Page 172 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
172
Маркске дейінгі тарихи ғылымда, қандай да бір қоғамның тиянақты дамуы, әр түрлі
екінші кезектегі себептер нәтижесінде өз бетімен жүріп отырады деген көзқарас кең
таралды. Ұзақ уақыт бойына, қандай да бір қоғамның немесе адамзат дамуының, тіпті,
тұтас өркениеттердің өзіне тән себептерін іздестіруге ұмтылыс жасалды. Олар мұны,
бұлардың діни көзқарастарымен, күрделі иерархиялық құрылымымен, қауымдық немесе
туыстық-рулық байланыстардың ерекше беріктігімен түсіндіруге тырысты.
К.Маркс бірінші болып өткен тарихты зерттеудің негізгі мәселелеріне ғылыми негізделген
жауап берді. Тарихты түсіндірудің өз қағидаттарын дамыта отырып, ол бұл мәселеге
алдыңғы қатарлы қоғамдық ойдың қол жеткен жетістіктері тұрғысынан қарады. <...>
Ұзақ жылдар бойы түсінік ала алмаған мәселелерді шешудің Маркс әзірлеген негізгі
белгілері мынада болып табылады. Қоғамдағы адамның қажеттілігін қамтамасыз ету
тәсілдері оның билігіндегі қарулар мен құралдардың қасиетімен анықталады. Осы күштер
мен құралдардың жиынтығы, сонымен катар оларды қолдана білу қабілеті өндірістік
күштер ұғымына кіреді. Сондықтан өндіріс құралдары мен өндірістік күштер дамуының
адамзат өмірінде ерекше анықтаушылық маңызы бар. <...>
Тарихи үдерісті маркстік түсіну еңбек құралдары мен қаруларының жетілуіне,
материалдық өндірістің дамуына қарай, адамзат қоғамдық тұрмыс пен сананың
қарапайым түрінен күрделірек және прогрессивті түріне өтеді дегенді білдіреді. К.Маркс
қандай да бір саяси институттардың немесе идеялардың пайда болуын, аталған
институттар мен идеялар мүдделерін қорғайтын, қандай да бір қоғамдық қабаттың тек
белгілі бір экономикалық мүддесімен түсіндіруге болатынын ашып берді. <...>
Оның әр түрлілігіне қарамастан, әлемдік тарихи үдерістің бірлігін мойындаудың негізін не
құрайды?
Кез келген халықтың, кез келген адамдар қауымының, жалпы тұтас қоғамның өмір сүруін
және дамуын анықтайтын жағдай — барлық уақыттарда негізгі өмірлік қажеттілікті, оның
ішінде тамаққа, киімге және тұрғын үйге деген қажеттілікті қанағаттандыру. Тарихи
ғылым мәселелерінің бірі — осы қажеттілікті қамтамасыз етудің әр түрлі тәсілдерінің,
қоғамдық қатынастарға қалай әсер ететіндігін, бұл қатынастар түрінің қалай
қалыптасатынын түсіндіру болып табылады.
Адамзат қоғамының даму қозғалысын, қоғамдық дамудың бірдей сатысындағы халықтар
мен елдердің өткенінің заңдылықтарын анықтау, ғалымдардың қоғамның материалдық
өндіріс дамуының белгілі бір сатысына сәйкес келетін адамзат дамуының үлкен
прогрессивті сатыларын ажыратуына мүмкіндік жасады. Нақты осы сатылардың ауысуы
қоғамның даму қозғалысының негізгі бағытын білдіреді.
Алайда өндіріс дамуы және адамдардың өндірістік қызметі әлеуметтік дамудың негізгі
және бірінші себебі бола отырып, ол оның барлық мазмұнын құрамайды. Тарихи үдеріс
анағүрлым бай. <...>
Саясаттың мазмұны өндірісті қоғамдық ұйымдастырумен анықталады. Оның ерекше
белсенді рөлінің қайнар көзі нақты осында болып табылады. Экономикадан өз импульсін
алып, оған тәуелді бола отырып, саясат терең экономикалық мүдделердің анағұрлым
ауқымды күшіне қарай, өте жиі қоғам өмірінде жетекші жағдайға ие болады.
Бүкіл әлемдік тарихи үдерістің бірлігі қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарында
көрініс береді. Бұл бірлікті жалпы заңдылықтардың тиянақты түрінің міндетті сәйкестігі
ретінде түсіну дұрыс болмас еді. Қоғамдық даму заңдылықтары бұл дамудың барлық