Page 163 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
163
көруге бейім тұрады. Алайда соңғы кезде мұндай жағдай әлдебір ерекше нәрсе болып
табылмайды деген дауыстар жиі естіліп жүр. Өйткені «жеке адамның бір өзінің ғана емес,
сонымен қатар басқалардың да бақылаулары пайдаланылатын жағдай, шамасы, кез келген
ғылыми танымға тән шарт болып табылатын сияқты» (J.Topolski. Бұл да сонда. 220-бет).
Бұл тәрізді пайымдаулардың барлық ғылымға болмаса да, өте көп ғылым түрлеріне
қатысты негізі бар деп ойлауға тура келеді.
Тарихи дерек көздерінің табиғатын анықтау мен тарихи дерек көздерін теориялық
тұрғыдан тануда көрнекті орын алатын жіктеп бөлу проблемасы бір-бірімен өте тығыз
байланысты. Бұл проблемаға көптеген арнаулы жұмыстар арналды. Оның үстіне,
проблеманың тарих ғылымына қатысты қолданбалы жағы ғана емес, сонымен қатар
жалпы теориялық жағы да зерттеліп, қарастырылуда (Л.Н.Пушкарев. «История СССР»
журналы. 1963. №5; тағы да сол автор, «Вопросы архиоведения», 1965, №1;
К.И.Рудельсон. «Осы заманғы құжаттық жіктеп бөлу». Мәскеу. 1973). Солай бола тұрса да
күні бүгінге дейін тарихи дерек көздерінің сан алуан барлық түрлері үшін ортақ жалпы
қабылданған жіктеп бөлу жүйесі де, ондай жүйені жасау үшін негізге алынатын принципті
қағидалар да пайда болған жоқ (М.К.Макаров. «Жазбаша дерек көздерін жіктеп бөлудің
принциптері туралы». «Труды МГИАИ». 16-том, 23-24-беттер).
XX ғасырдың бас кезінде жіктеп бөлудің қарапайым да салыстырмалы түрдегі айқын
жүйесі қалыптасты. Оны кейбір ұсақ-түйек егжей-тегжейлі дәлме-дәл анықтаулар енгізу
арқылы Э.Бернгейм, А.С.Лаппо-Данилевский және басқа да шетелдік және отандық орыс
тарихшылары пайдаланды. Ол жүйе өткен заманның деректері материалдандырылған
мәдениет қалдықтарын сол деректер бейнелейтін тарихи аңыз-әңгімелерден бөліп қарауға
негізделген. Осындай бағыт-бағдарды Ш.Сеньобос та ұстанды. Ол кейбір дерек
көздерінен өткен заманның тікелей іздерін көріп, оларға толық сеніммен қарауға болады
деп білсе, ал кейбір дерек көздерінен әлдебір жанама түрдегі байланысты көріп, оған
оншалықты сенім ұялата қоймайтын «сыртқы деректерге қол жеткізудің қосымша
құралы» ретінде қарады (Ш.Сеньюбос. «Әлеуметтік ғалымдарға қолданыстағы тарихи
материализм». Мәскеу. 1902. 16-бет). Осы бір екі мүшелі жүйеге қазіргі батыс
тарихшыларының көзқарастары да едәуір жақын келеді. Олар дерек көздерін «алдын ала
ойластырылған», оны жасаушылардың ұстанған бағыты әдейі бейнеленген және «алдын
ала ойластырылмаған», ешкімнің ұстанған ешқандай бағыт-бағдары бейнеленбеген,
сондықтан да неғұрлым бағалы екі топқа бөледі. Тап осындай жүйені, атап айтқанда,
бельгиялық тарихшы әрі философ Пьер Сальмон да ұсынады. Дерек көздерін тарихи
«құжаттар» деп атай келе, оларды қалай пайда болуы тұрғысынан қарағанда, «алдын ала
ойластырылған», яғни қазіргі замандастарға немесе болашақ ұрпақтарға саналы түрде
әдейі ақпарат «жолдаушылардың түзетулері» енгізілген және адамзаттың күнделікті
қызметінің қарапайым «іздері» болып табылатын «алдын ала ойластырылмаған» деп екіге
бөледі (Г.М.Иванов. «Вопросы истории» журналы. 1971. №10. 190-191-беттер).
Дерек көздерін жіктеп бөлудің қызық материалын қазіргі Польша әдебиетінен де
кездестіруге болады. Өзінің жіктеп болу жүйесін жасаған Лябуда дерек кездерін оларда
физикалық элементтердің қаншалықты басым екендігіне қарай эрготехникалық дерек
көздері, психологиялық және әлеуметтік элементтеріне қарай, тиісінше, психотехникалық
және әлеуметтік-техникалық дерек көздері деп үш топқа бөлді; төртінші топқа ол өзінің
бойында жоғарыда атап өтілген үш топтың салаларын түгел қамти отырып, тікелей
бейнелейтін дерек көздерін жатқызды және оларды дәстүрлі дерек көздері деп атады
(G.Labuda. «РгоЬа nowej systematyri I nowej interpretacjl zrodel historycznych». — «Studia
zrodloznawcze». 1957. 1-том, З-52-беттер).