Қазақстанның ашық кітапханасы
16
міндеттіміз, — ақыл дегеніміз — Құдайдың Күнінен келіп тұрған мәңгілік жарық нұры, ол
түн түнегін түріп тастап, барлық нәрсені өзінің шынайы келбетінде көрсетеді.
3. Өнер мен жаңалық ашудың қарқындап дамуы табиғаттың өзі түп-тамырымен жоюға
күші жетпеген барлық қауіпті шектеу және зиянсыз ету құралдарын адамдардың қолына
көбірек ұстата бастады.
Теңізде мезгіл-мезгіл дауыл соғып тұрады, заттардың анасы табиғаттың өзі де,
адамдардың қамы үшін, оларды жойып жібере алмады; бірақ адамдар дауылдармен күресу
үшін табиғат оларға қандай құрал берді екен? Берген құралы — теңізде жүзу өнері. Осы
дауылдардың салдарынан адамдар өзінің тамаша өнертабысын — кемені ойлап шығаруға
мәжбүр болды, енді кемесіне мінген адам дауылдан қашып құтылып қана қоймайды, ол
кемесімен өзіне пайда да тауып, мұхит бетін еркін кезіп кетті.
Қаншама адамдардың басын жұтқан соғыс сансыратқан ғасырлар бойы қарақшылардың
тұрпайы кәсібі болды. Адамдар өздерінің бүкіл арының, бүкіл тағылық құмарлығын
көрсетіп, ұзақ уақыт соғысты, өйткені бәрі де жеке адамның күшіне, оның айлакерлігіне,
зұлымдығына тәуелді еді; адамның жеке басының қасиеттері қаншалықты артық
болғанымен соғыс тек тонаушы мен жендеттің қатерлі ерліктерін ғана қорек етті —
ертедегі, Орта ғасырлардағы соғыстар, тіпті, бергі кездегі кейбір соғыстар даосыны
айғақтайды. Бірақ, халықтардың еркіне қарсы дерлік, осындай қырғыншылық кәсіптен
соғыс өнері өсіп шықты: оны жасаушылар мұндай өнердің пайда болуы соғыс жүргізудің
негізін де бұзатынын байқамады. Ойлап табылған өнермен жүргізілген ұрыстар көбейген
сайын, соғысқа механикалық өнертабыстар көбірек катысқан сайын, жекелеген адамдарға
тән соғыс құмарлықтан да, олардың парасатсыз күш-қуатынан да келер пайда азая түсті.
Олардың бәрі енді жансыз қару секілденіп, бір ғана қолбасшының ойларына, санаулы
әскербасылардың бұйрықтарына бойсұнып қалды, және, ақырында, соғыс тек мемлекет
басшысының құқығына берілген қауіпті әрі қымбатқа түсетін ойынға айналды. Ал
ертедегі жауынгер халықтардың үздіксіз дерлік соғысқаны белгілі. Бұған Азияның
көптеген халықтары да, тіпті римдіктер мен гректер де мысал бола алады.
Азиядағы немесе Еуропадағы мемлекеттік құрылыс өнерге айналған сайын, мемлекеттің
өзі де табанын нық тірейді, оның көрші мемлекеттермен өзара байланысы да нақтылана
түседі, демек, басқалары беріктігін сақтаса, бұлардың да бірде-бірі қирамайды. Іргетасы
тереңнен қаланған ежелгі ғимараттар секілді Қытай мен Жапония да осылайша мызғымай,
берік тұр. Грек мемлекеттерінің ежелгі саяси құрылысына да көп өнер жұмсалған,
Грекиядағы негізгі мемлекеттер ғасырлар бойы саяси тепе-тендікке жету үшін күресті.
Оларды ортақ қауіптер біріктірді, егер толық бірлікке қол жеткізілгенде, ержүрек грек
халқы Филипп пен римдіктердің шабуылдарын да, бір кезде өздері Дарий мен Ксерксті
жеңгеніндей, тойтарып тастаған болар еді. Ал Рим басымдыққа көрші халықтардың
мемлекеттік өнерінің нашарлығынан жетіп отырды; римдіктер әуелі оларды бөліндірді,
содан соң оларға шабуыл жасады, римдіктер оларды бөліп болған соң бағындырып
отырды. Мемлекеттік өнері құлдыраған кезде римдіктердің өздері де солардың кебін
құшты; Иудея мен Египет те осындай күйге ұшырады. Егер мемлекет жақсы құрылған
болса, онда халықта ешқашан, тіпті оны дұшпандары басып алған кез де құрып кетпейді;
қаншама кеселді құбылыстары болғанымен, Қытайдың өзі де осыған айғақ бола алады.
Егер ішкі тәртіп туралы, ел жүргізетін сауда-саттық туралы, ғылым, кәсіпшілік, құқық
тәртібі туралы айтар болсақ, жақсы ойластырылған басқару өнерінің пайдасы мұнан да
коп екені анық; біз қандай істі колға алсақ та, шеберлікпен атқарған сайын пайдасы да
молая түсері сөзсіз. Нағыз көпес алдамайды, өйткені алдаумен байып кете алмайсың;
нағыз ғалым жалған ғылыммен мақтанбайды, ал заңгер, егер ол құқықтанушы атағына