Page 175 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
175
жақты зерттелген ескерткіштерге жаңа көзқараспен қарауға мәжбүр етеді. Тастар
«сөйлеп», бұрынғы өткен заманның бейнесін маңызды түзетулер енгізе отырып,
қабылдауға ықпал етеді.
Жақын тарихи кезеңде тарихшыға кездесетін, кез келген нысанада оған бұрын таныс емес,
күтпеген кездейсоқтық аз болады. Тарихи ғылымның объективті еместігі жайлы
ескертулер мен кінәлауларды, көбінесе тарихшының жақын фактілер мен оқиғаларға
байланысты естуіне тура келеді. Бұл таңданыс тудырмауы тиіс, өйткені тарихшы жұмыс
істеуі тиіс жақын хронологиялық материал, көптеген өзгертулер мен түзетулерге
ұшыраған. <...>
Тарих ғылымы пәнінің керемет кендігі ғылымдарға жоғары талап қояды. Ол міндетті
кәсіби және жалпы теориялық дайындықты қажет етеді. Кәсіби дайындық соған сәйкес
мамандануды, тарихи ғылымның белгілі-бір саласына жататын тиянақты материалды
білуді білдіреді. Жалпы тарихи дайындық әдіснамалық зерттеуді меңгеруді, ішкі
күрделілігіне және көлеміне қарамастан, эмпирикалық материалдың бағытын анықтауға
мүмкіндік беретін, материалистік диалектика материалдарын тиянақты түсінуді
қарастырады. <...>
ЗЕРТТЕУШІ ЗЕРТХАНАСЫ
ТАРИХИ ФАКТІ
«Тарихи факті» сатысы тарих ғылымының барлық ғимаратының іргетасын құрайды. Іс
жүзіндегі деректерсіз бірде-бір тарихи ойдың дамуы мүмкін емес. Алайда, «факті» түсінігі
тарихи танымда анықтауды қажет етеді, өйткені ол жан-жақты болып табылады. Оны
тарихи тұрғыдан зерттеудің негізгі ерекшелігі, ол зерттеушінің тікелей бақылау пәні
болмайтындығында және қандай да бір деректер арқылы танылуында. Тарихты
материалистік түсіну онда «факті» зерттеу нысаны ретінде тарихшының санасынан тыс
өмір сүреді және оған байланысты емес. Қарапайым және күрделі фактілер болады. Өзара
байланысты фактілердің тізбегі бола отырып, тарихи үдеріс, өздігінен тарихи факті
ретінде қарала алады. Сонымен бірге танушы субъектінің ойында фактінің анық мазмұны
бейнеленеді. Адами қабылдаудың көлеңкесі арқылы өте отырып, ол өзінің мәнін
өзгертпей объективтік шындық болып қалады. Бұл шындыққа жақындау, тарихи таным
үдерісінің мәнін құрайды.
Тарих ғылымы фактіге қатысты өте күрделі дамудан жасалады. Алғашқы кезде
зерттеушінің мақсаты фактілерді жинақтау деп есептеледі. Ол кезде оның табиғаты жайлы
мәселе, тіпті, қаралған да жоқ. Кейін біртіндеп, фактімен оны түсіндіру арасындағы
қарама-қайшылық анықталды. Тарихшылардың кейбір бөлігі, аталған шындықты
толықтыру және түсіндіруге байланысты қатты қарсылық білдірді. Олар егер факті
түсіндірілетін болса, онда ол объективті маңызын жоғалтады деп дәлелдеуге тырысты.
Мұндай көзқарастың объектілігі ылғи да таза қиял болды. Ал шын мәнінде, тіпті кез
келген зерттеушінің материалдармен бірінші танысуының өзі, мүлдем бейтарап бола
аламайды. Ол белгілі бір дәрежеде оның көзқарасын бейнелейді. Тарихи зерттеу нысаны
ретіндегі факті оны қандай да бір бағалаусыз өмір сүре алмайды.
Буржуазиялық тарихи ғылым — тарихи үдерістің феодалдық теологиялық, тағы басқа да
реакциялық түсініктемесіне қарсы болып, алдыңғы бағытта болған кезде тарихшылардың
көпшілігі тарихи фактінің оны толықтырумен арасындағы органикалық байланысын
мойындап келді. Бұл екі түсінік те, буржуазиялық тарихнамада дағдарыстың өсуіне қарай
бір-біріне қарсы қойыла бастады. Тарихи фактіні алғашқы абсолюттендіруден оның