Қазақстанның ашық кітапханасы
178
Кез келген объектілік шындық тарихи факті болып табылады. Сондықтан тарихшы
байқамаған, суреттемеген себепті ешқандай құбылыс тарихи болмай қалуы мүмкін емес.
А.Легко бір тарихшы байқамаған құбылысты әр түрлі сыртқы жағдайда және әр түрлі
уақытта екінші тарихшы тауып зерттеуі мүмкін екендігін айтты. Бұл сыртқы жағдайлар,
тарихшының өз зерттеуінде келтірген дәлелдер тізбегіне кіреді. Алайда ол фактінің ұзақ
уақыт бойына ешкімге белгісіз болып жатып қалуы да мүмкін. Бар фактіні жоқ, «тарихи»
емес» деп жариялау дұрыс емес. Үнемі ізденіс үстінде жүретін тарихшы, өзінің ғылыми
құралдарының қорын шексіз көбейту мүмкіндігіне ие болады. Оны алдын ала «тарихи
емес» деп есептелген материалдардың белгілі бір шеңберімен шектеп қою дұрыс болмас
еді.
Мұның тарихи фактілерді топтастыру, олардың арасындағы белгілі бір иерархиялық
тәуелділігін анықтау сияқты маңызды мәселесі» тікелей қатысы жоқ. Бірақ бұл тәуелділік
әдіснамалық көзқарасқа және зерттеушінің топтастыруына, сонымен бірге бұрын белгісіз
болып келіп, кейін ашылған жаңа тарихи фактілердің санына қатысты шама ретінде
көрінеді. Бұлайша ғалымға белгілі қандай болсын тарихи фактіні «заңдастыру» дұрыс
емес. Бұлардың бұрын белгісіздерден айырмашылығы, олар тарихшы санасына тәуелсіз
және шынайы болатындығында.
Танымдық үдерістегі тарихшының белсенді ролін атап көрсете отырып, Е.Топольский
тарихи фактіні қарастыруды ғылыми құрылым ретінде сынаған Ц.Бобиньмен айтысқа
түсті. Е.Топольский, сонымен бірге танымдық субъектіге тәуелсіз объектілік шындықтың
барлығы мойындалатын болғандықтан, тарихи фактіні топтауды субъектілік деп есептеуге
болмайды деген тұжырым жасаған.
Зерттеуші тарихи факті негізінде бұрынғы шындықты қалпына келтірген кезде, шынымен
де, белгілі бір шығармашылық актіні жүзеге асырады. Бірақ Е.Топольскийдің «ғалым
белгілі бір мөлшерде тарихи фактіні «жасаушы» болып табылады» деген пікірімен
келісуге болмайды. Бұл субъективті көзқарасқа жол беру болып табылады. В.В.Косолапов
та «тарихи факті оны түсіндірмей тұрып шындық та, жалған да болмайды» деу арқылы
осындай дәлсіздік жіберген. Мұнда автор тарихи фактіні танымдық субъектіге байлау
арқылы, фактінің өзінің объектілік сипатын жоғалтып отыр.
Тарихи фактінің байланысы және бір-біріне бағыныштылығы жайлы айта отырып,
Е.Топольский «жүйе» деген ұғымды енгізуді ұсынады. Оның түсінігі бойынша тарихи
жүйе ретінде қоғамдық-экономикалық формация мен Пелопен соғысы, XVIII ғасырдың
мануфактурасы және кедейлер шаруашылығы жарияланды. Оның пікірінше, бұл ұғымды
енгізу тарихи фактіге байланысты статистикалық және динамикалық көзқарастардың
бірігуіне мүмкіндік береді. Бірақ бізге тарихи факті ұғымын шексіз күрделендірудің
қажеті жоқ. Келтірілген мысалдан көріп отырғанымыздай, әр түрлі және әр түрлі
жоспарлы жүйелер оны зерттеудің шынайы үдерісінде үлкен пайда әкелмейді.
Тарихи зерттеудегі фактіні іріктеудің негізгі жағдайы — жалпы қағидаттарды игеру
арқылы құбылыстардың қайталанатыны жайлы түсініктерді, өмірде бар тарихи
заңдылықтарды пайдалана отырып, жекеден жалпыға өту. Тарихшы зерттеуге тек іс
жүзіндегі белгілі бір материалдар жайлы біліммен ғана қаруланбай, бұл материалдың не
беретіндігі, нақты не іздеу керектігі жайлы алдын ала ойластыра отырып кіріседі. Іс
жүзіндегі
материалды
тұтасымен
іріктеудің
объектілігі
тарихшының жалпы
дүниетанымдық көзқарасына байланысты. Фактіні іріктеу білім деңгейіне негізделген
тарихшының өте жауапты жұмысы.
Тарихты материалистік түсінудің, яғни маркстік тарихи ғылымды түсінудің
артықшылығы оның материалды тарихи материализмнің жалпы социологиялық