Page 177 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
177
мәселені жан-жақты қамтыған, аяқталған болып есептеле алмайды. Зерттеу нысанасының
бірлігі материалға жанасқан әрбір зерттеуші оның барлық жақтарын ашуы мүмкін емес
деген жағдайды өзгерте алмайды. Бір нысананы зерттеушінің өз алдына қандай тиянақты
мақсат қойғанына қарай, әр түрлі көзқараста қарауға болады. Мысалы, 1905 ж.
желтоқсандағы Мәскеу көтерілісі кезінде, басқа жақтарға қарағанда, Қызыл Пресняның
белгілі бір пунктінде революциялық жұмысшылардың қарсылығы қатты болды — деген
фактіні анықтауды әр түрлі тарихшылар алдына қойған нақты мақсатына қарай әр түрлі
пайдалануы мүмкін.
Тарихи факті мәселесін жасанды күрделендіру тенденциясы бар. Оның табиғаты, оны
топтастыру жайлы пікірлер көбінесе ойша жору сипатында болады. Осы пәнге арналған
ауқымды әдебиеттер өз алдына нақты тарихи зерттеуді жеңілдету мақсатын қоймайды.
Соған қарамастан, жалпы теориялық мәселені қою қажеттігі туып отыр.
Тарихшы жұмысы - зерттеу пәніндегі белгілі бір эмпирикалық және теориялық көзқарасқа
талдау жасау. Іс жүзіндегі материалды іріктеу үдерісі, тек таза кәсіби деңгейдің болуы
емес, сонымен бірге іріктеу үдерісіне қатты ықпал ететін теориялық тұжырымдарды таба
білу болып табылады. Тарихшыға өте жиі кездесетін «тарихи факті» мен «түсінік»
арасындағы айырмашылықты анықтауға тура келеді. Мысалы, II Интернационалдағы
оппортунистік элементтердің басымдығы мен «реформизм» түсінігі жайлы тарихи фактіні
араластыру ұсынылмайды.
Сансыз фактілердің ішінен белгілі бір фактілерді таңдай отырып, тарихшы оны түйсінуді,
түсіндіруді іс жүзіне асыра бастайды. Материалдың талдау жасалуына қарай, ол оны
түсінудің жоғары деңгейіне көтеріле береді. Зерттеудің «эмпирикалық деңгейінен»
көтеріле отырып, тарихшы тарихилықтың шынайы мәнін ашатын, логикалық тәсілге
көбірек жүгінеді.
«Объективті шындық фактісі» мен «зерттеу пәні ретіндегі фактімен», «ғылыми фактімен»
арасындағы айырмашылықты ажыратып алу керек деген пікір таралған. «Ғылыми факті —
ол оқиғаның өзі емес, оның арнайы түрдегі бейнесі». Осыған байланысты, марксист-
тарихшылар арасында «күнделікті» тарихи фактілерден, тарихшылар ғылыми-танымдық
жұмысының қажетті элементі ретінде ажыратылатын тарихнамалық фактілер деп
аталатын ұғым тараған. Польшалық» тарихшылар Ц.Бобинская мен Е.Топольский
тарихнамалық фактіні ғылыми қайта құру немесе зерттеушінің шығармашылық өңдеуден
өткізуі ретінде анықтайды.
Бұл жерде қайта құру туралы емес, тарихи фактіні түсіндіру жайлы айту дұрыс болар еді.
Оны тарихшы жұмысында өз бетімен қолданылған құбылыс, белгілі бір шындық ретінде
қарсы қою дұрыс емес.
Егер бұған әлі біздің тарихнамаға қол жеткізе алмағандықтан, біз оны алдын ала тарихи
емес деп есептеп, олардан бас тартатын болса» бұлай ету арқылы біз жаңа тарихи
шындықтарды іздеу шеңберін тарылтқан болар едік. Тарих — үздіксіз дамып жатқан
ғылым, кешегі «факті емес» дегеніміз ертең толық орнаған және жалпы мойындалған
фактіге айналуы мүмкін. Тарихшы санасында орын алған фактілерді ғана шынайы деп
есептеу теориялық жағынан қате болар еді. Мұндай көзқарасты ұстану арқылы, біз
еркімізден тыс, тарихи үдеріске субъекттілік түрде қарайтындарға жақындаған болар едік.
Айтылғандардан, негізінде, «тарихнамалық» факті ретінде қандай да бір тарихнамада
орын алған фактілерді ғана атау жеткілікті. Басқа тарихи фактілердің жасанды тобын
құрастыруға болмайды.