Page 169 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
169
ақтаңдақтар кейде өте елеулі түрде болады. Олардың орын алатын себебі көптеген дерек
көздері табиғи апаттардың немесе басқа да жағдайлардың салдарларынан бізге дейін,
біздің заманымызға дейін жеткен жоқ. Алайда олар көбінесе белгілі бір әлеуметтік-
экономикалық және саяси жағдайлардың салдарларына байланысты жетпей қалды.
Өйткені ондай жағдайларда халық бұқарасының мұң-мұқтаждары мен мүдделері дерек
көздерінен өздерінің бейнелерін іс жүзінде қалдыра алмады.
(Ц.Бобиньская. «Дерек көздеріндегі ақтаңдақтар. Әдістемелік талдау». —«Вопросы
истории» журналы. 1965. №6.)
Қолда бар материалдардағы дерек көздерінің жеткіліксіздігі ақпараттың жеткіліксіздігі
сияқты, кей-кейде тарихшыларды өздерінше болжам жасауға мәжбүр етеді, яғни
негізделіп қойған «дерек көздерін тану үлгілерінің» бәрін емес, тек кейбіреулерін ғана
құруға немесе дерек көздерінің жорамалданған құрамдас бөлшектері туралы ғана әр түрлі
болжам түрлерін жасауға алып барып соқтырады. Мұның өзі тіпті дерек көздерін танудың
тұтас бір кешендерін іздестіруге де қатысты болуы әбден мүмкін. Ондай болжамдар
жасап, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге ұсыну теориялық ақыл-ойдың заңды тәсілі
болып табылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда тарихи таным да бұл тәсілден шет қала
алмайды. Жоғарыда аты аталған бельгиялық ғалым П.Сальмон ондай болжамды «тарихи
қайта құрудың қажетті элементі» болып табылады деп өте дұрыс мәлімдеді. (Г.М.Иванов
«П.Сальмон. Тарих және сын»— «Вопросы истории» журналы. 1971. №10. 191-бет).
Алайда бұл жерде ұдайы есте ұстайтын бір нәрсе — бар болжамдардың қаншалықты
дұрыс екенін тексеріп көрудің физика-математика және жаратылыс тану ғылымдарындағы
сияқты неғұрлым дәлме-дәл әрі бір мағыналы тәсілдері тарих ғылымында жоқ
болғандықтан, бұл ретте өте-мөте абай болған жон. Кейде орын ала беретіні сияқты алдын
ала жасалатын бір болжамның үстіне басқа да болжамдарды үйіп-төгіп қоса беруге немесе
бір болжамды жасай салып, тағы да ойша пайымдап, тұжырым жасау үшін оны «теріске
шығаруға мүлде болмайтын» дәлелге айналдырудың қажеті жоқ. Егер зерттеуші ғалым
болжам жасау кезінде алдын ала көрегендік танытып, сақтық жасайтын болса және
оларды ғылыми тұрғыдан негіздеуге барынша жауапкершілікпен қарайтын болса, ондай
болжамдардың дерек көздерінің эвристика саласына да, сондай-ақ жиналған нақты
материалдарға баяндау арқылы түсініктеме беру саласына да қыруар мол пайда келтіруі
әбден мүмкін..
Тәржімалаған
Мыңбай Ілес
ЖУКОВ ЕВГЕНИЙ МИХАИЛОВИЧ
(1907-1980 жж.)
Е.М. Жуков 1907 жылы 23 қазанда Варшавада дүниеге келді. Ол тиянақты шығыстық
білім алды: Ленинград институтындағы жанды шығыс тілі бойынша оның ұстаздары
В.М.Алексеев, В.В.Бартольд, Н.И.Конрад, Ю.И.Крачковский, Д.А.Ольдерогге т.б. болды.
Е.М.Жуков 1936 ж. кандидаттық, ал 1941 докторлық диссертация қорғап, ғылымға
шығыстанушы ретінде кірді. 1946 ж. 39 жасында корреспондент-мүшесі, ал 1958 ж. КСРО
Ғылым Академиясының толық мүшесі болып сайланды. Евгений Михайлович әр түрлі
кызметтегі ғылыми және әкімшілік жұмыстарды үлкен қоғамдық және саяси
жұмыстармен қатар алып жүрді. Тарих бөлімшесін басқара отырып, ол сонымен бір
мезгілде КСРО Ғылым Академиясы Президиумының мүшесі, Кеңес Одағы