Page 162 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
162
тәуелсіз қызмет түрін атқара алмайды (Г.М.Иванов. «Философские науки» журналы. 1973.
№3. 32-33-беттер).
Осы заманғы буржуазиялық ғалымдардың басым көпшілігі мүлде басқаша көзқарастарын
білдіреді. Мысалы, француз тарихшысы А.Марру былай деп мәлімдейді: дерек көзінің
маңызды болуы оның мазмұнының қандай екендігінен гөрі «тарихшының өзіне, оның
қандай бастама көтеруіне, жұмыс құралдарын қалай пайдалана білу шеберлігіне, оның
білім деңгейіне, ең алдымен оның өзінің қандай адам екеніне, оның зиялылығының,
қабылдау қабілеті мен мәдениетінің қандай екеніне байланысты». Сөйте тұра, ол дерек
көзін терең танып, толық түсіну үшін зерттеушінің жоғары дәрежедегі біліктілігі қажет
екендігін өте дұрыс атап көрсетеді. Бірақ, сонымен қатар дерек көзіндегі ақпараттың
қаншалықты объективті сипаты болатынына күмән келтіреді. Американдық ғалым Е.Тепп
бұдан да асып түседі және бұл мәселеде субъективті идеализмнің ұстанған бағыт-
бағдарына толық көшеді. Өйткені ол тарихи дерек көзін адамдардың ойша елестетуінде,
олардың ойлау қабілетінде ғана өмір сүре алатын категориялар қатарына қосады»
(А.П.Пронштейн. Бұл да сонда. 19-бет).
Тарихи дерек көздерін зерттейтін ғылыми пәнге келетін болсақ, онда оған таяуда ғана
жарысқа шыққан оқу құралында мынадай анықтама берілген: «Дерек көздерін тану
ғылымы дерек көздерін іздеп табу, жіктеп бөлу, дерек көздерінің пайда болған орнын
және уақытын белгілеу, олардың авторларының кім екенін анықтау, ол деректердің
қаншалықты дұрыс және толық екендігін жете зерттеу, сондай-ақ талдау әдістерін жасау
сияқты жұмыстармен айналысады («КСРО тарихының дерек көздерін тану».
И.Б.Ковальченконың редакциясымен. Мәскеу. 1973-бет. 3-бет). Кеңес тарихшылары осы
анықтаманы мән-мағынасын неғұрлым кеңінен ашу және нақтылай түсу арқылы соңғы
кезде мынадай кәміл сенімге келді: біріншіден, дерек көздерін көмекші тарих пәндерінің
арасындағы ең басты пән ретінде қарастыру керек, екіншіден, оның проблематикасын
жалпы, немесе теориялық дерек көздерін тану пәні және дерек көздерін тану практикасы,
немесе нақты (жеке) дерек көздерін тану деп екіге болу қажет. Дерек көздерін теориялық
тұрғыдан тану туралы С.О. Шмидт былай деп жазды: «Дерек көздерін теориялық
тұрғыдан танудың аса маңызды міндеттері дерек көздері ақпаратының құрылымы мен
қасиеттерін, сол ақпараттың теориясын, әдістемесін, тарихы мен ұйымдастырылуын сол
ақпараттың сақталуының және сол проблематиканы талдап білудің тәсілдерін зерттеу
болып табылады» (С.О.Шмидт. «Дерек көздерін танудың казіргі проблемалары» жинағы.
«Дерек көздерін тану. Теориялық және әдістемелік проблемалар». 18-бет). Нақты дерек
көздерін тану мәселесіне көше келе, С.О.Шмидт оның алуан түрлі кесінді қиықтары мен
деңгейлеріне егжей-тегжейлі сипаттама бере тұрса да, бұл ұғымның қысқаша түсіндірмесі
қандай екенін айтпайды. Тарих пен тарихи дерек көздерін танудың өзара әдістемелік
тұрғыдан алғандағы тығыз байланыстарын және басқа да жағдайларын С.М.Каштанов пен
АЛ.Курносов та атап көрсетеді. Бұлардың пікіріне қарағанда, «тарихи дерек көздерін тану
тарихи деректерді іздеп табудың теориясы мен әдістемесі ретінде, ал тарих — тарихи
деректерді ой елегінен өткізудің теориясы мен әдістемесі ретінде қарастырыла алады».
Бұл ретте «тарихи дерек көздерін тану міндеттерін тарихи талдау мен жинақтап топтау
міндеттерін бір мезгілде қатар орындамай тұрып жүзеге асыру мүмкін емес»
(С.М.Каштанов, А.А.Курносов. «Исторический архив» журналы. 1962. №4. 176-бет).
Тарихи дерек көздерін теориялық тұрғыдан танудың манызды пікірсайыстық торабын
тарихи дерек көздерінің табиғатының қандай екендігіне қатысты мәселелер құрайды.
Олар тарихи танымның өзіндік ерекшеліктері туралы жоғарыда атап өтілген
пікірталастарымен тығыз байланысты. Мұндай өзіндік ерекшеліктерді көптеген ғалымдар
ең алдымен тарихи танымның жанама түрдегі сипатынан, зерттеуші мен зерттеу пәні
арасындағы тарихи дерек көзі түрінде ұдайы орын алатын аралық буынның болуынан