Қазақстанның ашық кітапханасы
173
жағдайлардағы ұқсастығына алып келмейді. Оның барлық құрамдас бөліктерін
байланыста алып қарап зерттемей тарихи үдерісті түсіну мүмкін емес.
Әрине, мұның экономикаға негізгі бастаушы рөлін бермей, тек тарихи үдерістегі бір
фактор ретінде қарастыратын, плюралистік көзқараспен ешқандай ортақтығы жоқ.
Плюралистік пікірлер қандай да бір тарихи құбылысты терең түсіндіріп бере алмайды,
өйткені олар сөзсіз субъективизмге алып келеді. <...>
Тарихи
үдерістегі
өндіріс
тәсілінің
анықтаушы
рөлі,
өндіргіш
күштердің
революцияландырушылық маңызы, олардың коғам дамуына автоматты түрде әсер етуін
білдірмейді. Адамзат қызметінің экономикалық себептермен анықталуы фатализм деп
аталатын діни сеніммен ешқандай ортақтығы жоқ. Тарихты белгілі бір мақсаттарға қол
жеткізуге ұмтылған адамдар жасайды. Экономикалық детерминизмнің мәні жеке адамның
еркін бостандығының әлеуметтік-экономикалық, сонымен бірге еңбектің табиғи
жағдайымен өлшенуі болып табылады. Адам не аталған қоғамның материалдық
мүмкіндігінің деңгейін, не өзінің әлеуметтік ортасын өзгерте алмайды. Соңында, егер ол
қателескен болса, оның еркінен тыс, бұрын таңдалған жолды «түзету» міндетті түрде
жүзеге асады. Қоғамдық дамудың экономикалық детерминизм қағидатының әрекеті
осылай көрініс береді. Егер мақсат пен оған жету құралдарын еркін таңдау шындықты
білуге негізделген, тым болмаса қоғамдық дамудың негізгі тенденцияларын түйсікпен
түсінуге бағытталған болса, онда мұндай таңдау жетістікке жетуі мүмкін. Онда еркіндік
шынында да танымдық қажеттілікке айналады. <...>
Адамдар онда мақсаттарды да, оған жетудің белгілі бір құралдарын да таңдай алады.
Таңдау көптеген мүмкіндіктер арасынан жасалады. Онда таңдау кездейсоқтық сатысына
жатады. Таңдаудың дұрыс немесе қате жасалуы мүмкін. Егер таңдау қате жасалса, алға
қойған мақсатқа қол жеткізу мүмкін болмайды. Ол тікелей тарихи үдеріске әсер етеді,
оның адамдардың белгілі-бір топтары үшін ірі, кейде қасіреттік салдары болуы мүмкін.
<...>
Мәселені зерттеудің келесі деңгейінде халықтың және жеке адамдардың алатын орны
жайлы мәселе маңызды болып табылады. Жеке адамның рөлі, оның қоғамдық дамудың
объективті тенденцияларын, қоғамдық қозғалыстың белгілі бір сатысындағы шынайы
қажеттілікті ескеру қабілетімен анықталады. Жеке тұлға тарихи оқиғалардың барысына
үлкен ықпал ете алады. Адам ынтасы, әсіресе ол адамдардың үлкен бөлігінің энергиясын
тудырып және оны толғағы жеткен мәселелерді шешуге бағыттай алған кезде, әлеуметтік
прогресстің қуатты жылдамдатқышы болып табылады. <...>
Әр түрлі кезеңдегі көрнекті өкілдердің аттары белгілі. Оларды толық құқықпен «ұлы
адамдар» деп атауға болады. Олардың саны аз, бірақ олардың қалдырған ізі өте маңызды.
Ол бәрінен бұрын, бұл көрнекті өкілдердің дана жеке тұлғалар ретінде көрінуіне емес,
керісінше, тарихи дамудың сол сатысындағы тұтас таптардың немесе әлеуметтік
топтардың мүдделерін білдіргендігіне байланысты. Бұл таптар немесе әлеуметтік топтар
алдыңғы позицияны алған кезде, олар қоғамдық прогрестің тасушыларына айналады.
Қоғамдық қайраткерлерге тарихи талдау жасау кезінде қоғамға теріс ықпал еткен
тұлғаларды да естен шығармау керек. Адамзат адамдардың мағынасыз қырылуы мен
материалдық және рухани құндылықтарына нұқсан келуіне ықпал еткен адамдардың
аттарын да біледі. Мұндай жағымсыз сирек кездесетін жеке тұлғалардың да, өзінің жеке
тілегі бойынша тарихи сахнаға шықпағанын атап өту керек. Олардың құрылымы бұзылған
қызметінің «жеке мейрімсіз еркі» қоғамдық прогрестің реакциялық сипатын, тарихи
сахнадан кетіп жатқан таптық күштер қарсылығын білдіретін белгілі бір әлеуметтік
жағдайда жүзеге асуы мүмкін. <...>