Page 161 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
161
Л.В.Черепнин де (Л.В.Черепнин. «Дерек көздерін тану. Теориялық және әдістемелік
проблемалар». 196-200-беттер),
A.
П.Пронштейн
де (А.П.Пронштейн. «Тарихи зерттеудің әдістемесі». Дондағы
Ростов. 1971. 7-8-беттер) тағы басқа да кеңес ғалымдары ұстанады. Мұның өзі біз үшін
мейлінше дұрыс және жеткілікті мөлшерде негізделген пайымдау болып табылады.
Осы шеңбердегі мәселелер бойынша Польша тарихшыларының арасында қызу
пікірсайысы болып өтті. Атап айтқанда, 1969 жылы B. Мощенская мен Е.Топольскийдің
әдістемелік монографияларын талқылау кезінде өткен пікірсайысын мысалға келтіруге
болады (W.Moszenska. «Metodologii historii zarys krytyczny». Warszawa. 196- 87 J.Topolski.
Metodologia
historii.
Warszawa.
1968).
Пікірсайыстың
көрсеткеніндей,
оған
қатысушылардың көпшілігі, соның ішінде В.Мощенская да, тарихи материализмді
тарихтың әдістемесінен бөлек, жеке тұрған әлдебір нәрсе деп қарастыруға бейім
екендіктерін танытты. Олардың, әсіресе В.Мощенскаяның, пікірі бойынша, тарихтың
әдістемесіне тарихи зерттеулердің әдісі мен техникасының мәселелері ғана қатысты
болып шығады. Бұл көзқарасқа қарсы Топольский мен басқа да бірқатар ғалымдардың
дәлелдеріне қарағанда, тарихи материализмнің аса маңызды қағидалары тарихтың
әдістемесіне енеді, оларды, әлгі қағидаларды, тарихи зерттеулердің әдісі мен техникасына
байланысты проблемалардан бөліп тастауға тіпті де болмайды. Кеңінен өріс алған
пайдалы болғандығы күмән тудырмаған сол пікірсайысында тараптарының екі жағы да
түпкілікті жеңіске жете алған жоқ. («Вопросы истории» журналы. 1972. №2. 197-199-
беттер).
Тарих ғылымында зерттеуші өткен заманды зерттеу үшін міндетті түрде белгілі бір тарихи
деректерге жүгінеді.
«Дерек көзі» деген ұғым тарихи әдебиетте неғұрлым жиі қолданыла тұрса да, осы
терминнің дәл мағынасын түсінуде күні бүгінге дейін бірізділікке қол жеткен жоқ
(С.О.Шмидт. «Дерек көздерін тану. Теориялық және әдістемелік проблемалар». 27-33-
беттер. М.Н.Терешко. «Проблемы социальных исследований» жинағы. 1-ші шығарылуы.
Томск. 1971. 56-57-беттер). «Дерек көздері» ұғымының бір анықтамасын» Кеңестік тарих
энциклопедиясының тиісті томында Л.Н.Пушкарев берген болатын. Ол былай: тарихи
дерек көздері дегеніміз тарихи дамудың үдерісін бейнелейтін нәрселердің бәрі де болып
табылады және олар адамзат коғамының өткен заманын, яғни адамзат қоғамының бұрын
жасаған нәрселерінің бәрін біздің заманымызға дейін жеткен материалдық мәдениеттің
заттары, жазбаша ескерткіштер, идеологиялар, мінез-құлық, әдет-ғүрып, тіл байлығы
түріндегі біздің деректер арқылы зерттеуге мүмкіндік береді («Кеңестік тарихи
энциклопедия». 6-том. Мәскеу. 1965.591-бет). Енді бір анықтаманы А.П.Пронштейннің
жоғарыда атап көрсеткен кітабынан табамыз: «... тарихи дерек көздері деп адамдардың
қызметімен жасалған, өзінін бойында коғамдық өмірдің шын мәніндегі нақты
құбылыстарын тікелей бейнелейтін деректерді қамтитын және адамзат қоғамының
дамуындағы заңды үдеріс туралы куәлік бере алатын өнім түрлерінің бәрін де санауға
болады» (А.П.Пронштейн. Жоғарыда көрсетілген шығармасы. 18-бет).
Әдістемелік мән-мағынасы жағынан алып қарағанда тарихшы-марксистердің әрбір дерек
көзінен нақты өмір шындығының объективті түрдегі бейнесін көруінің өте-мөте зор
маңызы бар. Мәселенің тап осы жағын Г.М.Иванов айрықша атап көрсетеді. Ол былай деп
жазады: «Тарихи дерек көзі... көнеден қалған ескі жұрнақтардың материалдық түрінен тыс
әлдебір ерекше субстанция немесе оған мүлде тәуелсіз кызмет түрінде өмір сүре алмайды.
Әрбір тарихи дерек көзі субстанциялық түрде көнеден қалған ескі жұрнақ болып
табылады, бірақ кез келген мұндай ескі жұрнақ тарихи дерек көздерінің бәрі бірдей