Page 185 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
185
тікелей қатысушыларының ауызша әңгімелерінде дыбыстық жазу техникасы кеңінен
қолданылады.
Ауызша тарих өз жазуы болмаған халықтарда ерекше маңызға ие болады. Бұл
халықтардың тарихи өткені жайлы мәліметтер өте жиі бір-біріне ауызша беру арқылы
сақталады. Ол ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Африкалық дәстүрлі қоғам жөніндегі
ағылшындық маман Д.Хенидж ауызша аңыздарды тарихи дерек ретінде бағалауға
сақтықпен қарайды. Дәстүрлі әңгімелер келешекке маңызды деп есептелген аспектілерді
бөліп алып келешекке беру үшін арналған. Ол ауызша әңгімеде беріліп отырған
оқиғаларға қандай бір ұзақтық түрін беру ұмтылысын білдіреді. Д.Хенидж «сондықтан да
поэзия, батырлар туралы аңыздар, ертегілер, тағы сол сияқты ауызша шығармашылық
түрлер қарастырудан алынып тасталады, өйткені олар іс жүзінде сабақтастыққа және
жалғастыққа немқұрайды қарайды», — дейді.
БД.Греков пен Б.А.Рыбаков бұған қарама-қарсы пікірді ұстанады. Б.А.Рыбаков «Ежелгі
Русь» деп аталатын зерттеуінде ауызша деректердің әр түрлілігін білдіретін аңыздар ылғи
да алыс өткен өмірде болған шынайы тарихи оқиғаларды білдіреді деген пікір айтады.
Б.А.Рыбаков орыстың аңыздағы батырларын тек тарихта шынайы болған адамдармен ғана
салыстыруға ұмтылған жоқ, сонымен бірге олардағы суреттелген оқиғаларды да
салыстыруға ұмтылыс жасады.
Ауызша эпостың мазмұны ойдан шығарылған деген басқа көзқарасты жақтаушыларды
сынға ала отырып, Б.А.Рыбаков Б.Д.Грековтың: «Аңыз — халықтың өзі баяндайтын
тарих» — деген тезисін жақтайды. Қазіргі кезде тарихшы әрі әдебиетші Д.А.Лихачов
басқарып отырған бүл бағыт эпосқа тарихи көзқарастың сақталуына қамқорлық жасайды:
оны кеңестік тарихи мектеп деп атауға болады.
Ауызша тарихты зерттеу мәселесі жазуы болмаған халықтар үшін ғана маңызды емес.
Әлемнің барлық дерлік елдерінде көптеген нақты тарихи деректер әр түрлі себептермен
жоғалып кетті. Ауызша аңыздарда, фольклорлық шығармаларда берілген тарихи
ақпаратты пайдалану мүмкіндігі бар екені сөзсіз. Бірақ ол зерттеуші тарапынан сыни
көзқарасты талап етеді.
Өткен өмір жайлы түсінікті кеңейтуге ықпал ететін, бұрын белгісіз жаңа деректерді іздеу
жалғаса береді.
ТАРИХШЫ ТІЛІ
Кез келген ғылыми білімде аталған білім жайында жүйеленген логикалық түсінікті беруге
және бейнелеуге байланысты тіл мәселесі бар. Тарих ғылымында да бұл мәселе орын
алған. Тарихи білімді беру түрі үлкен көңіл аудартады және идеялық, сондай-ақ
теориялық қарама-қайшылықтар өте жиі пікірталас нысаны болып табылады.
Шет ел тарихнамасында «тарихшы тілі» мәселесі күн тәртібінен түспейді. Аталған
мәселеге өте жиі кеңейтілген түсініктемелер беріліп отырады, өйткені оны жалпы ақпарат
беру сияқты ауқымды мәселемен байланыстыруға тырысады.
Марксистік-тарихи ғылым үшін бірінші кезекке маңызды мәселе тарихшының тілін
тазарту және жетілдіру мәселесі жылжытылады. Бұл мәселе оны қарапайымдандыру
арқылы емес, нақты түсіндіру, анық баяндау, соңында автордың негізгі жағдайларын
негіздеу арқылы шешілуі тиіс деп есептейді.
Ғылыми тілдің тазалығы және қаталдығы үшін күресті марксизм классиктері талмай
жүргізді. Олар бұл мәселені тарихшының анық таптық көзқарасы, оның колданатын