматург
болды».
Кейбір жағдайларда тарихи шығармалар тілінің күрделі және күңгірт болуы олардың
авторларының өз көзқарасын «түп нұсқалық», «жаңашылдық» ретінде көрсетуге тырысуы
дәлелдейді. Ол Р. Гародидің «еңбектерінен» анық байқалады.
Тек жалпы идеялық мазмұны ғана емес, кей жағдайда тарихнамалық жұмыстардың іс
жүзінде материалды баяндауда қолданылған нақты түрлері де тарихи үдерістің қарама-
қайшылығын, белгілі бір таптардың саяси мүддесіне қызмет етуін жасырады.
Буржуазиялық тарихшылардың марксистік тарихнаманың «ымырасыздығы» жайлы
шағымдары жалғандық сипатта екенін атап өту керек. Тарихи материалды баяндаудағы
тенденциялықтық-буржуазиялық тарихнамаға тән белгі.