Page 17 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
17
лайықты болса, ешқашан саналы түрде әділетсіздік жасамайды, — өйтпеген жағдайда
бұлардың бәрі де өз өнерінін шеберлері емес, шебердің көмекшілері ғана болып шығады.
Сонымен, мемлекеттік өнердің басында отырған адам өзінін ақылсыздығы үшін ұялатын,
ал шексіз билеушінің рөлі бұрынғысынша және әрқашанғыдай жексұрын ғана болып
қалмай, кез келген мемлекеттік парықсыздық бұрыс көбейту кестесін пайдаланатыны,
сөйтіп, өздеріне қисапсыз қаржы есептетіп алатыны, соның өзінде барлық басымдығынан
айырылып қалатыны құдайдың ашық күніндей анық көрінген сәтте-ақ күлкілі, мағынасыз
болып шығатын кезде де келеді. Тарих та осы үшін жазылады, ал қазір айтылған жәйт те
онда толық әрі анық көрсетіледі. Үкіметтер алғашында мейлінше қателіктер жіберіп,
олардың санынан жаңылатын болғанда, ақырында, барлық былықтардан кейін ғана
адамдар өздерінін әл-ауқаты зорлық-зомбылыққа, жүгенсіздікке емес, өзіне тән табиғат
заңына — ақыл мен әділеттілікке сүйенетінін түсініп, соған бейімделді.
III.
Адам баласына мәдениеттің бірнеше сатысынан өтіп, әр түрлі өзгерістерді бастан
кешіруді тағдыр жазған, бірақ адамдардың баянды әл-ауқаты тек ақыл-ой мен
әділеттілікке негізделген
Табиғаттың бірінші заңы. Математикалық жаратылыстану зат өзінің тыныш немесе
қозғалыстағы күйін сақтауы үшін, өзіндік бір жетілгендік, яғни осы заттың күшіне тән
әрекет тәсілінің ең көп немесе ең аз шамасы қажет екенін дәлелдеді. Мысалы, егер біздің
Жердің ауырлық центрі оның ең терең нүктесіне орналаспаса, сонымен бірге осы нүктеге
жиналатын және одан шығатын барлық күштер үйлесімді тепе-тендікте болмаса, онда
Жердің өзі де тіршілік етпеген болар еді. Демек, табиғаттың осы бір тамаша заңына сәйкес
дүниеде бар және өзіне тән физикалық күйге, игілік пен қажеттілікке ие заттың қай-
қайсысының да оның дүниеде болуын қамтамасыз ететін орнықты ядросы бар.
Табиғаттың екінші заңы. Нақ осы секілді, құрамы күрделі және шектеулі заттар мен
олардың жүйесінің бүкіл жетілгендігі, әсемдігі осындай ең көп шамаға сүйенетіні
дәлелденген. Нақты айтқанда, қандай да бір шамаластық, үйлесімді тепе-теңдік
ұқсастықпен және өзгешелікпен, құралдардың қарапайымдығымен және көрінулердің
алуандығымен, ең анық және жемісті мақсаттарға аз күш жұмсауымен анықталады;
табиғат барлық нәрседе — өз жаратындысына беретін пішінде, олардың қозғалысын
белгілейтін заңдарда, өзінің барлық зор және шағын құбылыстарында осындай
пропорцияны сақтайды, — ал адамдардың өнері, олардың шамасы жеткенінше, табиғатқа
еліктейді. Мұнда әр түрлі ережелер өзара бірін-бірі шектеп отырады, сөйтіп, әлдебір нәрсе
бір ережеге сәйкес өседі, басқа ережеге сәйкес азаяды, нәтижеде пайда болған бүтін зат ең
жақсы, құнтты да тамаша пішінге келеді, сонымен бірге іштей орнықтылыққа, игілік пен
шынайылыққа ие болады. Тамаша заң! Ол табиғаттан бейберекеттік пен негізсіздікті
аластайды, сөйтіп, дүниенің әрбір құбылмалы, шектеулі бөлшегінен бізге жоғары
сұлулықтың заңы көрінеді.
Табиғаттың үшінші заңы. Нақ сол секілді, егер затты немесе жүйені оның өзіне тән
қалыпты, игі және әсем күйінен шығарып жіберсе, онда өзінің ішкі күштері оятқан зат
немесе жүйе тербеліп яки пішін сыза отырып, бастапқы қалпына қайта келе бастайды,
өйткені бұл күйден тысқарыда олар орнықты әрі баянды бола алмайды. Ішкі күштер анық
және алуан түрлі болған сайын заттардың, іс жүзінде, өз пішініне тікелей кайта оралу
мүмкіндігі азаяды және тербелістер мен шайқалыстар күшейе түседі, ол хал-жай
күштердің немесе үйлесімді қозғалыстардың тепе-тендігіне оралғанша, сол арқылы затқа
тән орнықтылыққа жеткенше тоқтаусыз жалғасады.