Page 174 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
174
Сонымен бірге қандай да бір белгілі кезеңдегі халықтың әлеуметтік мінез-құлқы және
өздерінің жеке позициясына сәйкес келетін жеке тұлғаны таңдауы, көбінесе, сол кезеңнің
рухани өмірімен, мирасқа қалған дәстүрлерімен анықталады. Сондықтан да қоғамдық сана
мен мәдениет мәселесінің, тұтас алғанда тарих ғылымының бір бөлігі болып табылатыны
даусыз.
Тарих мәдениеті — өткенді зерттеудің арнайы саласы... Мәдениет элементтері тек
әлеуметтік-экономикалық формацияның барлық қуысына тере еніп қана қоймайды,
сонымен бірге онда автономдық жағдайды ұстайды. Әлеуметтік психология саласымен
тығыз байланысты бола отырып, мәдени мұра, тіпті, ең ірі деген әлеуметтік өзгерістердің
ықпалына баяу ұшырайды. Ол мұнда тез қайта құруға бөгет жасайтын белгілі бір
селқостықты сақтайды.
Біздегі бар тарихи тәжірибе, жаңа мәдениет түрлері мен үлгілерін өзгертуге ұмтылған,
болып жатқан революциялық өзгерістердің мәнін бейнелеуге, мәдени шығармашылықтың
ескірген түрлерін өзгертуге қабілетті деп есептелген жасанды әрекеттердің ұзаққа
бармағандығын және соңында еш нәтиже бермегендігін көрсетті. Бұған жасанды түрде
жасалған
«модерндік
өнерді»,
дәстүрлі
үлгілерді
ығыстыруға
тырысқан
«ультрареволюциялық әдебиетті» мысал ретінде келтіруге болады. Бірақ бұл әдебиет
«классикамен» ұзақ бәсекелестікке қарсы тұра алмайды. Аталған консерватизм белгілі бір
анықтама таба алады.
Алайда, өткеннен сақталған ескі және дәстүрлік деп аталған мәдениеттің барлық
элементтері қоғамның рухани дамуында прогресті рөл атқармайды. Озық әлемдік
көзқарастың, әлеуметтік-экономикалық салада болған революциялық өзгерістерге сәйкес
келетін жаңа психологияның қалыптасуына тежегіш ықпал еткен көптеген діни және
басқа идеалистік көзқарастар туралы да осыны айтуға болады.
Зерттелген қоғамда дамып отырған, тарихи-мәдени үдерістерге көңіл аудару — оны терең
зерттеудің және түсінудің қажетті жағдайы. Сонымен қатар мәдени үдерістерді
түсіндіруге деген қарапайым механикалық көзқарастан сақтану қажет. Оларды тікелей
саяси және экономикалық өзгерістерден шығарып қарауға болмайды. Мысалы, белгілі бір
қоғамның әдебиетіне талдау жасау, зерттеліп жатқан құбылыстар мен үдерістерді олар
дамыған тарихи «түсте» алып зерттеуді талап етеді. Алайда, ол әдеби шығармашылықтың
көптеген өзіндік ерекшеліктерін түсіндіре алмайды. Әлеуметтік-экономикалық дамуға
негізді тұжырым жасау үшін қарапайым сәйкестендіру жеткіліксіз. Тек тар
хронологиялық шеңберде қарастыру арқылы, мәдени-психологиялық үдерістерді терең
түсіндіру мүмкін емес. Мұнда күрес мен жарыс дамып отырған кезеңдегі, уақытша орын
алған әлеуметтік-экономикалық жүйенің, аталған тарихи кезеңнің көптеген қарама-қайшы
факторларының ықпалын зерттеу қажет. Мәдениет тарихын зерттеудің мәдени, әсіресе
көркемдік көрнекті құбылыстардың қазіргі бай тарихтың күрделі үдерістерімен
байланысын анықтауда маңызы зор. <...>
Ең соңында тарихи және логикалық сәйкес келеді. Бірақ ол тек соңында ғана, өйткені
дүние жүзі тарихы - адамзат дамуының өте күрделі жолы. Егер тарихи және логикалық
толығымен сәйкес келетін болса, онда тарих ерекше пән болмас еді, онда тарих пен
социология сәйкес келген болар еді. Ал іс жүзінде тарихтың өзіндік ерекшелігі бар, ол
адамзат қозғалысының жолдары мен жалпы заңдылықтарын зерттеумен айналысады. <...>
Тарихи ойдың, зерттеудің жаңа әдістері мен тәсілдерінің дамуы көп рет зерттелген іс
жүзіндегі материалдан жаңаны көруге мүмкіндік береді. Тарихи зерттеу нысаны қатып
қалған және өзгермейтін нәрсе болып табылмайды. Археология мұндай жаңалықтардың
көптеген мысалдарын бере алады. Ол материалдық мәдениеттің бұрыннан белгілі, жан-