Қазақстанның ашық кітапханасы
176
дербестік маңызын жоққа шығару жағына кенет ауысу байқалды. ХІХ ғасырдың соңында
бірқатар буржуазиялық көрнекті тарихшылар тарихи фактілер тұтасымен ғалымның
субъектілік бағыты арқылы анықталады, осылайша олар оны «жасайды» деп дәлелдеуге
ұмтылды.
Буржуазиялық тарихнамада қазірге дейін тарихи факті жайлы екі түрлі пікірді көруге
болады. Оның біреуі фактілерді абсолюттендіру ретінде сипатталып, оны түйсіну және
бағалау қажеттілігін жоққа шығарады. Француз тарихшысы Фюстель де Кулан жазба
қайнар бәрін білдіреді деп ойлады. Зерттеу деректерінің мәтіні шеңберінен қандай да бір
шығу сезік тудырды немесе айыптауға ұшырады.
Басқасы бұған қарама-қарсы көзқараста болды. Бұл көзқарас қазір кеңінен таралды. Ол
фактінің нақты шындық ретінде өмір сүруін жоққа шығаруға негізделді. Бұл көзқарасты
жақтаушылардың пікірінше, факті ұғымы тарихшының санасында қалыптасады.
В.Виндельбанд, Г. Риккерт т.б. оларды көптеген қайталаушылар фактілерді тануға
болмайтындығын, яғни оның мәнін ашу тарихшының өз еркінде екендігін «сыни бағытта»
насихаттады. Орыстың революцияға дейінгі тарихшысы А.С.Лаппо-Данилевский тарихи
фактіні «аталған жеке тұлғаның ортаға, оның ішінде қоғамдық ортаға ықпалы ретінде»
бағалады.
АҚШ-тағы презентизмнің көрнекті өкілдерінің бірі — К.Беккер тарихи фактілер қияли,
бұл жерде тарихшы мәселені алдын ала шешуді басшылыққа алады, — деп дәлелдеуге
тырысты. Ол қандай да бір тарихи фактінің дұрыстығын жоққа шығарып: «Жоғалған
шынайылықтар күңгірт жарыққа, болмашы бейнелерге немесе өзі жайлы идеяларға орын
берді. Бұл жерде шынайы оқиғадан бар қалғаны, тиісуге немесе қолмен ұстауға
болмайтын күңгірт жарықтар мен болмашы бейнелер», — деп дәлелдеді.
Р.Дж.Коллингвуд деректердің дербес маңызын мүлде жоққа шығарады, ол дерекке
тарихшының өз бетімен түсініктеме беретініне көңіл бөлуге шақырады. Оның пікірінше,
зерттеуші нақтылық сипаттан айырылған, өткенді дербес талқылаушы болып табылады.
Осылайша, тарихи факті түсінігі анағұрлым қияли болып шығады.
Э.Карр кез келген оқиға тарихи факті бола алмайды, тек оның ішіндегі тарихи маңызы
барлары ғана болады. Ғалым фактілердің ішінен көптеген маңызды ақпараттарды таңдап
алып, оны тарихи фактіге айналдыру үшін, өзі зерттеген кезеңге жататын фактілердің
санын білуі тиіс. Э.Каррдың пікірінше, тарих — түсіндіру деген сөз, ал түсіндіру -
тарихтың артериялық қаны. Осымен бірге ол ғалым фактілерге «билік етуші жендет» емес
деп атап көрсетті. Тарихшы мен факті арасындағы қарым-қатынас - «теңдік қатынас».
Олар бір-біріне қажет. Тарихшыда фактісіз негіз болмайды, ал факті тарихшысыз өлі
нәрсе. «Тарих деген не?» деген сұраққа жауап бере отырып Э.Карр : «Тарих — тарихшы
мен фактілер арасындағы тұрақты үдеріс, қазіргі мен бұрынғы арасындағы шексіз
диалог», — деп жазды.
Е.Топольский: «Тарихи фактілерді динамикалық тұтас жүйе ретінде қарастырылады және
олар үнемі өзгерісте болады» , — деп атап көрсетті. Ол бұл жерде «біз аталған фактімен
қай кезде, ал басқа фактімен қай кезде істес боламыз деген сұрақ туады», — деп жазды.
Бір жағдайдан екіншісіне өту шегінің шарттылығына қарамастан, тарихи білім зерттелген
нысананың сапалық анықтығын нақты белгілеуден айналып өте алмайды. Тарихи фактінің
тұтастығы жайлы мәселенің қойылуы - оның сапалық анықтығы болуы керектігін
бейнелейді. Басқа жағдайда зерттеуші фактілердің жойылуына алып келетін «шексіздікте»
сырғанайды. Оның бастапқы және соңғы «шекарасына» келетін болсақ, оны фактінің анық
сапалық сипаты бар жерде ғана анықтауға болады. Алайда А.Топольскийдің тұжырымы