Қазақстанның ашық кітапханасы
184
және оның құрамына кіреді» деп есептейді. Бұл жағдаймен келісу қиын. Тарих
ғылымында моделдеудің жүзеге асуы өте қиын, өйткені ол зерттеу нысанын болған орны
мен уақытының нақты жағдайларынан шектейді. Дерек пен теорияның арақатынасына
келетін болсақ, деректе берілген кез келген ақпараттың теория арқылы өңделетіні және
басқа деректермен салыстырылу арқылы түсіндірілетіні белгілі.
Сонымен қатар тарихи тәжірибеге ұмтылу мүмкіндігін толық жоққа шығаруға болмайды.
Н.А.Ерофеев тарихи ғылым саласындағы деректерді тексеруге және кейбір жерлерін
түзетуге жағдай жасаған бірқатар тәжірибелердің мысалын келтіреді. Атап айтқанда ол,
норвегиялық ғалым Т.Хейердалдың «Кон-Тики» плотындағы және «Ра» кемесіндегі
белгілі саяхатын, сонымен бірге 1939-1940 жж. Колумбтың жолын қайталаған
американдық Морисонның белгілі саяхатын келтіреді. Колумбтың кемелік журналын
басшылыққа ала отырып, Морисон Батыс жарты шарға жетіп, Колумб жасаған жазбалар
мен бақылаулардың нақтылығын анықтады.
Тарихи деректерді зерттеу өзінің бірінші мақсаты ретінде оны жасаушылардың мақсаты
мен көніл-күйін ашуды қояды. Бұл жағдайда субъективті мезет, өзі маңызды зерттеу
объектісіне айналады. «Тарихшының мақсаты — деректе берілген ақпаратты екі бөлікке
бөлу: таптық көзқарасты қамтитын тарихи жағдайды және оған берген автордың
түсініктемесін объективті бейнелеу, деректі жасауға итермелеген себепті, оның
толықтығын, нақтылығын, бұрмаланғанын анықтау т.б. болып табылады».
М.А.Баргтың мазмұнды мақаласында зерттеуші көрініп тұрған заттың қалқасында
тығылған мәнін ашу үшін әрбір рет «шындықтың бұрмалану» кедергісін жеңуі тиіс
делінген. «Көзге көріну де өз кезегінде екі түрге бөлінеді: 1. қатынастың үдеріс
барысындағы өздігінен аударылып «қияли түрге» енуін бейнелейтін — объектілік түр
және 2. қоғамдық қатынастар, құбылыстар, оқиғалар «аударылған» қалпында
қабылданатын - субъектілік түр».
Буржуазиялық тарихнама деректің рөлін бағалауда көбінесе субъектілік көзқарасты
ұстанады. Бір авторлардың (мысалы, А.Марудің) пікірінше, деректің мәні толығымен
тарихшының интеллектісі арқылы, оның деректегі ақпаратты пайдалана алу қабілеті
арқылы анықталады. Тарихшының білгірлігі, оның теориялық дайындығы оның тарихи
деректі тиімді пайдалану қабілетін шынында да арттырып немесе кемітеді. Бірақ деректің
объектілік мәнін оның жеке қабылдауына тәуелді етпеу керек.
Шет елдердің кейбір тарихшылары соңғы жылдары тарихи фактілерді анықтауда
деректерге сүйенуді толығымен жоққа шығарады. Скептиктер деректің нақтылығын
анықтау үшін алдын ала тер төгіп істелген жұмыстан кейін де оның құндылығына күмән
тудырады, өйткені ол тарихшы мен тарихи факті арасында тұрады деп дәлелдеуге
тырысады.
Әрине, оның мазмұнына қатысты толық шындық бере алатын жазбаша құжат жоқ. Бірақ
ол дерек қажет емес дегенді білдірмейді, тек зерттеушінің қосымша еңбегін талап етеді.
Кейбір буржуазиялық тарихшылар (мысалы, Е.Тепп) дерек ойлау саласына жатады,
сондықтан адамдардың елесінсіз өмір сүрмейді деп дәлелдеуге тырысты. Бұл
буржуазиялық тарихнаманың терең қосымша дағдарысын білдіреді.
Соңғы уақытта тарихи деректің ауызша тарих деп аталатын, арнайы түріне ерекше
қызығушылық пайда болды. Мұндай тарих ретінде тарихи құжаттарға енбеген, қандай да
бір тарихи оқиғаға катысушылардың ауызша куәлері түсінілді. Алайда ауызша тарих
мәліметтері әр түрлі деректі құжаттарда өзгеріп отырады, өйткені зерттелген оқиғалардың