Қазақстанның ашық кітапханасы
182
Тарихнамадағы ілгерілеушілік, әр түрлі әдіснамалық тәсілдердің сәйкес келуіне және
тарихи дерекке деген жан-жақты сипатқа негізделген. Тарихшы барлық әр түрлі
құралдарды деректі «сөйлету» үшін пайдаланған жағдайда ғана деректерде кездесетін
тексерілген фактілер тарихшыға құнды ақпарат бере алады.
В.Т.Пашуто тарихнамалық талдаудың әр түрлі аспектілерін былай бағалайды: «Дерекке
хронологиялық көлденең түрде талдау жасауға болады, мәтіннің даму динамикасына қол
жеткізе отырып, сақталған жинақтағы деректің орнын, таптың бекітілуі үшін күрес
жолындағы әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени өмірдегі жинақтың ескерткіш
ретіндегі орнын анықтауға болады. Сонымен бірге бұл деректерден аталған актінің қашан,
кімнің мүддесі үшін құрастырылғанын немесе аталған шежіренің қайдан шыққанын, ол
тұтас жазылды ма, ол тұтас жинақ па немесе жинақтың бір бөлігі болып табыла ма? —
оны да анықтауға болады. Әдіснаманың мақсаты — деректің, фактінің шынайылығының
белгілі бір деңгейіне дейін жету. Дерекке аймақтық жағынан, салыстырмалы-тарихи, бір
тілді және әр тілді синхрондық ескерткіштерді салыстыра отырып, талдау жасауға болады.
Мұнда да негізгі мақсат — әр жерден алынған ескерткіштердегі саяси, таптық, топтық
мүдделерді анықтау болып табылады».
Құнды дерек болып табылатын, ежелгі жазба ескерткіштерден басқа авторлардың
қолымен енгізілген — әр түрлі қатпарларды, кейінірек кезеңдегі қосымшалар мен
толықтыруларды кездестіруге болады. Ю.А.Кизиловтың мақаласында классикалық еңбек
- «Уақытша жылдар повесі» авторларының ерте және кейінгі шежірешілері арасындағы
көлемді идеялық алшақтықтардың көптеген мысалдары келтірілген. Ю.А.Кизилов: «Әр
түрлі ғасырда және дәстүрде жазылған шежірешілердің «Уақытша жылдар повесінің»
мәтінімен танысу, оның авторларының әр түрлі тарихи ойлау шеңберін мұқият зерттеу
қажеттігін көрсетеді. Олардың дүниетанымдары пұтқа табынушылықтан христиандық-
ортодоксалдық формаға өту арқылы көлемді дамуды көрсетеді. Пұтқа табынушылық пен
христиандық деп аталатын екі діни жүйенің арасындағы күресі арқылы көбінесе Ежелгі
Русьтегі коғамдық сананың дамуы анықталды. Оны ескерусіз, тіпті Ежелгі Русь
шежірешілерінің тарихи көзқарасы дамуының жалпы сипатында да елестету мүмкін
емес», — деп атап көрсетті.
Шынайы өмір, шындық кез келген құжатта ылғи да өз бейнесінен көтеріңкі беріледі.
Болингброк замандастарына жақын тарихи оқиға жайлы айта отырып: «Жақын арада
болған оқиғаға байланысты дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін, сендер деректің
жеткіліксіздігін сезінбейсіңдер. Тіпті әр жақтың өкілдерінің партиялық пікірталас
барысына байланысты әр түрлі себепке байланысты жазған памфлеттері мен тарихи
шығармалары сендердің шындыққа жетулеріңе көмектеседі. Оларды күдікпен оқыңдар,
өйткені олар күдіктенуге тұрады, не ол жерде таратылатын эпитеттерге, не шығарған
үкімдерге көңіл бөлмеңдер; кез келген декламациядан сақтаныңдар, дәлелдерді ой
елегінен өткізе отырып, фактілерге жүгініңдер», - деді.
Үлкен және кіші ұжымдардың хаттамасының жазбаларынан да осыны көруге болады.
Олар революциялық қозғалыс және әлеуметтік қайта құрулар жайлы манызды құжат
болып табылады, өйткені онда қабылданған шешімдер қысқаша түрде жазылды. Бұл
сияқты құжаттар, архивтерде сақталады және тарихшылар оларды қуана пайдаланады.
Архивтік дерек дәстүр бойынша, ең беделді және сенімді болып есептеледі. Алайда әрбір
тірі куә немесе нақты бір отырысқа қатысушы, қорытынды жазбалардың жұмыс жайында
шынайы ақпарат бермейтінін бекіте алады. Отырысқа қатысушылардың пікірталасы,
пікірталаста басымдыққа ие болып, соңғы нәтижені анықтайтын нақты дәлелдер, архивтік
жазбаларда құрғақ және аз берілген. Тарихшының сол кездегі жағдайлар жайлы талқылап,
картинаны қалпына келтіріп, осы шешімді қабылдауға не ықпал еткенін анықтау үшін,