Қазақстанның ашық кітапханасы
167
Үшіншіден, тарихи дерек көздерінің дұрыстығын тексерудің әр түрлі ғылыми әдістері мен
тәсілдерін қолдану принципі» (М.Н.Терешко. «Тарихи дерек көздерінің дұрыстығын
тексерудің кейбір әдістемелік принциптері» - «Проблемы методологии и логики наук»
жинағы. 6-шығарылымы. Томск, 1970, 172-бет). М.Н.Терешко атап көрсеткен
принциптердің алғашқы екеуін оған дейін С.Н.Быковский айрықша бөліп көрсеткен
болатын. Бірақ ол принциптерді «әдістемелік пайымдаулар тәсілі» деп атады. Ал үшінші
принципке келетін болсақ, Быковский оның құрамына «тарихи ұқсастық тәсілін»,
«салыстырып көру» әдісін, «көмекші тарихи пәндердің деректерін қоса пайдалануды»
және «қалдықтар» әдісін қолдану арқылы бұл принципті неғұрлым нақтыландыра түсті
(С.Н.Быковский. Бұған дейін көрсетілген шығармасы. 146-156-беттер).
Енді біз дерек көздерінің дұрыстығын қалай анықтау әдісінен олардың маңызын тарихи
зерттеулерде қалай баяндап түсіндіру проблемасына көше аламыз. Бұл проблема дерек
көздерімен жұмыс істеудің тек соңғы кезеңіне ғана катысты деп ойлау дұрыс болмас еді.
Дегенмен де ол проблема жұмыстың тап осы кезеңінде ерекше күшті маңыз алатынын
атап айту керек. Тарихшы марксистерге дерек көздерін баяндап түсіндіру үшін қажетті
бағыт-бағдарды тарихи материализм береді (Н.М.Дружинин. «Тарихшының естеліктері
мен ой-пікірлері». Мәскеу. 1967. 105-бет). Дерек көздеріне принципті түрде негізделген
және алдын-ала ой елегінен өткізілген партиялық тұрғыдан келу тарихшы-марксисті
оқиғаларды күні бұрын қалай түсінік беру керектігіне қарай тіпті де итермелемейді.
Керісінше, бұл жағдай оның дерек көзінің таптық және саяси бағыт-бағдары қандай екенін
байқауға, тереңірек ашып көрсетуге көмектеседі, тарихи өмір шындығы қандай болса, тап
сондай етіп көруіне мүмкіндік береді.
Сақталып қалған дерек көздерінің бүкіл жиынтығын қайткен күнде де түгел пайдалануға
ұмтыла отырып, зерттеуші жаңа материалдарды одан әрі іздестіруде қара бастың аясы тар
қамын жеуге айналып кетпеуі тиіс. Солай бола тұрса да, көптеген ғалымдар, әсіресе
ежелгі және орта ғасырлар тарихы жөніндегі мамандар дерек көздерін мейлінше
фетиштендіріп, оларға бас ие табындыруға бейім екендіктерін байқатады. (Академик
Б.А.Рыбаковтың сөйлеген сөзі. «История и социология» журналы. 61-бет). Жаңа және ең
жаңа тарих бойынша сақталған материалдардың көлемі өте зор. Сондықтан да бұл
саладағы мамандар дерек көздерін фетиштендірудің басқа да түрлерін тудырды: кейбір
зерттеулердің қайткен күнде де мұрағаттық сілтемелерді неғұрлым молырақ жасауға
ұмтылатыны сонша, тіпті олардың тақырыбына байланысты әлдеқашан белгілі болып,
жарық көрген дерек көздерін қайталауға дейін жиі-жиі барады. А.И.Данилов өзінің
зерттеу
жұмыстарының
бірінде
былай
деп
жазды:
«Тарихи
таным
прогресін...зерттеушілердің жаңа ұрпақтарының бұрыннан белгілі дерек көздерінің
көмегімен тарихшылардың бұған дейін қолдары жетпей келген деректерді табу арқылы
ілгері дамытты» (А.И.Данилов. «Маркстік-лениндік бейнелеу теориясы және тарих
ғылымы»), — «Средние века» жинағы. 24-шығарылымы. Мәскеу. 1963. 11-бет). Шынында
да көне дерек көздерін қайталап оқып, зерттеген кезде олардың кейде маңызды, сондай -ақ
өте маңызды болатыны сонша, тіпті оларды жаңадан қолдану оншалықты бірінші
дәрежелі емес ескі мұрағаттық материалдардан да артық маңызға ие болады.
Логикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда, баяндау түріндегі түсіндірме де ғылыми
түсіндірудің бір түрі болып табылады. Оның суреттеуден бір айырмашылығы бар. Ол
дерек көздерінен тыс деп аталатын білімді кеңінен қолдануды ғана емес, сонымен қатар
түсіндірудің (генетикалық, сылтау-салдарлы, құрылымдық) сан-алуан түрлерін және оның
алуан түрлі (психологиялық, әлеуметтік, логикалық) үлгілерін, сондай-ақ ұқсастықтарды,
үлгілерді пайдалануды, болжамдар жасауды және басқа да әрекеттер қолдануды талап
етеді. Кез келген логикалық процедураны табысты қолдануға болады және ол тап солай
қолданылып та жүр. Бұл — әбден табиғи нәрсе. Бірақ зерттеуші оның мәнін шектен тыс