Page 181 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
181
анағүрлым жекелеуге әкеледі. Аталған үдеріспен бірге, оған табиғи жауап ретінде, әр
түрлі тарихи пәндердің өзара байланысының өсуі жүзеге асады. Сонымен бірге
тарихшылардың өз зерттеуінде табиғи және математикалық ғылымдардың тәсілдерін
көбірек қолдануы байқалады. Ол аралас пәндер деп аталатын пәндерді тудырады. Осының
барлығы тарихи зерттеуде қолданылуы мүмкін, ғылыми құралдардың байып,
толықтырылуына ықпал етеді. Тарихшының арнайы кәсіби деңгейі кей кезде жан -жақты
ғылыми талдау жасауға жеткіліксіз болады. Сондықтан ол басқа аралас пәндерді
қолдануды талап етеді.
Әрине, тиянақты жағдайды ескермей тұрып, қандай да бір тарихи деректің маңыздылық
деңгейі жайлы айту қиын. Ол толығымен тарихшының жұмыс істейтін мәселесінің
сипатымен анықталады.
Тарихшыға көмектесіп, оның өткенді қалпына келтіріп және оған баға беруіне мүмкіндік
беретін, әр түрлі құралдардың көп екенін атап өту маңызды. Тарихи ғылымның дербес
саласы — тарихнама осы құралдарды толықтырып және арнайы тарихи пәндер әзірлеген
әр түрлі материалдарға талдау жасайды. Оның ішінде: палеография — ескі жазба
деректердің безендірілуін;
сфрагистика — арнайы құжаттарды (актілерді);
эпиграфика — жазбаларды;
нумизматика — монеталарды,
хронология мен метрология — жыл санау тәсілдерінің, шамалар мен
салмақтардың жүйесін;
археография — деректердің жариялану қағидаттарының әзірленуін зерттейді.
Әрине, көмекші тарихи пәндер әзірлеген деректердің көпшілігі алыс тарихи кезен
тарихына жатады. Жақын тарихи кезенді зерттеуге маманданған тарихшылар, жүйеленген
және толық материалдарды анағүрлым жақсы пайдалану жағдайына ие бола отырып,
салыстырмалы түрде тиімді жағдайда түр. Соған қарамастан, оларда да ежелгі дүние мен
орта ғасыр кезеңіне маманданған тарихшыларға қарағанда, жаңа және жаңаша уақыттың
тарихи деректерін пайдалануға байланысты объектілік қиындықтар туындайды.
Әрбір тарихи деректе, билік етуші әлеуметтік-экономикалық қатынастардың және соған
сәйкес идеологиялық «салмақтың» таңбасы қалады. Жаңа және жаңаша тарихты
сипаттайтын архивтік, статистикалық және басқа материалдардың көп болғанына
қарамастан, ол материалдар алыс кезеңге қатысты материалдарға қарағанда
тенденциялықтан онша азат емес.
Тарихи дерек — өзінің жасалған уақыты мен жағдайын бейнелейтін өткеннің ескерткіші.
Басқаша айтқанда, дерек өзі тарихи құбылысты бейнелейді, бірақ ол оны жасаушылардың
өмірлік қызығушылығын ескере отырып түсіндірілгенде ғана дұрыс түсіндіріледі.
Т.Шидер: «Деректерде тұрғындардың билік етуші және ықпалды қабаттарының өмірі
суреттеледі. Көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, билік етушілер, жоғары қызметтегі
алпауыттар, білім монополиясының иелері өздерінен кейін көбірек жазбаша іздер
қалдыруы нәтижесінде тарихи дәстүрге ықпал етеді. Төменгі қабаттың мінез-құлықтары
мен ойлау бейнесі көп жағдайларда тікелей жазбаша ескерткіштермен бекітілмейді; ресми
құжаттарда және жеке куәліктерде — хаттарда, жеке естеліктерде де — олар субъект
ретінде анық көрсетілмейді», — деп атап көрсетті. Т.Шидер көптеген тарихи деректердің
шынайы шығу тегін сипаттады. Алайда бұл деректерде халықтың төменгі қабатының
өмірін жанама бейнелейтін ақпараттар да аз кездеспейді.
Соңғы жылдары тарихнама көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Ол кеңестік тарихнама
мысалынан ерекше көрінеді. В.Л.Яниннің зерттеуі бұған мысал бола алады.