Page 164 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
164
Дерек көздерін жіктеп болу жөніндегі мәселені тарих әдістемесі туралы монографиясында
Е.Топольский өте-мөте егжей-тегжейлі терең талдап берді (J.Topolski. Бұл да сонда. 267-
271-беттер). Қазіргі бар жіктеп бөлулердің негізге алынған принциптерінің логика мен
семантика тұрғысынан алып қарағанда елеулі қателіктері бар деп санаған ол өзі жасаған
жүйені ұсынды. Бұл жаңа жүйе екі дихотомиялық (яғни екі мүшелік) жіктеп бөлуді бір-
бірімен ұштастыру арқылы құрылған. Оның біріншісі — дерек көздерінің тікелей және
жанама танымы («қалдықтар» және «аңыз әңгімелер»), ал екіншісі — жазбаша және
заттай (жазбаша емес) танымы болып саналады. Осы дихтомияның біріншісінің құрамдас
бөліктері, Топольскийдің пікірі бойынша, гносеологиялық немесе әдістемелік сипатқа ие.
Олар мынадай белгілері бойынша анықталады. «Қалдықтар» тікелей танылады, өйткені
олар өмір шындығының элементтері болып табылады, тарихшыға аралық буындар
арқылы эсер етпейді, деректердің растығына дәлелдер келтіруді талап етпейді. Ал «аңыз-
әңгімелер» үшін жанама таным тән болып келеді, оның үстіне, орын алған оқиғаны өмір
шындығы мен тарихшының арасында өз көзқарасы тұрғысынан бейнелейтін және өз
«белгілерінің жүйесімен» көрсететін үшінші тұлға пайда болады; осыдан барып «құпия
шифрді жай жазуға айналдыру» қажет болады, ақпараттың қаншалықты дәрежеде дұрыс
екенін тексерудің ерекше маңыздылығы туындайды. Екінші дихтомияны Топольский
дерек көздерін тану деп атайды; оның құрамдас бөліктерінің біріншісі қолда бар жазбаша
дерек көздерінің басым көпшілігін, ал екіншісі — заттық ескерткіштерді және ақпаратты
жазу арқылы емес, басқаша жолдармен жеткізетін нәрселердің барлығын да қамтиды.
Кеңестік дерек көздерін тану пәні өз кезегінде теориялық және практикалық құндылығы
бар бірқатар жіктеп бөлу жүйесін ұсынды.
«КСРО тарихының дерек көздерін тану» оқулығының (1940) алғашқы басылымында дерек
көздерін «қалдықтар» және «аңыз-әңгімелер» түріндегі дәстүрлі жіктеп болу орын алды.
Осы мәтіннің тиісті бөлігінің авторы М.Н.Тихомиров өзінің алғашқы көзқарасынан 1958
жылы бас тартты. Алайда ол көзқарасты жақтаушылардың біразы (атап айтқанды,
С.И.Якубовская) оны осы күнге дейін табандылықпен қорғап келеді. Дегенмен бұл екі
арада сонау 30-шыжылдардың өзінде-ақ С.Н.Быковский барлық дерек көздерін, соның
ішінде «қалдықтарды» да, ішкі сынға алмай тұрып қабылдай беруге болмайды деп көз
жеткізе көрсетіп берген болатын. Өйткені олардың өткен заманды «дәуірдің, таптың және
басқа да жағдайлардың дүниеге көзқарасы қандай екендігіне байланысты» азды-көпті
болса да бұрмалап көрсетеді» деп білді (С.Н.Быковский. «Тарихи зерттеудің әдістемесі».
Ленинград. 1931. 31-бет). Осыны ескере отырып, Мәскеу мемлекеттік тарих-мұрағат
институтының бір топ оқытушысы 50-ші жылдардың бас кезінде А.А.Зиминнің бастама
көтеруімен дерек көздерін жіктеп бөлудің олардың қалай пайда болғанына қарай емес,
нақты мазмұнына негізделген нұсқасын ұсынды. Олардың пайымдауынша, барлық дерек
көздері атаулыны: а) әлеуметтік-экономикалық тарихты; ә) ішкі және сыртқы саясат
тарихын; б) қоғамдық-саяси ақыл-ой мен мәдениет тарихын сипаттайтын материалдарға
қарай үш топқа бөлу керек болатын...
Бұл проблеманы одан әрі зерттеген С.М.Каштанов пен А.А.Курносов дерек көздерін
олардың шығу тегіне қарай жіктеп бөлу принципіне қайта оралуды қолдады. Сөйтіп, 1962
жылы олар дерек көздерін мынадай үш топқа бөлуді ұсынды: а) әлеуметтік-экономикалық
қатынастар саласында пайда болған дерек көздері; ә) әлеуметтік-саяси күрес, қоғамдық
ақыл-ой мен мәдениет саласында қалыптасқан дерек көздері; б) отбасылық-жеке адамдар
арасындағы қатынастар саласында пайда болған дерек көздері (С.М.Каштанов,
А.А.Курносов. «Исторический архив» журналы. 1962. №4. 179-бет). Олармен бір мезгілде
дерек көздерін ішінара жіктеп бөлу жүйесін В.И.Стрельский де ұсынды. Ол империализм
дәуіріндегі Ресей тарихына қатысы бар дерек көздерін олардың пайда болған түріне қарай
негізгі екі топқа болу керек деген пікір айтты (В.И.Стрельский. «КСРО тарихының дерек