Қазақстанның ашық кітапханасы
165
көздерін тану. Империализм кезеңі. XIX ғасырдың аяғы — 1917 жыл». Мәскеу. 1962. 20-
бет). Алайда В.И.Стрельскийдің жіктеп болу жүйесі С.М.Каштанов пен АЛ.Курносовтың
тарапынан бірден қатаң сынға алынды, ал бүл екеуінің ұсынған жүйесі де
Л.В.Черепниннің, Е.А.Луцкийдін және Л.Н.Пушкаревтің тарапынан әлдеқайда күшті
негізделген қарсылыққа душар болды («Исторический архив» журналы. 1962. №4. 189-
193-беттер).
Мәселені шешудің келесі кезеңі дерек көздерін пайда болу тегіне және мазмұнына қарай
жүргізілген есепті олардың неғұрлым елеулі сыртқы түрінің белгілеріне қарай жіктеліп
бөлінуімен ұштастыру әрекеттерімен тығыз байланысты. Бұл жерде әңгіме түр мен
мазмұнның бірлестігі жөніндегі марксистік принциптен шегіну туралы болып отырған
жоқ, қайта ғылыми пән ретіндегі дерек көздерін неғұрлым тереңірек тану үшін ерекше
маңызды белгілерге неғұрлым жіті назар аудару туралы болып отыр. Өйткені бұл ғылыми
пән дерек көздерінің әр түрлі топтарын зерттеудің әркелкі тәсілдерін жасауға мүмкіндік
беруге тиісті. Осы жүйеге сәйкес дерек көздері ең әуелі белгілі бір қоғамдық-
экономикалық формация шеңберіндегі пайда болу белгілеріне қарай, содан соң сыртқы
түрлерін ескере отырып, түрлер бойынша бөлініп келді. О.М.Медушевская осы
көзқарасты басқа да мамандармен бірлесе отырып, теориялық тұрғыдан негіздеді және
дерек көздерін олардың түріне қарай жіктеп бөлудің істі тіпті де оның сыртқы түріне
қарай алып барып соқтырмайтынын ерекше атап көрсетті. «Түрді анықтайтын белгілердің
ортақтығы, сайып келгенде, дерек көздеріне оның атқаратын қызметі мен түріне сай
келетіндей етіп саналы түрде әдейі енгізілген ақпараттардан құралады әрі мұның өзі
белгілі бір кезеңде сол атқаратын қызметіне неғұрлым сәйкес келетіндігі анық
мойындалатындай болуы тиіс» (О.М.Медушевская. «Советские архивы» журналы. 1968.
№4. 120-бет).
Дерек көздерін олардың түрлеріне қарап жіктеп бөлу соңғы кезде неғұрлым ірі топтарға
— олардың тұрпатына қарай жіктеп болумен толыға түсті. Бұл ретте бастама көтергендер
әуелі С.О.Шмидт (С.О.Шмидт. «Дерек көздерін олардың тұрпатына қарай жіктеп болу» —
«Археологический ежегодник за 1966 год». Мәскеу. 1968. 438-бет), одан соң
Л.Н.Пушкарев болды. Тарихи зерттеу әдістемесі жөніндегі соңғы әрі жинақтаушы
жұмыстардың авторы А.П.Пронштейн «дерек көздерін олардың тұрпаттары мен түрлері
бойынша жіктеп болу принципін» басшылыққа ала отырып, оларды мына төмендегідей
жеті негізгі топқа бөлді: жазбаша дерек көздері, заттық дерек көздері, этнографиялық
дерек көздері, ауызша немесе фольклорлық дерек көздері, лингвистикалық дерек көздері,
фотокино құжаттары дерек көздері, дыбыстық құжаттар дерек көздері (А.П.Пронштейн.
Осының алдында атап көрсетілген шығармасы. 32-бет).
Тарихшының зерттеу жұмыстары әдетте қажетті дерек көздерін анықтап алудан
басталады. Дерек көздерін танудың эвристика деген атауға ие болған бұл тарауына кей -
кейде теориялық, бірақ көбінесе нақты қолданбалы сипат алған көптеген арнаулы
жұмыстар жазылды. Жоғарыда атап көрсетілген көптүрліліктің біріншісінің мысалы
ретінде Л .Е.Шепелевтің мұрағат эвристикасының теориялық мәселелері туралы
мақаласын (Л.Е.Шепелев. «Мұрағат эвристикасының проблемалары» — «XIX ғасыр мен
XX ғасырдың бас кезіндегі тарихи құжаттарды зерттеудің кейбір мәселелері». Ленинград.
1967. 5-25-беттер), ал сол көптүрліліктің екіншісінің мысалы ретінде Н.Н.Улащиктің
Белоруссия тарихы бойынша дерек көздері туралы монографиясын (Н.Н.Улащик.
«Феодалдық кезеңдегі Белоруссия тарихының археологиясы мен дерек көздерін тану
жөніндегі очерктер». Мәскеу. 1973) алуға болады.
Тарихшы өзі танысу үшін іріктеп алған дерек көздерін зерттеу жұмыстарына кірісер
кезінде оның ең алдымен атқарар міндеті мәтіннің құпия жазуын түсінікті жай жазуға