Page 170 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
170
тарихшыларының Ұлттық комитетінің төрағасы болды. 1968 жылдан бастап өмірінің
соңғы күніне дейін КСРО Ғылым Академиясының жалпы тарих Институтының директоры
қызметін атқарды.
Е.М. Жуковтың еңбектерін және оның шығармашылық жолын зерттей отырып, біз оның,
жинақы тарихи ойлау тән ғалымдардың қатарына жатқанына көз жеткіземіз. Оны ылғи
көлемді мәселелер қызықтырды, ол қатал логиканы және үйлесімді тарихи тұжырым
қызықтырды. Ұсақ тақырыптарға қызықпады. Сондықтан оның тарихи әдіснама
мәселесімен айналысуы түсінікті. Үнемі жинақты қорытындыға келуге ұмтыла отырып,
Е.М.Жуков оған талдау жасауды да ұмытқан жоқ. Ол фактіні толық білмей, деректерге
тереңдеп енбей тұрып, ғылыми тарихтың жоқ екенін атап көрсетті. Оның соңғы
монография ретіндегі еңбегі «Тарих әдіснамасының очерктерін» тек көп зерттеу
тәжірибесін жинақтаған тарихшы ғана жаза алар еді. Е.М.Жуковтың дүние жүзілік тарихи
үдеріс жайлы негізгі мақалаларды зерттеуі ылғи да қоғамдық ілгерілеудің маркстік-
лениндік идеясына негізделді.
Е.М. Жуков өз өмірінің соңғы қырық жылында тарих әдіснамасына көп көңіл бөлді. Осы
тақырыпқа оның көптеген мақалалары, баяндамалары, сөйлеген сөздері арналды. Ол
«Қоғамның тарихи дамуының және бір әлеуметтік-экономикалық формациядан басқасына
өтуінің заңдылықтары» атты көлемді мәселенің Ғылыми кеңесін басқарды. Кеңестің
сессияларында, симпозиумдарда, конференцияларда және өзінің бөлімдерінде ылғи да
әлеуметтік-экономикалық формация теориясының ең күрделі мәселелері қаралды.
Евгений Михайловичтің жалпы тарих Институтында ашылған бүкіләлемдік-тарихи
үдерістің теориялық мәселелері бөлімшесі тарих әдіснамасының әр түрлі мәселелерін
әзірледі және оны жалғастыруда.
Е.М. Жуковтың еңбектерінде тарихтың іргелі ғылым ретіндегі ғылыми мәні бекітілді.
Оның шығармаларында негізгі әдіснамалық жағдайлар дүние жүзілік-тарихи үдерістің кең
мәліметтерінде берілген. Қандай да бір теориялық құрылымдарды бекітетін мысалдар,
барлық құрлықтардың тарихтарынан алынады, оның еңбектерін, әсіресе Шығыс, Африка
және Латын Америкасының тарихтары жайлы ауқымды мәліметтер ерекше байытты.
Ол үнемі тарих барысы бірыңғай ілгерілемелі үдеріс бола отырып, сонымен бірге тарихи
өткір қайшылықтарға, бұралаңдар мен қателіктерге, түсінікті қозғалыстар мен уақытша
құлдырауларға толы екенін атап көрсетіп отырды. Ғалымның барлық шығармалары өзінің
пікірталас сипатымен ерекшеленді.
Е.М.Жуковтың тарихи-теориялық зерттеуінің негізінде жалпы-социологиялық және
тарихи заңдылықтардың арақатынасын ойланып және терең қарастыру тұрды.
Белгілі тарихшы жалпы социологиялық және тарихи заңдылықтардың диалектикалық
бірлігін көрсетті. Ол «тарихи кезең» ұғымын анықтауға көп көңіл бөлді. Ол бұл мәселеге
таптық көзқараспен қарау қажеттігін көрсетті. Аталған ұғымды ол формация теориясымен
тығыз байланыста алып қарады және тарихи кезенді бір мезгілде әрекет еткен екі немесе
одан да көп формациялардың тұрақты арақатынасын сипаттайтын тарихтың ұзақ жолағы
ретінде қарастырды. Тарихи кезең, формация сияқты логикалық абстракция емес, ол
жанды шынайылық. Ол әдетте өткір қақтығыстарға толы болады. Кезеңдер арасындағы
шектер шартты және қозғалмалы, абсолютті емес салыстырмалы.
Тарих философы Е.М. Жуков уақыт пен кеңістіктің логикалық және тарихи сатыларына
бірнеше оралды. Тарихи оқиғалардың болған уақытының сабақтастығы - біреудің
санасына байланысты болмайтын объективті шындық. Бірақ «тарихи уақыт» тұрақты