Page 168 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
168
асырып жібермеуі, бір немесе бірнеше процедураны әлдебір ерекше, зерттеу жұмысының
барлық міндеттерін бірден шешіп тастайтын нәрсе етіп көрсетпеуі керек. Бұл мәселедегі
біржақтылық пен тым қызбалықпен қызығушылықтың салдарлары қандай болатынын
қазіргі батыс теоретиктері К.Поппер мен К.Гемпель жасаған және жалпы алғанда
құбылыстар арасындағы себеп-салдарлы тәуелділікке негізделген «бәрін де қамту
теориясының» жеміссіз бос тәжірибесінен көруге болады (И.С.Кон. «Тарихи
түсініктеменің логикасы туралы пікір сайысына» (Поппер-Гемпель схемасы және оның
сыншылары) — «Философские проблемы исторической науки». Мәскеу. 1969. 274- 275-
беттер).
Соңғы кезде кеңестік әдебиетте тарих ғылымындағы дерек көздеріне түсініктеме беру
үдерісін теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізуге мүмкіндік жасайтын зерттеу
жұмыстары пайда болды. Солардың бірінің авторы А.И.Уваров осы үдеріс туралы былай
деп жазады: «Тарихи дерек көздері мен тарихи теория алуан түрлі құбылыстардың
арасында... өзара тығыз байланыстың бар екеніне қарамай, бір-бірімен жайдан-жай,
тікелей байланыса алмайды... Тарихи дерек көзі дегеніміз тарихи теорияның дерексіз
негіздемесі ғана болып табылады... Оның шын мәніндегі негізі, нақты негізі деп белгілі
бір нақты тарихи теория үшін арнайы жасалған үлгіні айтуға болады. Олай болса, тарих
ғылымындағы ескерткіш пен теорияның арасындағы байланыстырушы буын кызметін
дерек көздерін тану үлгісі атқарады. Өйткені бұл жерде тарихи деректің өзі де шынында
да тарихи теорияға оның құрамдас бөлшегі ретінде еніп кетеді» (А.И.Уваров, «Тарих
ғылымындағы теория мен дерек көздерінің проблемасы». - «Проблемы методологии и
логики наук» жинағы, 6-шы шығарылымы, 195-бет, М.П.Завьялова. «Тарихи зерттеу
жұмыстарында үлгі жасау туралы». - «Проблемы методологии и логики наук» жинағы, 5-
ші шығарылымы. Томск. 1969).
А.И.Уваровтың барлық қағидаларымен бірдей толық келісе салуға болмайды. Оның
үстіне, «дерек көздерін тану үлгісі» деген терминін де сәтті алынған деуге келмейді.
Алайда ғалымның пайымдауларында көптеген әділетті қағидалар бар. Шынында да дерек
көзі тарихи тұрғыдан түсіндіруге ешқашанда өзгеріссіз енгізілмейді. Ол, яғни дерек көзі,
алуан түрлі дәлсіздіктерден алдын ала тазартылады, өзге дерек көздерінен және олардан
тыс ақпараттардан алынатын мәліметтермен толықтырылады, содан кейін барып, санада
пайда болатын дерексіз нәрселермен ұштасады. Ал ол дерексіз нәрселер тарихшының
жинақтаулар мен қорытындылар жасауына қажетті құрылыс материалдарына айналады.
Дерек көзінің зерттеуші назарын өзіне аударған бөлшектері мен оның тарихи деңгейдегі
зерттеу жұмысының түпкілікті нәтижесі арасындағы өзара қатынасы шамамен алғанда
тарихи дерекпен тарихнамалық деректің арасындағы өзара қатынасының тап өзі сияқты
(бұл жөнінде осының алдындағы тарауда айтып өткен болатынбыз). Тап осы көрсетіліп
отырған жағдайдағы сияқты «дерек көздерін тану үлгісі» өмірде бар нақты дерек көзінің
бір бөлшегі болып табылмайды, бірақ солай бола тұрса да оның нақты мазмұнын азды-
көпті ұқсас етіп бейнелей алады, сондай-ақ, тиісінше, дерек көзінде айтылған тарихи өмір
шындығын да бейнелейді (А.И.Уваровтың тұжырымдамасы оның «Тарих ғылымындағы
теорияның гносеологиялық тұрғыдан талдануы» деген монографиясында (Калинин, 1973)
неғұрлым егжей-тегжейлі баяндалады. Бірқатар қызық пайымдауларды Польша
тарихшыларының еңбектерінен табуға болатындығы М.Н. Терешконың «Тарихтың қазіргі
польшалық әдістемесінде дерек көздерін сынау және оны баяндап түсіндірудің теориялық
проблемалары» деген еңбегінде («Вопросы теории как формы мышления» жинағы. 1-ші
шығарылымы. Томск. 1970. 87-111-беттер) айтылады».
Сөз соңында дерек көздерін танудың тағы бір өзіндік ерекшелігі бар міндетіне тоқтала
кетейік. Ол міндет дерек көздері базасында зерттеуші көбінесе өзі таңдаған тақырыпты
зерттеу кезінде байқап, душар болатын ақтаңдақтарға байланысты болып келеді. Ол