Қазақстанның ашық кітапханасы
180
фактілері мен тенденциялары арасындағы шынайы объектілік байланысты ашу болып
табылады. Бұрыннан белгілі немесе жанадан ашылған фактілер дұрыс түсіндіріліп, оның
басқа фактілер мен құбылыстар арасындағы байланысы анықталмай, ол тарих дамуының
жалпы тенденцияларымен, оның ішінде таптық күрестің барысымен салыстырылмай,
ғылыми көзқарас болуы мүмкін емес», — деп атап көрсетті.
Буржуазиялық тарихшылардың көпшілігі зерттеушінің өзі таңдаған ғылыми тақырыпқа
қатысты барлық фактілерді ескеруі мүмкін емес және ол оған міндетті де емес деген
пікірді ұстанды. Мысалы, Э.Сестан: «Зерттеу тақырыбын таңдаған және оны әзірлеу үшін
фактілерді іріктеген кезде субективизм билік етеді», — дейді. Ол бұл таңдау «тарихшы
өмір сүріп отырған орта мен уақытқа, оның өмірдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік,
діни және адамгершілік мәселелерге байланысты көзқарасы байланысты», деді. Тарихшы
таңдауы шынында да, ең соңында оның қоғамдық-саяси көзқарасы арқылы анықталады.
Бірақ ол фактілерді іріктеуге қалай болса солай қарауды, оның нәтижесіне субъектілік
зиян келтіру дегенді білдірмейді. Барлығы зерттеушінің қандай таптық және әдіснамалық
көзқарастарды қорғайтынына байланысты.
Тарихи әдебиеттерде тарихи фактіні зерттеумен байланысты үдерістердің сабақтастығына
үлкен көңіл бөлінеді. Әрине фактіні зерттеудің сабақтастығын абсолюттендіру мүмкін
емес. Ол көп жағдайда тарихшының берілген фактіні немесе фактілер тобын зерттеуді
оған талдау жасаудан бастайтындығына немесе бұрын қалыптасқан басқа деректердің
негізінде анықтағысы келетіндігіне байланысты. Екінші жағдайда тарихшы берілген
нақты жағдайдағы ішкі және сыртқы заңдылықтарды ерте анықтайды. Сондықтан да оның
дедуктілік әдісті басшылыққа ала отырып, қаралған фактіге жалпы теориялық
алғышарттар негізінде алдын ала талдау жасауға мүмкіндігі бар.
Ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылар — табиғат саласы, тарих саласы болсын т.б.
кез келген ғылыми салаларда зерттеу жұмысы — бізге берілген фактілерден басталуы
керек деген пікірді ұстанды. Сондықтан да фактілерді анықтау - әрбір тарихи зерттеушінің
ең бірінші қажетті қызметі болып табылады.
ТАРИХИ ДЕРЕК
Адамзаттың өткен тарихына қатысты кез келген ақпарат, тарихи дерек болуы мүмкін.
Тарихи деректердің әр түрлілігі оларды (жазбаша деректер, материалдық мәдениет
ескерткіштері т.б.) топтастыруды талап етеді.
Олардың ішіндегі тарихи зерттеудегі маңыздысы, әр түрлі тарихи деректерді немқұрайды
түрде топтастыру емес, оларды зерттеу нысаны болып табылатын кеңістіктік-уақыттық
жинақтармен сәйкестендіру.
Тарихи зерттеудің нәтижелі болуы бір ғана тарихи деректі пайдалануға байланысты емес,
бір-бірін өзара толықтырып отыратын деректердің жиынтығын пайдалануға байланысты.
Белгілі бір үдеріске немесе оқиғаға қатысты қолданылған деректер көзі кең болған сайын,
зерттеуші қорытындысы да сенімді болады. Осыдан келіп, тарихи таным үдерісінде пайда
болған көптеген мәселелерді шешу үшін, әр түрлі көмекші тарихи пәндер мамандарының
тығыз байланысының қажеттігі туындайды. Сонымен бірге дерекке ғылыми талдау жасау
үшін әр түрлі тарихи пәндердің өкілі болып табылатын зерттеушілерді мамандандыру
қажет.
Оның ішкі дамуына байланысты өсіп отыратын жекелеген тарихи пәндерді мамандандыру
— оны жүзеге асырудың материалдарымен және тәсілдерімен байыту, тек тарихи білімді
болу үдерісін күшейтіп қана қоймайды, сонымен бірге тарихи білімнің әр түрлі салаларын