Page 183 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
183
қосымша құралдар іздеуіне тура келеді. Ол статистикалық материалдар сияқты объективті
мәліметтер ғана емес, (жеке хаттар, қатысушылардың естеліктері сияқты) субъективті
дәлелдер де болуы мүмкін.
Тарихшыны (жалпы теориялық және кәсіби жағынан) алдын ала дайындау — онсыз оның
зерттеу қызметіне кірісе алмайтын қажетті жағдайы болып табылады. Басқаша айтқанда,
сапалық жағынан белгілі бір дайындығы жоқ тарихшы деректен қажетті ақпаратты ала
алмайды.
Е.Топольский тарихшы әрекетінің мынадай ретін ұсынады: 1. Зерттеу саласын таңдау. 2.
Мәселе қою. 3. Сол зерттейтін мәселесінің деректерін анықтау. 4. Деректерден алынған
ақпараттарды оқу. 5. Сыртқы сын. 6. Шындығын анықтау (сыртқы сын). 7. Тікелей
ақпарат берілген деректердегі фактілерді анықтау. 8. Деректе тікелей ақпарат берілмеген
фактілерді анықтау. 9. Себептік байланыстарын анықтау. 10. Заңдарды анықтау. 11.
Талдау жасай отырып талқылау. 12. Тарихи фактілерді бағалау.
Е.Топольский келтірілген зерттеу операцияларынан тек үшеуі ғана — 5,6 және 7-ші
тікелей деректен алынған білімге негізделетінін атап көрсетті. Қалғандарының барлығы
деректен тыс білімдерге негізделген. Соған қарамастан, фактілерді анықтау барысында,
деректерден алынған білім өте үлкен рөл атқарады.
«Біз фактілерді деректер негізінде анықтаймыз, алайда деректен тыс білімсіз біз маңызды
ақпаратты ала алмас едік».
Тарихшының дерекке сыни көзқарасы, оны кайта тексерудің қажеттігі, дерек ылғи да
объектілік шындықтың аз немесе көп мөлшердегі бұрмаланған бейнесі екенін нақты
түсінуін талап етеді. Объектілік пен субъектілік арасындағы диалектикалық байланыс
танымдық үдерістің екі аспектісінде көрініс береді: біріншіден, деректің өзі бейнеленген
объектілікке қатысты субъекті мезет болып табылады; екіншіден, аталған дерекпен жұмыс
істеген тарихшы, оған объектке қатысты субъект ретінде қарайды. Тарихшының
танымдық жұмысы объектілік пен субъектілік арасындағы өзара байланыстың
диалектикасын ашатын терең шығармашылық үдеріс.
Құжаттық деректерді зерттеген кезде зерттеуші, ылғи да жалпы көрініске қатысты әр
түрлі құжаттарды салыстыру арқылы, ондағы мәліметтердің нақтылығын қайта
тексеруден өткізе алады. Бірақ жазбаша деректерге сыни көзқарас «гиперсынға» ауысып
кетпеуі керек.
Дерек сынын әдетте ішкі және сыртқы деп бөледі. Деректің сыртқы сыны ретінде оны оқу
және оның шынайылығын анықтау алынады. Бұл жерде тарихшы көмекші тарихи
пәндердің, атап айтқанда эпиграфиканың, текстологияның, палеологияның әдістерін
көбірек қолданады. Тарихшының лингвистикалық талдау жасауының да маңызы зор. Ол
оның шығу тегін, қандай кезеңге жататынын, оның пайда болған әлеуметтік ортасының
сипатын анықтауға көмектеседі. Деректің ішкі сыны оның шығу тегін, алдымен оның
әлеуметтік бағытын анықтауды, содан кейін ондағы ақпараттық шындық дәрежесін
анықтауды талап етеді.
Іс жүзінде сынды сыртқы және ішкі деп болу зерттеу операциясының сабақтастығы
тұрғысынан алып қарағанда да өте қиын. Деректі оқу және оның бағытын анықтау —
шешуі бір уақытқа сәйкес келетін өзара тығыз байланысты мәселелер.
А.И.Уваров тарихи дерек пен тарихи теория арасында ауқымды айырмашылық
болғандықтан тарихнамалық модель қажет, «өйткені тарихи фактінің өзі тарихи теорияға