Page 171 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
171
көлем болып табылмайды. Ол қоғамның өмір сүруінің объективті себептеріне сәйкес
өзгеріп отырады.
Формациялардың даму қарқынындағы айырмашылықтар уақыт санаудағы өзгерістерді де
анықтайды. «Тарихи уақыт» ағысы болып жатқан әлеуметтік үдерістердің
қозғалмалығына тікелей байланысты. Е.М.Жуковтың «тарихи уақыттың» қандай да бір
кезеңнің, жалпы дүниетанымдық сатыларымен тығыз байланысы жайлы ескертулері
қызықты.
Тарих теоретигі тарихи деректерге талдау жасауға, олардың сындарына және
түсініктемелеріне ұқыпты және ойлы қарады. Ол тарихшыларды тарихи деректердің
барлық түрін, сыни талдау жасаудың қазіргі тәсілдерін қолдана отырып, терең және жан -
жақты зерттеуге шақырды. Дерек көп немесе аз мөлшерде объективті шындықтың бейнесі
болғандығынан оған сыни көзқарас ерекше қажет. Дерек объективтілікке қатысты
субъективті мезет болып табылады, бірақ тарихшы оған субъект объектіге қарағандай
қарайды. Тарихшының танымдылық жұмысы — объективтілік пен субъективтіліктің
арақатынасының дамуын ашатын терең шығармашылық үдеріс болып табылады.
Е.М.Жуков тарихшының «тілі» жайлы мәселеге үлкен сақтықпен қарады. Ол қазіргі
әлемде тарихшының «тілі» жайлы талас, жалпы әдіснамалық сипатқа ие болғандығын
атап көрсетті.
«Тарихи әдіснама очерктері» жайлы еңбегінде Е.М.Жуков әлеуметтік психология
саласындағы зерттеудің маңызын атап көрсетті. Ол халықтың, қандай да бір таптардың, әр
түрлі елдердегі әлеуметтік топтар мен халықтардың әлеуметтік психологиясын зерттеу
бүкіл тарих ғылымы үшін жемісті және келешегі зор деп есептеді. Әлеуметтік
психологиямен катар ол этнопсихология мәселесін әзірлеуге де көңіл бөлді.
Е.М. Жуков
ТАРИХИ ӘДІСНАМА ОЧЕРКТЕРІ
ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ПӘНІ
Тарих - қоғамның қозғалыс түрінің көптігін ашып көрсететін, адамзаттың өз дамуында
өтетін күрделі жолдарын түсінуге мүмкіндік беретін ғылым. Тарих, әрбір ғылым сияқты,
объективті білімдерді жүйелеусіз, эмпирикалық материалдарды теориялық толықтырусыз,
зерттеу құбылыстарының мәніне осы құбылыстарды басқаратын ішкі заңдылықтарын ашу
жолдарына тереңдеп енбей өмір сүре алмайды. <...>
ХІХ ғасырдың басындағы көптеген көрнекті тарихшылар қоғамдық таптардың тарихи
үдерістегі таптық күресті танығанға дейін өмір сүру фактісін мойындады. Бірақ, таптар
неге пайда болды? Адамдардың әрекеттерін қандай жасырын серіппелер бағыттап
отырады? Оларды күресуге, қандай да бір ұрандарды, саяси және әлеуметтік идеалдарды
алға қоюға не итермелейді? деген мәселеге ешкім де дұрыс жауап бере алмады.
Көрнекті ойшыл А.Сен-Симон білімді дамытуды тарихи үдерістің негізгі факторы ретінде
есептеді. Өйткені, оған дейін адамзат табиғатының өзгермейтіндігі туралы көзқарас
қалыптасқан болатын. Оның даму идеясына өту, адамзат идеалдарының өзгеретіндігі
жайлы пікірі бір адым алға басқандық болды. Бірақ ол да, білімнің неге дамитындығын
түсіндіріп бере алмады. Соңында, жетілуге ұмтылатын адамның ерекше қасиеті жайлы
тезиске оралды.