Page 179 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
179
қағидатының теориясы негізінде іріктеуінде болып табылады. Марксист-тарихшы таңдау,
сонымен бірге тарихи факті топтамасына көзқарас жағынан еріксіз. Ол өз зерттеуін нақты
жағдайларды, орын алған тарихи оқиғаның орны мен уақытын, сонымен бірге бұл
оқиғаның сол кезеңдегі жалпы қоғамдық-экономикалық дамуда атқарған рөлін зерттеуден
бастайды.
Мұнда жоғары тарихи жалпылық ретінде әлеуметтік-экономикалық формация қаралады.
Тарихи фактінің мәнін ашу кезеңнің өмір сүрген формациясына сәйкестігін ескерген
жағдайда ғана мүмкін. Танымның тек диалектико-материалистік теориясы ғана ғалымның
тарихи фактіні іріктеудегі объектілігін қамтамасыз етуге қабілетті. Тарихшы істес болған
материал қандай да бір тұжырымды негіздеуге немесе оның алғашқы болжамын теріске
шығаруға жеткіліксіз болады. Бұл жағдайда зерттеушінің міндеті — деректер шеңберін
кеңейту шараларын жасау арқылы өзінін жұмыстық болжамына түзетулер енгізу.
Тарихшы, олар оның алдын-ала жасаған болжамына сәйкес келмесе де, фактілерге қиянат
жасай алмайды. Маркстік тарихи ғылымның партиялылығы ол негізге алған фактілердің
дұрыстығымен, шыншылдығымен қамтамасыз етіледі.
Тарихшы жинақталған және тексерілген фактілердің алдында әлсіз көзқарас ұстана
алмайды. Оның борышы — өзі іріктеген және жинақтаған фактілердің бұрын белгілі
фактілердің арасындағы «иерархиялық» орнын анықтау. Оған оларды салыстыру, олардың
өзара тәуелділігіне талдау жасау арқылы қол жеткізіледі. В.И.Ленин зерттеушіден:
«Сынның мәні қолындағы бар фактіні идеямен салыстыру емес, басқа фактілермен
салыстыру. Ол үшін екі факті де, мүмкіндігіне қарай, тиянақты зерттелуі, олардың
дамудың әр түрлі мезеттерінің бейнелеуі, оның ішінде, әсіресе белгілі жағдайлардың
барлық ретінің, олардың сабақтастығы мен дамудың әр түрлі сатысы арасындағы
байланыстың осындай тиянақты зерттелуі өте маңызды», — деп жазды. Ол:
«Мүмкіндігінше жекелеген фактілерді емес, қаралған мәселеге қатысты барлық
фактілердің жиынтығын алу қажет. Басқаша жағдайда фактілер өз еркімен таңдалған
деген заңды күдік тууы мүмкін, мұнда объектілі байланыс пен тарихи құбылыстар
арасындағы өзара байланыстың орнына «субъектілі» құрастырылатындығында», - деп
бірнеше ескертті.
Тарихи фактіге қатысты мәселе бойынша, сенімді марксистік тарихнама дәстүрлері
қалыптасты. М.Н.Покровский тарихи фактіні түсіндіру ретінде олардың арасында себеп-
салдарлық байланысты орнату деп түсінді. Әлі шынайы байланыстар анықталып, факті
мен одан шығатын салдардың пайда болу себептері түсіндірілмеген кезде, факті
кездейсоқ, түсініксіз болып табылады. Фактіні әлеуметтік жағынан емес, тарихи жағынан,
тарихи қағидат негізінде, белгілі бір жер мен уақыт жағдайында оның пайда болуының
талассыз екенін, оның пайда болуына қандай фактілер мен оқиғалардың әсер ететінін
көрсету. М.Н.Покровский тарихи танымдағы әр түрлі фактілерге әр түрлі рөл берді. Ол
фактінің тарихи үдерістегі объектілік рөлге тәуелділігін М.Н.Покровский: «негізгі факті»,
«бірінші кезекті факті», «ерекше факті» т.б. деген әр түрлі терминдермен арнайы атап
көрсетті. Ол шешуші, негізгі факті ретінде шынайы түрде қандай да бір ірі оқиғалардың
мәнін анықтаған, оның сөзсіз болатынын бейнелеген, осы оқиғалар мен үдерістердің
заңдық негізі болып табылатын экономикалық қатынастар мен таптық күресті бейнелейтін
тарихты есептеді. М.Н.Покровский көп еңбек пен уақытты талап ететін, тарихи фактіні
анықтауға бағытталған «алғашқы жұмыстар» өздігінен күрделі әдіснамалық үдеріс болып
табылатындығын орынды атап көрсетті.
Ю.П.Францев: «Тек фактілерді ғана жинақтаудан тұратын тарих ғылымы жоқ. Сонымен
бірге фактілерге сүйенбей, тек тарихи үдерістің логикасы туралы жазбаша шындықты
қайталайтын да тарих ғылымы жоқ. Фактіні бағалау деген не? Ол тарихи шындықтың